Динаева б. Б., Сапина с. М


Эссе жазуға қалай дайындалу керек?



Pdf көрінісі
бет86/119
Дата27.09.2022
өлшемі5,44 Mb.
#40470
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   119
Байланысты:
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

Эссе жазуға қалай дайындалу керек?
Эссе жазуға кіріспес бұрын, ең алдымен, мына сұрақтарға жауап 
беру керек сияқты: «Мен неге және не үшін жазып отырмын?», «Менің 
жұмысымды кім оқиды?», «Мен қандай идеяларды айтқым келеді?», 
«Маңызды ақпаратты мен қай жерден іздеп таба аламын?», «Мен 
оқырмандардан қандай пікірлер мен іс- әрекеттерді күтемін?»
Эссе жазудың нақты мақсаты қандай? Ол:
- белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;
- сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;
- оқырмандарды ақпараттандыру;
- мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;
- өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рақатқа бөлеу;
- көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;
- іс-әрекетке түрткі болу.
Мақсат нәтижеге жету құралдарын анықтайды. Автор нәтиже 
шығатындай жағдайға дейінгі көлемде жазуы тиіс. Адам өзінің алдына 
қойған мақсатын біліп, өзініңжазба еңбектерін осы тұрғыдан қарастырса, 
мәтін түсінікті және айқын болады.
Болашақ оқырмандардан құралған топтардыңжалпы ерекшеліктерін, 
сондай-ақ олардың құндылығы мен эссенің тақырыбына деген өз 
көзқарастарын анықтауға тырысу керек.
Бұл тәсіл оқырмандарға ақпаратты қалай қызықты етіп беруге, оны 
түсінікті, нақты, дәлелді түрде қалай баяндауға және қойылған мақсатқа
136


сәйкес оқырмандарға қалай ықпал жасауға болатынын анықтауға 
көмектеседі.
Қандай ақпаратты хабарлап, қандай идеяны айтқыңыз келетінін 
айқындай отырып, өзіңізге эссе тақырыбының маңыздылығына баса 
назар аударуға көмектесе аласыз.
Сіздің ойларыңыз, сезіміңіз, кезқарасыңыз және үсыныстарыңыз 
аналогия, ассоциация, болжау, пікір, пайымдау, дәлел және т.б. түрінде 
берілуі мүмкін. Кейбір идеялар ерекше дәлелдемелерді қажететпейді, ал 
кейбіреулері дәлелсіз және деректерсіз болады. Сондай-ақ тақырыпты 
зерттеу барысында автор өзінің хабарлауына енгізгісі келетін жаңа 
идеялар мен жаңа ойлар туындауы мүмкін. Эссе мазмұнын құрайтын 
автор ұстанымының негізіне автордың жеке әсері, толғанысы жатуы 
мүмкін бола тұра, эссе авторына (әсіресе, жаңа бастаған) қосымша 
ақпараттар артықтық етпейді.
Эссеніңтақырыбы қажет материалды қайдан іздеуге көмектеседі. Бұл 
кітапхана, интернет ресурстары, сездіктер, анықтамалықтар, қайта оқып 
шығуды қажет ететін бұрын оқылған кітаптар болуы мүмкін. Сондай-ақ 
жаныңдағы адамдардан алынған ақпараттар да қажет.
Келесі кезең - дайындық: ақпараттарды жинақтау, тезистерді 
құрастыру, жұмыстың құрылымын, баяндау тәсілін анықтау.
Ақпараттарды жинақтау көп уақытты алады. Деректерді тексеріп, 
бар материалдарды ретімен қайта саралап, қарап шығу керек. Кейбір 
мәліметтерді алып тастап, басқаларын кеңейтуге тура келеді, қандай 
жағдайда да не жинай алғаныңызды жүйелеп жазу керек.
Тезистержұмыста ұсынылатын ақпараттарды жүйелеуге, идеялардың 
арасындағы сәйкестіктер мен сабақтастықты анықтауға көмектеседі. 
Эссе жазуда кездеген мақсатқа жетуге көмектесетін маңызды ақпараттың 
езін таңцаудан бастаған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет