«Динамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
1-нұсқа
1. Тұжырымдаманың шын (Ш) немесе жалған (Ж) екенін белгілеңіз.
Қасиеті
|
Белгі
|
1. Үдеумен қозғалып келе жатқан дене - инерциялық санақ жүйесі
|
|
2. Инерциялық санақ жүйесі – салыстырмалы тыныштығын немесе түзусызықты және бірқалыпты қозғалысын сақтайтын жүйе
|
|
[1]
2.Массасы 6 т трамвай 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Тежелгеннен кейін ол 30 секундтан соң тоқтайды. Тежелу күшін табыңдар.
[2]
3.Ағаш үстел бетінде горизонталь бағытта мыстан жасалған дене 10 см
ге созылды. Ағаш пен мыстың арасындағы үйкеліс коэффиценті µ=0.05, мыс серіппенің қатаңдығыk=400 Н/м.
а) Денеге әрекет ететін күштердің бағытын суретте көрсетіңіздер.
[1]
ә) Серіппе 10 см созылған кездегі серпімділік күшін есептеңіз (үйкеліс ескерілмейді)
[2]
б) Үйкеліс күшін есептеңіз.
[2]
в) Денеге әсер ететін ауырлық күшін табыңыз.
[2]
4.Реактивті ұшақтың массасы 20 т, двигателінің тарту күші 60 кН болса, ол екпін алғанда қандай үдеумен қозғалған?
[2]
Барлығы: 12 балл
«Динамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
2-нұсқа
1. Тұжырымдаманың шын (Ш) немесе жалған (Ж) екенін белгілеңіз.
[1]
2. Массасы 3 т машина орнынан қозғалып 20 с ішінде 200 м жол жүрді. Тарту күші неге тең?
[3]
3.Суретте денеге әсер ететін күштер кескінделген.
а) Күштердің бағытына сәйкес олардың түрін анықтаңыз.
Ғ1_________________________________________________________________
Ғ2_________________________________________________________________
Ғ3_________________________________________________________________
Ғ4_________________________________________________________________
[1]
ә) Дене қай бағытта қозғалады?
А) жоғары В) төмен С) оңға D) солға [1]
4. Тығыздығы 900 кг/м3, көлемі 20 см3 болатын мұз кесегі мұз айдынында 10 м/с жылдамдықпен 2 с-та сырғанайды. (υ0=0)
а) мұздың массасын анықтаңыз [2]
ә) қозғалыстағы мұздың үдеуін есептеңіз [2]
б) мұз айдынына түсірілген күшті табыңыз. [2]
Барлығы: 12 балл
Достарыңызбен бөлісу: |