4. Диплом жұмысын қорғау барысында студент мемлекеттік
аттестациялық комиссияның және қатысушылардың алдында кемінде
15 минут
уақыт аралығыңда баяндама жасап қорғайды. Студенттің
қорғайтын жұмысы көрнекі плакаттар немесе слайдтармен интерактивті
режимде болуы керек.
5. Диплом жұмысын (жобаны) талқылауға барлық қатысушы сұрақ
немесе сөз сейлеу түрінде қатысады.
6. Талқылаудан кейін комиссия хатшысы сын пікір және пікірді оқып
таныстырады (ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда өзі сөз
сөйлейді). Сын пікір және/немесе пікірдегі ескертпелердің барлығына
студент дәлелді түсіндірмелер береді.
7. Диплом жұмысын (жобаны) қорғау қорытындысы бойынша
баллдық-рейтингтікәріптікжүйемен баға қойылады. Бағалауда студенттің
теориялық деңгейі, ғылыми және практикалық дайындығы, ғылыми
жетекшінің пікірі және сын пікір берушінің бағасы назарға алынады.
8. Диплом жұмысын (жобаны) қорғаудың қорытындысы әр студент
бойынша мемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысының
хаттамасымен ресімделеді және еткізілу күнінде хабарланады.
Достарыңызбен бөлісу: