Динамикалық қателік



бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі215,13 Kb.
#15454
1   2   3
Субъективті қателік
Өлшеу (есептеу) нәтижелерін бекіту кезінде есептеудің субъективтілігінің көрінуі қалыпты (штаттық, түсіндірілетін, болжамды) және қалыпты емес (болжамсыз) болып бөлінеді. Ұқсас бағыттамалы аспаптармен жұмыс істегенде субъективті қателіктің есептеу қателігі түрінде көрінуі табиғи әрі кәдімгі боады. Есептеу қателігі жалпы жағдайда екі құраушыдан құралады: интерполяция қателіктері және параллакс қателіктері (1.19-шы сурет).

Бірінші құраушы — интерполяция қателігі (1.19. а суретті қараңыз) – шкаладағы екі көрші бөліктердің арасындағы есептеу көрсеткішінің (бағыттамасының) орнын анықтауға, яғни, бөлік бөлімдерінің - aq мәнін бағалауға кез келген талпыныс кезінде шарасыз пайда болады. Оператордың дағдысы жеткілікті болғанда бұл құраушы бір бөліктің q салмағының ± (0,2...0,1) мәніне ие болуы мүмкін. Цифрлық аспаптарда табиғаты бойынша ұқсас құраушыда – кванттау қателігі бар, бірақ ол онда субъективті емес.



Параллакс қателігі бағыттаманың орнын анықтау сәтінде шкалаға перпендикуляр қараған кезде пайда болады (1.19, б сурет). Аспап шкаласы мен бағыттама L арасындағы қашықтық қаншалықты үлкен болса, параллакстың мүмкін болатын қателігі ±Д соншалықты үлкен болады. Бұл құраушы мұқият жасалған экспериментте де бір бөліктің q салмағының ± (0,2...0,1) мәніне келтірілуі мүмкін. Салыстырмалы дәл бағыттамалы аспаптардың құрылмасында (дәлдік класы 0,5 және одан жоғары) параллакс қателігін жою үшін шкаланың жазықтығына айна бекітеді. Осындай айналы шкала шкалаға қатаң перпендикуляр қарауды қамтамасыз еуге мүмкіндік береді. Бұл ретте есептеуді бағыттама өзінің айнадағы бейнесін жабатындай етіп жүргізу керек (1.20-шы сурет).

1.20, а және б суреттерде айнадан бақылаушыға бағыттаманың бейнесі көрінетін жағдай көрсетілген.


1.19 сурет. интерполяция (а) және параллакс (б) қателіктері


1.20 сурет. Параллакс қателігін жою: а және б — бақылаушы басының дұрыс орналаспауы; в — дұрыс орналасуы
Жарық

1.21 Оптикалық есептеу.


Бұл есептеу кезінде бақылаушының басының дұрыс орналаспағанын көрсетеді. 1.20. в суретте көрсетілген жағдай бақылаушы басының дұрыс орналасқанын көрсетеді (айнадағы бағыттаманың бейнесі бағыттаманың өзімен жабылған.

Параллакс қателігін түбегейлі жоюға мүмкіндік беретін басқа шешім бағыттама орнына оптикалық есептеу құрылғысын қолдану болып табылады, онда өлшенетін шама мәні өзгергенде шкаладағы жарық дағының орны өзгереді (1.21-ші сурет).



Бұл ретте қашықтық= 0 (дақ шкаланың үстінде болады) болғандықтан есептеу нәтижесі бақылаушының аспапқа қатысты орналасуына тәуелді болмайды және сондықтан, параллакс қателіктеріне ие болмайды. Цифрлық аспаптарда есептеу қателіктері мүлдем жоқ.

Субъективтіге алдын ала болжанбайтын оператордың біліктілігінің төмен болуынан және/немесе оның нашар көңіл-күйінің салдарынан болған өрескел қателіктерден (жаңсақтықтардан) болған қателіктер жатады. Осындай субъективті қателіктің мысалы көп диапазонда аспаптармен жұмыс істегенде – сонымен қатар – сызықты емес шкалалары бар аспаптармен жұмыс істеу кезіндегі есептеудегі және/немесе нәтижені жазудағы қате бола алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет