3 Ғылыми мақалада қолданылған әдіс-тәсілдерді көрсетіңіз.
4 Ғылыми мақаладан күтілетін нәтижелерді анықтаңыз.
5 Ғылыми мақаладағы тірек сөздерді табыңыз. Абстрактінің көлемі
200 сөз,
тірек сездің көлемі
10-15 сөз.
мәтінді баяндауға ықпал ететін маңызды сездер.
і ірсіч ооздер негізінен ақпаратты іздестіруге қызмет етеді.
Тірек сездер жиынтығы аңдатпаға өте жақын. Мысалы, жүк
тасымалын үйымдастыруға арналған мақалада
ауыр жүк тасымалы,
жүк тасымалдау, тасымалдауды ұйымдастыру
сияқты тірек сөздер
пайдаланылса, академиялық оқылым және жазылым мәселелеріне
арналған ғылыми мақалада
академиялық сауаттылық, академиялық
оқылым, академиялық жазылым, академиялық жанрлар, ғылыми мәтін,
ғылыми стиль, ғылыми жоба, дағды, жазбаша қатысым
сияқты тірек
сөздер қолданылады.
Осылайша, тірек сөздер мақаланы сипаттауға мүмкіндік беретін
қосымша техникалық мәліметтерден тұрады екен.
Тірек сөздер қандай мақсаттар үшін қолданылады?
Тірек сөздер мақалаларды жүйелеу үшін қолданылады. Олар мақаланы
тез табуға, үқсас мақалаларды топтастыруға, жіктеуге көмектеседі.
Тірек сөздер мақаламен танысқан кезде уақыт үнемдеуге де мүмкіндік
береді. Олар журналдың белгілі бір айдарында берілген мақаланың
тақырыптық бағытын аша алады. Мысалы,
«¥йым қызметкерлерін
инновациялық басқару»
атты мақалада әртүрлі тірек сөздердің
жиынтығы болуы мүмкін:
қызметкер, қызметкерлердібасқару, еңбекақы
төлеу.
Бұл мақалада қызметкерлерді басқарудың классикалық әдісі
қарастырылатынын түсінеміз.
Осындай тақырыптағы басқа мақалада
қызметкер, қызметкерлерді
басқару, зияткерлік капитал, зияткерлік- креативті ресурстар
сияқты
тірек сөздер болуы мүмкін. Осы мәселелермен айналысушы зерттеуші
үшін автордың қазіргі заманғы зерттеу әдістерін қолданғандығын түсіну
қиындық тудырмайды.
Мақалада тірек сөздердің қолданылуы оқырманға тақырыбы ұқсас
мақалалардың бір-бірінен айырмашылығын түсінуге мүмкіндік береді.
Осылайша, тірексөздер мақаланың маңызды атрибуты болып табылады,
Достарыңызбен бөлісу: