жатқандары да бар. Бұл - діни білім негіздері мектеп дең жүйесінде
оқытыла бастауымен байланысты білім беру саласындағы оң езгерістер,
діни басылымдар мен БАҚ санының артуы, жастар саясатын іске
асыру аясында мемлекет пен діннің өзара ықпалдастығының күшеюі,
еліміздің мемлекеттік- конфессиялық қатынастарды құруға қатысты жеке
бастамаларының халықаралық гейге шығуы және т.б.
Мемлекет пен діннің өзара қатынас формаларын іске асыру негізі
зайырлық қағидасын сақтаумен байланысты. Соған орай мемлекеттің
діни ұйымдардың ішкі істеріне араласпауы мен діннің мемлекет қызметіне
араласпауы белгіленген.
Бүгінде әлем бойынша мемлекеттердің басым көпшілігі зайырлы
болып табылады. Соған орай мемлекет пен діни ұйымдардың өзара
қатынас түрлері де көп. Олардың ішінде дінді қоғамдық және мемлекеттік
өмір шеңберінен алыстату да, мемлекетте үстем саналатын бір немесе
екі дінге ресми қолдау көрсету де жиі кездеседі. Қазақстандағы мемлекет
пен діннің ынтымақтастық ету түрлеріне тоқталғанда, діннің елдің жаңару
үдерісіндегі рөлі туралы мәселе туындайды.
Мемлекеттік кезқарас тұрғысынан елдің жаңаруы мен жан-жақты дамуы
жолында алға қарай қадам басуы мемлекет пен діннің өзара әрекеттесуі
нәтижесінде болуы тиіс. Бұл орайда дін езінің ықпалын таныта алады.
Дей тұрғанмен, барлық әлемдік діндердің өз дамуына сенбеушілікпен
қарайтындарын есте ұстауымыз керек. Діннің негізін дәстүр мен догматтар
құрайды. Бұлардың мәні өзгеріссіз болады. Бұл дінді уағыздаушылардың
ниетіне еш тәуелді емес. Діни ақиқат Құдайдың өзі не оның Пайғамбарлары
өсиет еткендіктен, абсолютті және қай уақытта болмасын, өз мәнін
өзгеріссіз сақтап қалады. Сол себепті дін басқа құбылыстар сияқты дами
алмайды. Діннің догмалық сипатының езгеруі діннің қалауынан тәуелсіз,
ал оны езгерту дін тұрғысынан күнә саналады.
Достарыңызбен бөлісу: