Динамикалық қателік
Динамикалық қателік – бұл өлшеу үдерісінде өзгеретін физикалық шаманы өлшеу кезінде пайда болатын ӨҚ қателігі.
Нысанның статикалық үлгісі туралы (ешқандай негізсіз)жорамал үлкен қателіктерге алып келуі мүмкін. Аспаптың инерциялылығы жылдам өзгеретін кіріс сигналдарында өлшеу нәтижесінің динамикалық қателігін туындатады, ал кейде жай нәтижені анықтау мүмкіндіктеріне алып келеді. Айқын мысал:магнит электрлік амперметр токтың қысқа уақыттық (ұзақтығы, мысалы, 1 с-тан аз) импульсін тіркей алмайды.
1.17-ші суретте магнит электрлік өлшеуіш механизм арқылы жылдам өзгеретін ток өткен кездегі динамикалық қателіктің Лд пайда болуы көрсетілген. 1.17-ші суретте механизм арқылы өтетін токтың өзгеру қисығы i(t) және көрсетулердің өзгеру қисығы a(t) көрсетілген. Аспаптың қозғалмалы бөлігінң механикалық инерциялылығы ток жылдам өзгерген кезде оның реакциясының шарасыз кешігуіне алып келеді. бұдан пайда болатын динамикалық қателік Лд өзгеру жылдамдығы i(t)қаншалықты жоғары болса және қозғалатын бөлігінің массасы қаншалықты үлкен болса, соншалықты үлкен болады.
Өзгеретін зерттелетін сигналдар әр түрлі бастапқы тікелей өлшеулерді жасаудың біруақытта болмауының алдарынан жанама өлшеулер нәтижелерінің айтарлықтай қателіктеріне алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |