Динаева б. Б., Сапина с. М


Зерттеудің мақсатын жазу дегеніміз



Pdf көрінісі
бет23/119
Дата27.09.2022
өлшемі5,44 Mb.
#40470
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   119
Байланысты:
Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері

Зерттеудің мақсатын жазу дегеніміз - зерттеу жұмысының 
алғашқы кезеңінде айқындалған зерттеу мәселесін қысқа, нақты, түсінікті
29


сөйлеммен беру деген сез. Бұған үйрету мүмкін емес, бұл қабілет нақты, 
практикалық жұмыс жасау кезінде пайда болады. Пайда болмаса да, 
соған ұмтылу қажет.
Жұмыстың мақсаты айқындалған соң, сол мақсатқа жету жолындағы 
міндеттер көрсетіледі. Мақсат - біреу, ал міндет бірнешеу болады. 
Міндеттер зерттеу мақсатын шығармашылық тұрғыдан нақтылаудан 
туындайды. Мақсатбірнеше міндеттен тұрады, бұл міндеттер, біріншіден, 
жұмыстың негізгі мазмұндық бөліктерін анықтайды, екіншіден, барынша 
нақты және орындалатын сипатта құралады. Міндеттер зерттеу нысанын 
мазмұндықтұрғыда ашуға көмектеседіжәнебасты зерттеу болжамдарына 
апаратын жол болып табылады.
Практикальіқ тапсырма
1) Жоғарыда берілген «Түркістан уәлаяты газетіндегі» 
бағалауыштық лексика» атты мақаланың м ақсат ы  
мен м індет т ерін анықтаңыз.
2) Темендегі мақала тақырыптарының м ақсат ьі мен 
м індет т ерін айқындаңыз.
1. Қазақ әліпбиінің латынға көшуінің басымдықтары мен 
өзектілігі
2. «Жеті жарғы» - қазақ заңдарыныңтүп-негізі
3. ¥лттық ойындардың бала тәрбиесіндегі маңызы
2.4 Зерттеу жұмысының тақырыбын анықтау
Жазбаша жұмыс - студенттің оқу, білім алу әрекетінің 
басты түрлерінің бірі. Оған қоса әрекеттің бұл түрі - сіздің 
болашақ маман ретіндегі кәсіби құзыреттеріңізді құрайтын 
міндетті компонеттердің бірі. Өз бетіңізше жазбаша 
жұмыс (ғылыми мәтін) құрастыру кезінде туындайтын 
қиындықтардың бірі - зерттеу тақырыбы мен оның 
шегін анықтау.
Тақырып таңдауда сіздің тақырыптың ашылу дәрежесі мен мәтін 
мазмұны ерекшеліктерін жазба жұмыстың мақсаты және басты 
мәселесімен қаншалықты байланыстыра алғаныңыз байқалуы тиіс. 
Зерттеу тақырыбын анықтау мен оның шегін айқындау кезінде неліктен 
осы мәселелерге назар аударуыңыз қажет?
Кейбіріңіз мектепте оқып жүрген кезде пәндер бойынша ғылыми 
жобалар орындаған боларсыз. Мектепте ғылыми жұмыс тақырыбын, 
мақсатын, міндеттерін, көлемін, әдетте, мұғалім анықтап береді де, оқушы 
тақырыпты саналы және мақсатты түрде емес, кебінесе, интуитивті
30


тұрғыда жазып шығады. Ал жоғары оқу орнында студенттің ғылыми 
жұмыс тақырыбы мен мақсатын езі таңдауына ерік беріледі. Студент 
жазбаша жұмыстың тақырыбын қалайша нақтылайтынын, мақсатын 
қалай анықтайтынын өзі шешеді. Жазбаша жұмыс тақырыбының шегі 
барынша айқын, өзі неғұрлым нақты болса, ғылыми мәтіннің әсері де, 
нәтижелігі де соғұрлым жақсы болады.
Егер тақырыпты өзіңіз таңдайтын болсаңыз, барынша нақты, зерттеу 
ауқымы тар тақырыпты таңдаңыз немесе берілген тақырып ауқымын 
тарылтып қарауға тырысыңыз. Мысалы, «М.Әуезов шығармаларындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет