тиіс. Сондай-ақ зерттеу мақсаттары мен міндеттері, ғылыми-зерттеу
жұмыстарын тұтастай орындаудағы олардың орны көрсетілуі қажет.
Диссертацияның
негізгі бөлімінде
орындалған жұмыстың маңызын,
әдістемесі мен негізгі нәтижелерін керсететін мәліметтер көрсетіледі.
Негізгі белім мыналардан тұруы тиіс:
- зерттеу бағытын таңдау және оны негіздеу, міндеттерді шешу және
оларды салыстырмалы бағалау әдістері, жұмысты жүргізудің таңдалған
бағыты бойынша жалпы әдістемелерін сипаттау;
- теориялық зерттеулердің сипаты мен мазмұнын қоса алғанда
теориялық және (немесе) экспериментік, жобалық зерттеулер үдерісі,
зерттеулер
әдістері,
есептеу
әдістері,
эксперименттік,
жобалық
жұмыстар жүргізу қажеттігін негіздеу, әзірленген объектілердің қолданылу
принциптері, олардың сипаттамалары;
- зерттеу нәтижелерін жинақтау мен бағалау және жұмыстың
алдағы бағыттары бойынша ұсыныс, алынған нәтижелердің сенімділігін
бағалау, отандық және шетелдік тәжірибелердің нәтижелерімен оларды
салыстыру;
- әрбір тарау, бөлім бойынша қысқаша қорытындылар.
Қорытынды
мыналардан тұруы тиіс:
диссертациялық
зерттеу
нәтижелері
бойынша
қысқаша
қорытындылар;
- алға қойылған міндеттердің шешілу барысы.
Пайдаланылған әдебиет тізіміне диссертацияда сілтеме жасалған,
сонымен қатар жазу барысында пайдаланылған әдебиеттер кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: