Динаева б. Б., Сапина с. М


«Академиялық сауаттылықтың теориялықжәне практикалық



Pdf көрінісі
бет118/119
Дата27.09.2022
өлшемі5,44 Mb.
#40470
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119
Байланысты:
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

«Академиялық сауаттылықтың теориялықжәне практикалық 
негіздері» оқу құралы туралы 
ПІКІРЛЕР
Оқу құралы академиялық бағытта ғылыми жұмыс жазуға үйретуде 
білім алушының жүйелі және сыни тұрғыда өз ойын білдіруге ықпалын 
тигізеді. Оқу құралындағы ұсынылған тапсырмалар білім алушылардың 
өз мамандығы бойынша пайымдай білуіне, ғылыми және тәжірибелік 
тапсырмалар бойынша өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын 
қалыптастыруға, өз бетімен ғылыми материалды тереңдей және 
шығармашылық тұрғыдан меңгертуге негізделген.
Оқу құралының мақсаты - айқын. ¥сынылған тапсырмалары білім 
алушылардың сыни ойлау мен талдау жасай білу қабілеттерін дамытуға 
бағытталған. Оқыту процесінде қолдануға ыңғайлы, заман талабына сай 
жазылған, тәжірибелік сынақтан өткен. Жеке сала бойынша жүйелі курс 
жасаудағы іргелі зерттеу болып саналады. Осы ретте республиканың 
көптеген жоғары оқу орындары «Академиялық жазылым» пәнін оқу 
үдерісіне енгізіп жатқандықтан, «Академиялық сауаттылықтың теориялық 
және практикалық негіздері» атты оқу құралының толықтырылған
2-басылымының жарық көргелі жатқаны қатты қуантады.
Гүлмира Камиева 
педагогика гылымының кандидаты
Қазіргі ғылым мен технологияның қарқынды даму заманында тілдің 
коммуникативті қызметініңрөлі кеңейе түсуде. Қазақтілініңқолдану аясын 
кеңейте отырып, қазақтілін ғылым тіліне айналдыру мектеп, орта кәсіптік 
және жоғары оқу орындарынан бастау алу керек, себебі академиялық 
қазақ тілінің іргетасы оқу орындарында қаланады.
Қазақ тілінің академиялық қазақ тіліне ұласуы үшін контент қоры мол 
болуы тиіс. Сол контенттің бірі - оқу құралдары. Академиялық қазақ 
тілі, академиялық жазылым және оқылым пәндерінен түрлі курс, коуч, 
тренинг өткізіп жүрген маман ретінде Б.Б.Динаева, С.М.Сапинаның 
«Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері» 
оқу құралын үнемі пайдалануға кеңес беремін және өзім де қолданамын.
Қазақ тілінің академиялық қазақ тіліне ұласуы үшін контент қоры 
мол болуы тиіс. Сол контенттің бірі - оқу құралдары. Оқу құралында
197


мағлұматтаржүйелі түрде, қолдануға ыңғайлы берілген. Мысалы, зерттеу 
жұмысын ұйымдастыра отырып, ғылыми мәтіндерді талапқа сай жазудың 
жолдары көрсетілген. Заман талабына сай құзыреттерге ие, табысты 
маман болу үшін қажетті мәтін құрастырудың креативті әдістемесімен 
толықтырылған екінші басылымын күтеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет