02
03
Кіріспе
04
Динамикалық сипаттамалары
08
L–Finesse дизайн философиясы
10
Интерьер әсемдігі
13
Озық технологиялар
15
Жетілдірілген V6 қозғалтқышы
18
F SPORT
21
Озық технологиялар
22
Инновациялық қауіпсіздік жүйелері
24
Lexus сапасы
27
Технология және техникалық сипаттамалары
29
LEXUS IS
LEXUS IS
МаЗМҰны
04
05
«Жаңа IS ҚҰРаСТыРу КЕЗІнДЕ ИнЖЕнЕРЛЕР КОМанДаСының
аЛДынДа КЕРЕМЕТ баСҚаРуҒа ИЕ ПРЕМИуМ КЛаСТы
ДИнаМИКаЛыҚ СЕДан ҚҰРаСТыРуҒа ЖІТІ МӘн бЕРу
ТаПСыРМаСы ТҰРДы»
Юничи Фуруяма, Lexus IS бас инженері
ҒаЖаЙыПТың
ЖаРаТыЛуы
Сыртынан қарасаңыз – өзіне тән жарық диодты фаралар, мықты дизайн және
Lexus автокөліктердің ерекше сипаты болып үлгерген радиатор торының
трапеция тәрізді экспрессивтік стилистикасы көрінеді.
Ішкі көрінісі – жүргізушіге бағытталған озық мультимедия жүйелері және
жүргізушіге жолда көмектесу жүйелерімен жабдықталған спорттық үлгідегі
салон.
Қозғалыс кезінде – V6 бензин қозғалтқышты (IS 250), сонымен қатар, F SPORT
жинақтамысында қол жетімді тамаша теңдестірілген седан. басқаруды
барынша дәл баптау және жүрістің максималды рақатын сезіну үшін Lexus
мамандары бұл артқы жетекті седанды жарыс алаңдарында сынауға және
оны толық жетілдіруге аса назар аударды.
LEXUS IS
КІРІСПЕ
06
07
ӨЗІнДІК ЕРЕКШЕЛІК
Жаңа IS 250 ЖЕТІЛДІРІЛГЕн V6 ҚОЗҒаЛТҚыШыМЕн,
ЖӘнЕ IS 250 F SPORT нҰСҚаСы.
Жаңа IS 250 түпкілікті негізде жетілдірілген V6 бензин қозғалтқышына ие
болды, сонымен қатар, жүріс кезінде сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес әсер
беретін F SPORT динамикалық нұсқасында ұсынылады. IS рулінде мұндай
айрықшалық руль астында орналасқан берілісті ауыстыру қосқышының
көмегімен де, желдету жүйесіндегі инновациялық электростатикалық сенсор
реттеуіштерінде де немесе атақты LFA суперкарынан қабылдап алынған
F SPORT жинақтамасындағы керемет құралдар панелінен де сезіледі.
LEXUS IS
КІРІСПЕ
08
09
аСҚан
ДӘЛДІК
LEXUS СаЙ ТӘн ЖҮРІС бІРҚаЛыПТыЛыҒы
МЕн ЖаЙЛыЛыҚ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІнІң МІнСІЗ
баСҚаРыЛуын СЕЗІнІңІЗ.
LEXUS IS
ДИнаМИКаЛыҚ СИПаТТаМаЛаРы
Жаңа IS әрбір бөлшекті отыруы жетілдіруге талпынысты елестетеді:
жүргізушінің жан-жақты ойластырылған орынға отыруы (20 мм-ге төмен) және
руль дөңгелегінің көлбеу бұрышының өзгеруінің (3°) арқасында автокөлікті
жүргізу одан әрі еліктіре түседі. басқару дәлдігі панельдерді жабыстыру және
лазерлік дәнекерлеу озық технологияларының көмегімен құрастырылған
шанақтың бұрынғыдан да қаттылығының арқасында жоғарылады. Жаңа
көп рычагты артқы аспа жүріс дөңгелектерінің жолмен барынша тиімді
жанасуын қамтамасыз етеді және басқаруды арттырады. бұған инновациялық
аэродинамиканы қоссаңыз, Сізге тек өзіндік ерекше қолдауды қамтамасыз
ететін көлік ғана емес, сонымен қатар, айдауға тамаша жайлы және ыңғайлы
седан ұсынылады.
10
11
КЕРЕМЕТ
ДИЗаЙн
ӘСЕРЛІ ТРаПЕЦИЯ ТӘРІЗДІ РаДИаТОР ТОРыМЕн
ЖабДыҚТаЛҒан Жаңа IS ЖаңаРТыЛҒан L-FINESSE
ДИЗаЙн КОнЦЕПЦИЯСына СӘЙКЕС ҚҰРаСТыРыЛҒан
.
Жаңа IS көз тартарлық. бұл керемет седан бейнесінің негізгі элементі –
өзге Lexus модельдерінде бұрындары ұсынылып үлгерген әсерлі трапеция
тәрізді радиатор торы. Жарық диодты фаралар мен L–тәрізді күндізгі жүру
шамдары жігерлі бейнесін толықтыра түседі. автокөліктің бүйір жағынан
қарағандағы берік бейнесі төмен орналасқан капоттан, «асылып тұрған»
жақтау сызығынан және седанға әсемдік беретін, оның кең салонын
пішімдейтін купе стиліндегі созыңқы шатырдан көрініс табады. бірыңғай
түзу шатыр жапсарлары және радиатор торының жабылмалы «жалюзилері»
іспетті бөлшектердің арқасында IS 250 моделіндегі ауыз толтырып айтуға
келетін аэродинамикалық сипаттамаларға қол жеткізу мүмкін болды, ал
артқы шамдардындағы және шанақтың алдыңғы тіреуіштеріндегі элементтер
орнықтылықты арттырып, желден келетін шуды төмендетеді.
LEXUS IS
L-FINESSE ДИЗаЙн ФИЛОСОФИЯСы
12
13
наҒыЗ LEXUS
аТаҚТы TAHARA ЗауыТынДа МІнСІЗ ДӘЛДІКПЕн
ҚҰРаСТыРыЛҒан Жаңа IS баРЛыҒына СаЛыСТыРуҒа
КЕЛМЕЙТІн ЖаЙЛыЛыҚТы ҚаМТаМаСыЗ ЕТЕДІ.
Салтанатты былғары орындықтарға жайғасыңыз да, Lexus салонының
орталық консоліндегі табиғи ағаштан жасалған ендірмелер мен
ортаңғы консольде орналасқан керемет аналогты сағатының іспетті
тартымды бөлшектеріне қарап ерекше әсерге бөленіңіз. автокөлік
LS флагмандық седанындай Tahara заутындағы тап сол өндірістік
желіде құрастырылады, бұл ретте, ІS барлық өндіріс циклі Такуми
мамандарының бақылауында болады. автокөліктің дөңгелек базасы
70 мм артты., бұл артқы жолаушылардың аяқтарын қоюға қажетті бос
кеңістікті айтарлықтай арттыруға, сонымен қатар, жүріс байсалдылығын
жоғарылатуға мүмкіндік берді. артқы орындықты 60:40 қатынасында
жинастыруға болады, бұл ірі көлемдегі жүкті тасу кезінде өте ыңғайлы.
LEXUS IS
ИнТЕРЬЕР ӘСЕМДІГІ
14
15
LEXUS IS
ОЗыҚ ТЕХнОЛОГИЯЛаР
ИнТЕЛЛЕКТуаЛДыҚ
ЖҮЙЕЛЕР
СМаРТФОнДы ҚОСуҒа аРнаЛҒан
СыМСыЗ ИнТЕРФЕЙС ЖӘнЕ
ЖҮРГІЗуШІГЕ КӨМЕК КӨРСЕТу МаҚСаТынДаҒы ОЗыҚ
ЖҮЙЕЛЕР.
Интерактивті мультимедиялық жүйенің көмегімен Сіз телефон қоңырауларын
жүргізуге және 6 динамиктен тұратын аудиожүйенің дауысымен рақаттану
мүмкіндігіне ие боласыз. Сонымен қатар, Сіз жай ғана қолымен өткізгенде
инновациялық электростатикалық басқару органдарымен жабдықталған
климат жүйесінің жұмыс режимін баптай аласыз.
18
19
IS 250
V6 бЕнЗИн ҚОЗҒаЛТҚыШының ТОЛыҚ ЖЕТІЛДІРІЛГЕн
ҚуаТын, РуЛЬ аСТынДаҒы ауыСТыРыП-ҚОСҚыШТан
ЖӘнЕ ҚОЛМЕн ауыСТыРыП-ҚОСу РЕЖИМІнЕн
ТҰРаТын аЛТы СаТыЛы аВТОМаТТы бЕРІЛІС
ҚОРабының МыҚТыЛыҒын СЕЗІнІңІЗ.
Жаңа IS 250 седаны қуаты 208 а.қ. (DIN бойынша) болатын 2,5 литрлік V6
бензин қозғалтқышымен жабдықталған. Жеңіл және қуатты болып келетін
бұл күш агрегаты айрықша теңдестірілгендігімен және сенімділігімен
ерекшеленеді, ал екі еселенген шығару жүйесі керемет дыбысталуды
қамтамасыз етеді. басқару ырғақтылығы жоғары және басқаруға оңай IS
250 максималды 225 км/сағ.лезде жетеді. Қос озық технологиялы – D–4
отынды тікелей шашырату жүйесі және Dual VVT–i газды тарату фазаларын
реттеу жүйесі – айналу сәтін, тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді, сонымен
қатар, барлық айналу диапазонындағы жоғары қуатты қамтамасыз етеді
LEXUS IS
ЖЕТІЛДІРІЛГЕн V6 ҚОЗҒаЛТҚыШы
20
21
20
21
СЕРПІнДІ
ЖауаП
IS F SPORT ЖИнаҚТаМаСы LEXUS LFA СуПЕРКаРын
ЖЕТІЛДІРуМЕн аЙнаЛыСҚан МаМанДаР
КОМанДаСының КҮШІМЕн ҚҰРаСТыРыЛыП
ШыҒаРыЛДы.
Ұршық пішініндегі радиатор торының ұялары, 18 дюймді F SPORT дизайнды
құймалы дискілер және тұманға қарсы жарық диодты фаралар – автокөліктің
серпінді-агрессивті стилін ашатын жаңа
IS жинақтамасының айрықша элементтері болып табылады. Интерьер LFA
моделі стиліндегі керемет құрал панелімен, F SPORT жинақтамасы үшін
арнайы жасалған қою қызыл түсті болып келетін жаңа былғары дизайнімен
ерекшеленеді. алюминиймен қапталған басқыштар және автокөлік
баспалдақтары, F SPORT логотипі бар руль дөңгелегі және декоративті
ендірмелер автокөлікті бұрынғыдан да көз тартарлық етеді. Руль басқару
және IS F SPORT аспасы өте жоғары қайтару күшіне негізделген, бұл
басқаруды арттырып, жүргізу кезіндегі рахатты жаңа деңгейге көтереді.
LEXUS IS
F SPORT
22
23
МІнСІЗ
ҮЙЛЕСІМ
LFA СуПЕРКаРы СТИЛІнДЕГІ баСҚаРу ПанЕЛІ;
DRIVE MODE SELECT ҚОЗҒаЛыС РЕЖИМІн ТаңДау
СЕЛЕКТОРы.
Жаңа IS 250 F SPORT жинақтамасы LFA стилінде құрастырылған динамикалық
графикадан тұратын құралдар панелімен қамтылған. Мұнда бастапқыда
V10 қозғалтқышты Lexus суперкарының айналымдар санының лезде ар-
туын кескіндеу үшін құрастырылған сандық технология пайдаланылады.
автокөлікті қосу кезінде сәлемдесу экраны пайда болады, бұдан кейін
құралдар құрамасы таңдап алынған жүргізу режиміне сәйкес күйге енеді.
Орталық тоннельде ыңғайлы орналасқан Drive Mode Select селекторының
көмегімен Сізге максималды үнемді жүргізу үшін ECO режимін немесе
жоғары динамикалық көрсеткіштер үшін SPORT режимін таңдауға болады.
LEXUS IS
ОЗыҚ ТЕХнОЛОГИЯЛаР
24
25
Ең ЖЕТІЛГЕн ҚауІПСІЗДІК
ТЕХнОЛОГИЯЛаРы
СЕГІЗ ҚауІПСІЗДІК ЖаСТыҒы ЖОЛауШыЛаРДы СОҚТыҒыСуЛаР
КЕЗІнДЕ ҚОРҒаЙДы, аЛ КаПОТТың ИннОВаЦИЯЛыҚ
ҚҰРаСТыРыЛыМы ЖаЯу ЖҮРГІнШІЛЕРДІң ЖаРаҚаТТаРын
ТӨМЕнДЕТуГЕ МҮМКІнДІК бЕРЕДІ.
Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін біз жаңа IS автөлік қозғалысының
ықпалдастық басқару жүйесінің (VDIM) соңғы нұсқасымен, сонымен
қатар, желдетілетін дискілерден тұратын мықты тежегіш механизмдерімен
жабдықтадық. Дегенмен де, соқтығысу жағдайында Сізді құрастырылымы
беріктігі жоғары болатты кеңінен қолдану арқылы дайындалатын өте мықты
салон қаңқасы қорғайды. Қосымша қолдауды омыртқа жотасының ауыр
жарақаттарынан қорғау жүйесімен (WIL) жабдықталған алдыңғы орындықтар,
сонымен қатар, сегіз қауіпсіздік жастығы қамтамасыз етеді. Мұнымен қоса,
алдыңғы бампердегі датчиктердің жаяу жүргіншімен соқтығысуын анықтаған
жағдайда, капот соққы қуатын жұту арқылы дереу көтеріледі.
LEXUS IS
ИннОВаЦИЯЛыҚ ҚауІПСІЗДІК ЖҮЙЕЛЕРІ
26
27
ТаКуМИ – ЖОҒаРҒы
ШЕбЕРЛІК
ДЕңГЕЙІ
IS МОДЕЛЬДЕРІнІң ШыҒаРыЛыМы ӘРбІР IS СЕДанын СОңҒы 30
КИЛОМЕТРЛІК СынаҚТан бҰРын ТҮПКІЛІКТІ ТЕКСЕРЕТІн ЖОҒаРы
КЛаСТы ШЕбЕРЛЕР – ТаКуМИ баҚыЛауы нЕГІЗІнДЕ ЖҮЗЕГЕ
аСыРыЛаДы.
атақты Tahara зауытында флагмандық LS седанын шығарушы командамен
құрастырылған жаңа IS премиум-класты автокөліктердің жасалу сапасының
стандарттарын қайтып қарастыруға қажет еткізеді. Сіз мұны аудио жүйенің
дәл өңделген алюминийден жасалған басқару органдарына немесе руль
дөңгелегінің мінсіз қаптамасына жанасу арқылы сезіне аласыз. Шанақтың
лакпен боялған қабатының кереметтілігіне әрбір грунтты негіз қатпарын
қолмен ылғалды әрлеу жолымен, сонымен қатар, жабынның өңделу сапасын
көзбен немесе өлшеу құралдарының көмегімен тексеру арқылы қол жеткізілді.
бұл, әдетте, ерекше тапсырыс бойынша дайындалатын автокөліктерге ғана
қолданылатын ұзақ процесс болып табылады.
LEXUS IS
LEXUS СаПаСы
28
29
LEXUS IS
МаЗМҰны
Серпінді жүргізу
30
Толық қауіпсіздік
32
Экстерьер / интерьер ерекшеліктері
34
аудио жүйе, байланыс және ақпарат жүйелері
36
Физикалық сипаттамалары
37
IS 250 жинақтамалары
38
F SPORT
40
аксессуарлар
42
Салон қаптауының түс гаммасы
50
Шанақ түстері
52
Lexus сервистік қызметі
54
ТЕХнОЛОГИЯЛыҚ
ЖӘнЕ ТЕХнИКаЛыҚ
СИПаТТаМаЛаРы
30
31
СЕРПІнДІ ЖҮРГІЗу
Жаңа IS әлемдегі заманәуи автокөлік симуляторында, содан кейін жарыс трегінде сынақтан өтіп, жетілдірілген. IS жобасының бас инженері Юничи
Фуруяма (Junichi Furuyama) жүргізуден, маневрлер жасаудан және жоғары дәлдіктен рақат алу мақсатында жаңа шасси, аспа және басқару руль
құрастыру арқылы артқы жетекті седанның қалай басқарылу керектігінің негіздеріне оралды
Жаңа ШаССИ, бЕЙІМДЕЛу аСПаСы
Жаңадан жобаланған шасси, артқы аспа және руль басқаруы жаңа IS
динамикасы мен басқару қабілеттілігін бұрынғыдан да арттыруға мүмкіндік
берді. Екі рычагты алдыңғы аспа түрлендірулерден өтіп, артқы жағында жаңа
көп рычагты аспа (атақты GS спорт седанынан алынған) орнатылды, бұл
тікелей бағыттық тұрақтылықты арттыруға және бұрылу кезіндегі беріктікті
жоғарылатуға мүмкіндік берді.
аВТОКӨЛІК ҚОЗҒаЛыСының
ыҚПаЛДаСТыҚ баСҚаРу ЖҮЙЕСІ
IS автокөлігінің базалық жинақтамасына автокөлік
қозғалысының ықпалдастық басқару жүйесі (VDIM)
кіреді. бұл инновациялық жүйе барлық бағыттық
тұрақтылық және басқаруды қолдау жүйелерінің
өзара әрекеттестіктерін қамтамасыз етеді, сонымен
қатар, олардың бір-бірінен тәуелсіз жұмыс істеуіне
қарағанда, жүргізуші әрекеттеріне араласуына көп
жол бермейді.
A
B
A
B
ЖЕТІЛДІРІЛГЕн аЭРОДИнаМИКаЛыҚ СИПаТТаМаЛаР
Жаңа Lexus IS алдыңғы тіреуіштердегі және артқы фонарлардағы қабырғалы
шығыстар мен көліктің тегіс түбі сияқты іспетті элементтер есебінен қол жеткізілетін
тамаша аэродинамикалық сипаттамаларға ие. Модельге орнатылған
аэродинамикалық элементтер «Формула–1» жарыс көліктеріне қарап жасалған.
Олардың негізгі міндеті ауа толқындарын құру (В сызбасын қараңыз) болып
табылады, осының арқасында ауа ағындары автокөлік шанағына қарай ығысып,
оның аэродинамикалық кедергісін төмендетеді. нәтижесінде тұрақтылық пен
басқарушылық қана жақсартылып қоймай, сонымен бірге, отын үнемділігі артып,
қарсы ауа ағынынан келетін шу дыбысы төмендейді
ШаССИ
Жаңа Lexus IS шассиі революциялық лазерлік дәнекерлеу және адгезиялық
біріктіру әдістерін пайдаланудың арқасында үздік қаттылық сипаттамаларына
ие. Жеңілдетілген материалдарды кеңінен қолданудан көрініс табатын бұл
технологиялар жүргізудің қайталанбас рақатын сезіндіретін және жоғары
дәлділікті басқару қабілетіне ие бола отырып, жүргізушінің кез келген
әрекетіне нақты жауап қайтаратын седан құрастыруға мүмкіндік берді.
СПОРТТыҚ ҮЛГІДЕГІ ЖҮРГІЗуШІ
ОРынДыҒы
Төмендетілген, спорттық үлгідегі жүргізуші орны
руль дөңгелегінің жаңа баптауларын және
автокөлік рулінің шағын қозғалыстарына лезде
жауап қайтаруды бағалау арқасында жолды
толықтай «сезінуге» мүмкіндік береді.
ЖҮРГІЗу РЕЖИМІн ТаңДау
автокөліктің қозғалысын режимін таңдау
селекторының көмегімен дәл баптауға болады.
ЕСО режимі зиянды қалдықтардың бөліну деңгейін
және отынның шығындалуын төмендетуге мүмкіндік
береді, ал NORMAL режимі күнделікті жүргізу
кезінде қуаттылықтың, үнемділіктің және жүріс
байсалдылығының тиімді тепе-теңдігін қамтамасыз
етеді. Күш қондырғысының қайтару сәтін арттыру
үшін SPORT режимін қоссаңыз болғаны.
32
33
ТОЛыҚ ҚауІПСІЗДІК
Жаңа IS автокөлік қозғалысының ықпалдастық басқару жүйесімен (VDIM), сонымен қатар, белсенді капот және қауіпсіздік жастықтарымен сияқты
озық қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталады.
Салонның өте берік қаңқасымен бірге, жүргізуші мен жолаушылар
қорғанысын сегіз қауіпсіздік жастығы қамтамасыз етеді. Жүргізуші мен
алдыңғы жолаушы басты қорғауға арналған екі сатылы жұмыс істеу режимінен
тұратын қауіпсіздік жастықтарымен, сонымен бірге, бүйірлік жастықтармен
және тізелерді қорғауға арналған жастықтармен қорғалған.
барлық жинақтамаларда салонның екі жағынан түгел ұзындық бойымен
орналасқан шымылдық түріндегі қауіпсіздік жастықтары қарастырылған.
Жолаушыларға қосымша қорғанысты алдын ала тартқыштармен (артқы
орындықтың ортаңғы орнындағы белдіктен өзге) қауіпсіздік белдіктері
қамтамасыз етеді.
СЕГІЗ ҚауІПСІЗДІК ЖаСТыҒы
бЕЛСЕнДІ КаПОТ
Жаңа Lexus IS соққылардың күшін азайтуға арналған белсенді капоты-
мен жабдықталған. алдыңғы бамперде орналасқан датчиктердің сигналы
арқылы қосылатын жүйе жаяу жүргіншімен соқтығысу жағдайында, оны
қозғалтқыштың қатты тетіктерінің соққысынан қорғау мақсатында қақпақты
автоматты түрде көтереді. бұл алынатын жарақаттардың ауырлығын
төмендетуге мүмкіндік береді
34
35
ЭКСТЕРЬЕР
аРТыҚШыЛыҚТаРы
ДӨңГЕЛЕКТЕРДІң 17-ДЮЙМДІК
ҚҰЙМаЛы ДИСКІЛЕРІ
IS 250 автокөлігіне «екі еселенген 5 шабақ»
дизайнындағы құймалы дискілер, 225/45 R17
шиналары орнатылған
ДӨңГЕЛЕКТЕРДІң 18-ДЮЙМДІК
ҚҰЙМаЛы ДИСКІЛЕРІ
«5 шабақ» дизайнындағы құймалы дискілер,
255/35 R18 шиналары Luxury жинақтамсында
орнатылған.
ЖаРыҚ ДИОДТы ФаРаЛаР
Luxury және F SPORT жинақтамаларына жарық
диодты фаралар кіреді, ал алдыңғы бамперге
ендірілген «L» әрпі пішініндегі фирмалық жарық
диодты күндізгі жарық фаралары барлық IS
автокөліктеріне орнатылады. Қуат үнемдеуші
жарық диодты оптика бірынғай жарық
қарқындылығымен, сенімділігімен және қызмет
ету мерзімінің ұзақтығымен ерекшеленеді
КСЕнОн ФаРаЛаР
автоматты корректордан тұратын ксенон фа-
ралар, жоғары қысымды фаралар жуғыштары
және күндізгі жарық диодты жүріс шамдары
Executive жинақтамасында орнатылады.
ИнТЕРЬЕР
аРТыҚШыЛыҚТаРы
ЖаЙЛыЛыҚ
Жаңа IS кең салонымен, мұнымен қоса,
қаптау сапасымен және Lexus маркасының
өзіндік артықшылығы болып табылатын
технологиялық жарықтандыру деңгейімен
танылады. Жүргізушінің отыру орны спорттық
үлгіде жасалған және эргономика тұрғысынан
алғанда мінсіз деп есептеледі. алдыңғы
орындықтардың жаңа құрастырылымы өте
ыңғайлы жайғасуды және жетілдірілген бүйірлік
қолдауды қамтамасыз етеді
СЕнСОРЛыҚ баСҚаРу
Lexus автокөліктерінің салонында алғаш рет
қолымен өткізгенде желдету жүйесіндегі ауа
температурасын баптауға мүмкіндік беретін
электростатикалық сенсорлық реттеуіштер
пайдаланылды
ЖҮК СаЛу бӨЛІМІ
арттырылған дөңгелек базасының және жаңа
шағын аспасының арқасында жаңа IS жүк салу
бөлімі айтарлықтай кең (480 литрге дейін)
болып шықты. Мұнда гольфке арналған үш
жинақты және екі шағын спорттық сөмкені
немесе орташа көлемдегі төрт чемоданды
оңай сыйғызуға болады
60:40 ПРОПОРЦИЯСынДа
ЖИнаЛМаЛы аРТҚы ОРынДыҚТаР
60:40 қатынасындағы жиылатын арқа-
лықтардан тұратын шағын артқы орындық ірі
көлемді заттарды тасымалдауға арналған
жүк салу кеңістігінің көлемін оңай арттыруға
мүмкіндік береді.
ОТыРу ДЕңГЕЙІ ТӨМЕнДЕТІЛГЕн
аРТҚы ОРынДыҚ
универсалдың ыңғайлылығы мен седанның
таңдамашылдығының үйлесімділігі. артқы
орындықтардың барлық арқалықтары ірі
көлемді жүктерді тасымалдауға арналған
кеңістікпен қамтамасыз ету мақсатында алдыға
жиылады.
36
37
ауДИО ЖҮЙЕ, баЙЛаныС ЖӘнЕ аҚПаРаТТыҚ
ЖҮЙЕЛЕР
МуЛЬТИФунКЦИОнаЛДы
ДИСПЛЕЙ
Құралдар панелінің екі негізгі индикаторының ор-
тасында орналасқан диагоналі 4,2 дюйм болатын
жоғары қанықтылықты түрлі-түсті мультифункцио-
налды дисплейде автокөлік жүйелерінің қазіргі күйі
жайында ақпарат бейнеленеді. Мәселен, мұнда
орындалып жатқан музыкалық композициялардың
атауы, навигациялық ақпарат, смартфонның
қосылу қалып-күйі, Сізге қоңырау шалып отырған
абоненттің есімі, фотосы және телефон нөмірі
көрсетіледі.
РуЛЬ ДӨңГЕЛЕГІнДЕГІ баСҚаРу
ТҮЙМЕЛЕРІ
LFA суперкарына ұқсас саусақтарға арналған
эргономикалық тіреуіштерден тұратын 3
шабақты руль дөңгелегі автокөлікті қажеттті
түрде басқаруды қамтамасыз етеді. Руль астыңғы
жағында орналасқан берілісті ауыстыру қосқышы
серпінді жүргізу режимінде берілістерді қолмен
ауыстырып-қосуға арналған. Қолды руль
дөңгелегінен алмай-ақ, Сізге аудио жүйені, теле-
фонды, дыбыстық пәрмендер жүйесін және муль-
тифункционалды дисплейді басқаруға болады.
ОРТаЛыҚ КОнСОЛЬ
Жаңа IS Lexus Media Display контроллерінің
көмегімен басқару жүргізілетін 7 дюймдік дис-
плеймен жабдықталады. Дисплейдің көмегімен
аудио жүйе және климат бақылау іспетті әртүрлі
автокөлік қызметтерін басқаруға болады. Со-
нымен бірге, орталық консольде Bluetooth®
интерфейсінен, аудио / телефон шығыстарынан
және CD-ойнатқышынан тұратын бас аудио
жүйе құрылғысы орнатылған. Екі USB–порт пен
AUX кірісі орталық консоль бөлігіне ыңғайлы
орналастырылған.
LEXUS MEDIA DISPLAY КОнТРОЛЛЕРІ
Жаңа Lexus IS орталық консолінде орналасқан айналмалы реттегіш жүргізуші
мен алдыңғы жолаушылардың негізгі жүйелерді және 7 дюймдік дисплейді
басқаруына мүмкіндік береді.
СанДыҚ ҚҰРыЛҒыЛаРДы ІСКЕ ҚОСу
Мультимедиялық жүйе көмегімен бірқатар әртүрлі сандық құрылғыларды
синхрондауға болады. Мысалы, жүйеге смартфондағы байланыс есімдерінің
тізімін жүктеп, оны дисплейде қарауға болады.
ФИЗИКаЛыҚ
СИПаТТаМаЛаРы
ЖЕТЕКТІҢ ЖАЛПЫ ҚУАТЫ
IS 250
а. к. (DIN бойынша) / кВт
208 / 153
ҚОЗҒАЛТҚЫШ
Жұмыс көлемі (см3)/Цилиндрлер/Клапандар
2500 / V6 / 24
Клапан механизмі
Dual VVT-i жүйесі
Отын түрі
Октан саны 95 немесе
одан жоғары бензин
Максималды шығыс қуаты (кВт (а.қ.) мин/айналым кезінде) 153 (208)/6400 кезінде
Максималды айналым мезеті (мин/н•м айналым кезінде) 250/4800 кезінде
БЕРІЛІС ҚОРАБЫ
Жетек
артқы
беріліс қорабы
берілістерді қолмен
секвенталды ауыстырып-
қосу режимінен тұратын
6 сатылы автоматты
трансмиссия
ЭКСПЛУАТАЦИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Макс. жылдамдығы, км/с
225
Екпін, 0–100 км/с
8.1
ШЫҒАРЫЛҒАН ГАЗДАРДАҒЫ CO
2
МӨЛШЕРІ, г/км
Шығарылған газдардың уыттылық стандарты
Евро-5
Құрама циклде (бақылау мәні)
199
ОТЫН ШЫҒЫНЫ, л / 100 км
Құрама циклде (бақылау мәні)
8.6
ТЕЖЕГІШ ЖҮЙЕСІ
алдыңғы бөлік
Желдетілетін тежеу
дискілері, 296x28
артқы бөлік
Желдетілмейтін тежеу
дискілері, 291х10
АСПА
алдыңғы
Тәуелсіз Қосарлы
көлденең рычагтар
артқы
Тәуелсіз, көп рычагты
РУЛЬ БАСҚАРУЫ
Түрі
Тегершіктер - сырықтар,
EPS (рульдің электр
күшейткіші)
айналымдар саны (рульдің шеткі орналасулары арасында) 2.84
Минималды бұрылу диаметрі – дөңгелектер бойынша (м) 5.2
МАССАСЫ (кг)
автокөліктің максималды массасы
2090
Жабдықталған массасы (жүргізушімен)
1630 - 1720
Тежегішпен / тежегішсіз рұқсат етілетін тіркеме массасы 1500 / 750
830
2800
4665
1035
97
0
93
6
1480
8
57
1052
1380
14
21
1373
13
57
1535
1430
1810
1550
2027
АЭРОДИНАМИКАЛЫҚ КЕДЕРГІ КОЭФФИЦИЕНТІ
Cd мәні
0.28
ІШКІ ӨЛШЕМДЕР МЕН КӨЛЕМДЕР
Отын багының сыйымдылығы (л)
66
Жүк салу бөлімінің көлемі (л)
480
38
39
ауДИО, аҚПаРаТТы ОЙын-СауыҚ ЖӘнЕ
баЙЛаныС ЖҮЙЕЛЕРІ
Ортаңғы консольде орналасқан 7-дюймді түсті дисплей
6 динамикті, DVD/CD/MP3/WMA форматтарын қолдайтын аудио
жүйесі
AUX-2/USB-2 кірістері
Bluetooth байланыс жүйесі
Lexus Media Display контроллері
бЕЛСЕнДІ ҚауІПСІЗДІК ҚҰРаЛДаРы ЖӘнЕ
ДИнаМИКаны баСҚаРу ЖҮЙЕЛЕРІ
VDIM (автокөлік қозғалысының ықпалдастық басқару жүйесі)
ABS (тежегіштің блокталуына қарсы жүйе)
BAS (апаттық тежеу күшейткіші)
EBD (электронды тежегіш күшін реттеу жүйесі)
TRC (дөңгелектердің таюына қарсы жүйе)
VSC (бағыт тұрақтылығының жүйесі)
EPS (руль дөнгелегінің электр күшейткіші)
HAC (өрге көтерілу кезінде жәрдемдейтін жүйесі)
бЕЙТаРаПТы ҚауІПСІЗДІК ҚҰРаЛДаРы
Қысқаша қосылу мүмкіншілігі бар бұрылыс қайталағыштары
апатты тоқтау дабыл жүйесі бар тежеу фонарьлары
8 қауіпсіздік жастықтықтары (2 кезеңде ашылатын 2 фронталды, 2
алдыңғы тізе, 2 алдынғы бүйір және 2 перделер)
алдыңғы жолаушының қауіпсіздік жастығын сөндіру
Жылдамдық кезінде есіктерді автоматты түрде блоктау
Есіктерді қос блоктау
Екінші қатар бүйір орындықтарына арналған балалар орындығының
тірегіші ISOFIX
ҰРЛыҚҚа ҚаРСы бЕЙІМДЕЛГЕн ЖҮЙЕЛЕР
Ішкі көлемді және көліктің еңісін анықтайтың датчигтері бар ұрлыққа
қарсы дыбысты дабыл жүйесі
СыРТҚы ҚҰРыЛҒыЛаР
17-дюймдi құймалы дискілер және 225/45 R17 шиналары (толық
көлемді қосалқы дөңгелек)
Электр жетегі мен жылытуы бар электр хромды жиналмалы сыртқы
артқы көрініс айналары
Жұғыштары бар фаралардың еңіс бұрышын автоматты түрде реттейтін
(алыс және жақын қашықтыққа арналған) ксенонды фаралар
Жаңбыр датчигі
Электр реттелетін жылытуы бар бүйір артқы көрініс айналары
Жарық диодты күндізгі жарық фаралары
Тұманға қарсы фаралар (алдыңғы және артқы)
белгісі бар артқы көрініс камерасы
ІШКІ ЖаЙЛыЛыҚ ҚҰРыЛҒыЛаРы
Круиз-бақылау
Электр реттелмелі бел тірегіштері (2 бағытта реттелетін жүргізуші
орындығы)
6 бағытта механикалық түрде реттелетін жүргізуші және алдыңғы
жолаушы орындығы
Механикалық еңкейту және шығару бойынша руль реттегіші
Орындықтардың құрама қаптамасы (мата + жасанды былғары)
Электр реттелетін артқы көрініс айнасы
Пластиктен жасалған салон іші ендірмелері
былғарымен қапталған, руль астында орналасқан берілісті ауыстырып-
қосқышы және жылытуы бар мультифункционалды руль дөңгелегі
алдыңғы орындықтардың жылытуы
аналогты сағат
ECO/COMFORT/NORMAL/SPORT S жүргізу режимдерін таңдау
селекторы
Жарық датчигі
артқы шынтақ тірегіштегі салқындатылмалы жәшік
Электр жетегі бар алдыңғы жолаушыға арналған аяқ тірегіші
S FLOW жүйесі бар екі аймақты климат-бақылау жүйесі
Чип кілт
60:40 шамасында жиналмалы артқы орындықтар қатары
Резеңке кілемшелер
IS 250 ЖИнаҚТаМаЛаРы
IS 250 ЖИнаҚТаМаЛаРы
EXECUTIVE
LUXURY
(Executive жинақтамасына қосымша)
F SPORT
(Luxury жинақтамасына қосымша)
СыРТҚы ҚҰРыЛҒыЛаР
18-дюймдi 5 шабақты құймалы дискілер және 225/40 R18 + 255/35
R18 шиналары (толық көлемді қосалқы дөңгелек)
8 бағытта автоматты түрде реттелетін сақтау жады бар жүргізуші
және алдыңғы жолаушы орындығы
Cалон іші ағаш ендірмелері
Электр жетегі бар люк
Жарық диодты фаралар
Жарық диодты тұманға қарсы фаралары
ІШКІ ЖаЙЛыЛыҚ ҚҰРыЛҒыЛаРы
Тұрақтандыру датчиктері
Электр жетегі, жылытуы, сақтау жады бар электр хромды жиналмалы
сыртқы артқы көрініс айналары
Электр жетегі бар шығару, механикалық еңкейту қабілеті бар руль
дөңгелегі
Руль жылытуы
автокөлікке кірудің Smart Entry жүйесі
Карта кілт
СыРТҚы ҚҰРыЛҒыЛаР
18-дюймдi құймалы F SPORT дискілер және 225/40 R18 + 255/35
R18 шиналары (толық көлемді қосалқы дөңгелек)
Экстерьерге арналған F SPORT жинақтамасы алдыңғы және
артқы бамперлер, радиатор торы, тұманға қарсы фаралар,
алдыңғы қанаттарда орналасқан F SPORT логотипі және бүйір
баспалдақтарының қаптауы
ІШКІ ЖаЙЛыЛыҚ ҚҰРыЛҒыЛаРы
Руль астында орналасқан беріліс қорабын ауыстырып-қосқышы және
жылытуы бар мультифункционалды F SPORT руль дөңгелегі
алюминий салон ендірмелері
Ұлғайтылған алдыңғы орындықтардың бүйір қолдауы
алдыңғы орындықтардың сақтау жадысыз
F SPORT құралдар панелі
40
41
40
F SPORT
F SPORT ДИЗаЙны
Әсерлі және айрықша трапеция тәрізді радиатор торы, ұялы құрылымды
арнайы L тәрізді ендірмелер мен хромдалған элементтер жаңа IS F SPORT
айна қатесіз танитын динамикалық келбетіне бұрынғыдан да жоғары айқындық
береді. алдыңғы жақ төменгі бампердің айрықша өзгешеліктері тежегіштерді
суытуға арналған ауа шығарғыштар, жапыру күшін жоғарылататын
аэродинамикалық жүзбеқанаттар және радиатор торының төменгі бөлігі
болып табылады. F SPORT жинақтамасында алдыңғы эксклюзивті тұманға
қарсы жарық диодты фаралар ұсынылған.
LFA суперкарын және супер қуатты IS F седанын баптаған команда құрастырған жаңа IS 250 F SPORT моделі өзіне осы атақты автокөліктерінің рухын
сіңдіре білген. Жаңа IS F SPORT эксклюзивті дизайнымен және жетілдірілген динамикалық сипаттарымен мақтана алады.
41
ДӨңГЕЛЕК ДИСКІЛЕРІ ЖӘнЕ
F SPORT аСПаСы
LFA суперкарына ұқсас, 18 дюймдік құймалы
«қосарланған шабақтар» дизайні. алдыңғы және
артқы аспа, сонымен қатар, электр күшейткіштен
тұратын руль арнайы F SPORT моделі үшін
бапталған, бұл жүріс байсалдылығына зардап
әкелместен басқаруды арттыруға мүмкіндік
береді.
F SPORT РуЛЬ ДӨңГЕЛЕГІ
Сіздің рульді әрбір қысуыңыз кезінде F SPORT
логотипі автокөлікпен бірігу ерекше сезімін туды-
рады. Саңылаулар қалдырылып өңделген терімен
қапталған және бірыңғай стильде жасалған
берілістерді ауыстырып-қосу рычагы және руль
дөңгелегі салонда керемет спорттық атмосфе-
раны қалыптастырады.
F SPORT ШИЛЬДИГІ
Түрінің онша көз тартарлық еместігіне
қарамастан, F SPORT логотипі үздіктік белгісі
қызметін атқарады. «F» таңбалауы біздің F SPORT
супер қуатты автокөліктеріміздің сынақтан өткен
және жетілдірілген орнының: Фудзи тауының
етегінде орналасқан Fuji Speedway трассасының
символы болып табылады.
СПОРТТыҚ ҮЛГІДЕГІ баСҚыШТаР
Саңылаулар тесу арқылы жасалған алюми-
ний басқыштар аяқ киім табанымен тамаша
жанасатындығымен ерекшеленеді және жаңа
IS F SPORT спорттық түп тамырын көрсетеді.
СПОРТТыҚ ҮЛГІДЕГІ ОРынДыҚТаР
F SPORT жаңа эксклюзивті орындықтарын жо-
балау кезінде Lexus үшін алғаш рет жарыс
автокөліктеріне қолданылатын және орындықтарды
жасаудың дәстүрлі тәсілінен қарағанда жоғарғы
анатомиялық пішімді және бүйірлік қолдауды
қамтамасыз ету арқылы орындық профилін
айтарлықтай деңгейде дәл орналастыруға
мүмкіндік беретін интегралды көпіршіктендіру
технологиясы пайдаланылды.
F SPORT ҚҰРаЛДаР ПанЕЛІ
бұл қозғалмалы орталық сақинадан және LFа
суперкарындағыдай жұқа пленкалы транзистор
инновациялық технологиясынан тұратын керемет
басқару панелі болып табылады. Жүргізу режимін
таңдауға байланысты құралдар жарығы көгілдір
түске (ECO), ақ түске (NORMAL) немесе қызыл
түске (SPORT) ауысып отырады. Мультимедиялық
жүйенің жұмыс істеуі кезінде сақина мәзірді ашу
арқылы бір жағына ығысады.
42
43
аКСЕССуаРЛаР
аКСЕССуаРЛаР
СТИЛЬ ЖӘнЕ ҚОРҒаныС
17” ҚыСҚы ҚҰЙМаЛы ДИСКІЛЕР
Қыс мезгіліне арналған резинамен және Lexus
құймалы дискілерінің стилімен үйлесімділігі Сізге өз
автокөлігіңізді қиын қыстық ауа-райына дайындауға
мүмкіншілік береді, оған қоса автокөліктің беделді
көрінісін сақтайды.
18” ҚҰЙМаЛы
ДИСКІЛЕР G-SPIDER
Жарқын спортты міңезімен Lexus G-SPIDER стильді
күміс түсті көп шабақты дискілері.
18” ҚаРа ТҮСТІ ХРОМДаЛҒан
ҚҰЙМаЛы ДИСКІЛЕР
Қара түсті тозаңмен боялған сәнді дискілер,
бір бұрышынан қарағанда айналы хром және
басқасынан қара түсті жалтырақ сияқты көрінеді.
ҚҰПИЯ СОМынДаР
Әрбір дөңгелектегі бір штаттық сомынды Lexus құпия сомынмен алмастыру дөңгелек
дискілерінің қорғанысын арттыруға мүмкіндік береді. Құпия сомындар бірегей код
кілтіне ие және қарапайым кілтпен алынбайтын жұмырланған пішімді болып келеді.
Хромдалған құпия сомындар көзге ерекшеленіп түспейді және дискілердің дизай-
нымен үйлесімді түрде сай келеді.
аВТОКӨЛІК ҮШІн
аРнаЛҒан ҚаП
Lexus автокөлігі үшін арналған қабы автокөлікті
өте оңды түрде жабады, оңай кигізіледі және жеңіл
түрде шешіледі. Қар, мұз, құм және шаң сияқты
табиғат әсерлерінен сенімді және берік қорғанысын
қамтамасыз етеді.
ЕСІК ТҰТҚаЛаРының ҚОРҒаныС
ЖаПСыРМаЛаРы
Жапсырмалардың пішімі тұтқаны ұстау ауданының
аймағын өте оңды түрде жабады. Мөлдір
байқалмайтын қабықша сақиналардан, кілттерден
және қолғаптардан туындауы мүмкін сызаттарға
қарсы сенімді қорғанысын қамтамасыз етеді.
аРТҚы СПОЙЛЕР
Lexus артқы спойлерінің спорттық дизайны IS
мәнерлі көрінісін аяқтайды. Оның пішімі автокөліктің
инновациялық және аэродинамикалық пішімін
керемет түрде толықтырады.
аРТҚы баМПЕР ҮШІн аРнаЛҒан
ҚОРҒаныС ҚабыҚШаСы
байқалмайтын, алайда артқы бампердің лак және
бояу жабынының жауырлардан және сызаттардан
сенімді қорғанысы. Мөлдір өздігінен жабысатын
қабықшадан жасалған және бампердің сұлбасына
оңтайлы түрде жанасады.
ҚОЛаЙЛыЛыҚ ПЕн ҮнЕМДІЛІК
LEXUS ҚҰЙМаЛы ДИСКІЛЕР
Lexus құймалы дискілері IS дизайнын өте оңды түрде толықтырады, Сіздің дербес стиліңізді ерекшелейді. Әрбір диск оңтайлы жүргізудің теңгерімі үшін
инженерлік дәлдікті және беріктігі және ұзақ уақыт қызмет етуі үшін ең жоғары сапасын қамтиды.
44
45
аКСЕССуаРЛаР
аКСЕССуаРЛаР
ҚОЛаЙЛыЛыҚ ПЕн ҮнЕМДІЛІК
ЖҮК
ТЕРЕЗЕЛЕРДІң ДЕФЛЕКТОРЛаРы
Терезелері ашық түрде жүрген кезде дефлекторлардың аэродинамикалық пішімі
салондағы шу деңгейін төмендетіп және желдің тік екпіндерін шағылыстырып,
қолайлылықты сақтап отыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, таза ауаның
кіруін қамтамасыз етіп және жаңбырдың және қардың IS салонына түсуінен қорғап,
дефлекторлар жаңбыр және қар кезінде таптырмас. Қосымша артықшылық: ашық
терезелердің салқындатқыш әсері қуаттың жұмсалуын қысқартып және жанармай
үнемділігін арттырып, кондиционерді қолдану қажеттілігін төмендетеді.
ЖҮК бӨЛІМІнІң ТҮП ҚОЙМаСы
Жоғарылатылған борты бар жүк бөлімінің түп қоймасы судан, ластан және қоқыстан
қорғанысын қамтамасыз етеді. Оның бедерлі беті жүк бөлімінде сөмкелердің
және заттардың сырғытуын болдырмауға көмектеседі.
ТӨбЕДЕГІ ЖҮК бІЛІМІ
Жабылатын, жеңіл, алюминийден жасалған Lexus жүк бөлімі оңай түрде орнатылады және шешіледі.
аэродинамикалық дизайн және оған қоса Lexus түрлі арнайы керек-жарақтарын сенімді түрде бекіту
үшін арналған негізін қамтамасыз ете отырып, қарсы ағындардың шуын азайтуға мүмкіндік береді.
ЖҮК бӨЛІМІнДЕГІ КӨЛДЕнЕң ТОР
Жүк бөлімінде қозғалатын заттардың шығаратын
шуы жүргізушіні алаңдатуы мүмкін және жүргізудің
қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Көлденең тор жүк
бөлімінің кішігірім заттарын бір орнында бекітуге
мүмкіндік беріп, осы мәселені шешеді.
КҮЛ СауыТы
Сіздің IS керемет интерьерін өте оңды түрде
толықтыратын әмбебап дизайны. Тығыз түрде жа-
былатын қақпағы бар күл сауыты тікелей мақсаты
бойынша қолдану барысында және ұсақ заттарды
сақтаған кезде автокөлік салонында тазалықты
сақтауға мүмкіндік береді.
ТОңаЗыТҚыШ
Lexus тоңазытқышы алыс сапарлары, демалыста-
ры және серуендері үшін өте оңды шешім болып
табылады. Ол автокөліктің 12В ажыратқышына
қосылады және сапар шегу кезінде азықты ыстық
немесе салқындатылған күйде сақтайды.
ЖҮК бӨЛІМІнДЕГІ ТІК ТОР
Тұжырымды түрде қарапайым, алайда өте епті.
Тік тор жүк бөліміндегі арнайы бекіткіштерге
бекітіледі және ұсақ заттарды тазалықта және
тәртіпті күйде сақтауға мүмкіндік беретін екі бөлек
қалташасы бар.
МаТаДан ЖаСаЛҒан ЕДЕн КІЛЕМШЕЛЕРІ
Матадан жасалған керемет қара түсті Lexus кілемшелері IS еден жабынының
дыбыстан қорғау әсерін күшейтеді. Олардың пішімі еден құрылысына өте оңды
түрде сай келеді, ал жүргізушінің кілемшесі кілемшеге сырғытуға мүмкіндік
беретін арнайы бекіткіштермен сенімді түрде бекітіледі және жүргізу кезіндегі
қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
РЕЗЕңКЕДЕн ЖаСаЛҒан ЕДЕнДІК КІЛЕМШЕЛЕР
Едендік жабынның лас немесе суланған аяқ-киімнің әсеріне, оған қоса кірдің,
құмның және шаңның түсуіне қарсы максималды қорғанысы үшін арналған
қара түсті резинадан жасалған кілемшелер. Жүргізушіге арналған кілемшеде
сенімді түрде бекітуге мүмкіндік беретін және жүргізу кезінде қауіпсіздікті
қамтамасыз ететін.арнайы бекіткіш құрылғысы бар.
46
47
TOUCH-UP PAINT бОЯуы
Lexus touch-up бояулары, IS автокөліктерінің
модельдік қатарының түстеріне сай келу үшін
мұқият түрде жасалған. Олар оңай қолданылатын
шағын баллон – бүріккіштен тұрады және лак
бояу жабынының ұсақ сызаттарын жабу үшін
өте қолайлы болып келеді.
аКСЕССуаРЛаР
аКСЕССуаРЛаР
ҚауІПСІЗДІК
ҚОРҒаныС ПЕн КҮТІМ
BABY-SAFE PLUS баЛаЛаРҒа аРнаЛҒан
аВТОКӨЛІК ОРынДыҒы
Жаңа туылған нәрестелерден бастап 9 ай
(cалмағы 13кг дейін) жастағы балаларға дейін
арналып жасалған. биіктігі бойынша реттелетін
жұмсақ бас тіреуішімен, жұмсақ бүйірлік
қанаттарымен, арқаның қосымша қорғанысымен,
күннен және желден қорғайтын жылжымалы
күнқағармен, және тасымалдау үшін арналған
тұтқасымен жабдықталған. Қалыпты қауіпсіздік
белдігімен немесе Baby-SafePlus базасының
көмегімен бекітіледі.
BABY-SAFE PLUS баЛаЛаРҒа аРнаЛҒан ОРынДыҒы ҮШІн нЕГІЗ
Қауіпсіздік белдігімен бекітілетін Baby-SafePlus балаларға арналған орындығының өте тұрақты негізі.
Орындық негізде бекітіледі және батырмаға жай ғана басу арқылы шешіледі, бұл өз кезегінде орындықты
автокөлікке орнатпас бұрын баланы орындықта ыңғайлы түрде орналастыруға, ал баратын жеріне
жеткен орындықты соң оңай шешіп алуға және баланы шығарып алуға мүмкіндік береді.
KID ЖӘнЕ KIDFIX баЛаЛаРҒа аРнаЛҒан
аВТОКӨЛІК ОРынДыҚТаРы
4 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған
(салмағы шамамен 15 кг бастап 36кг дейін).
Өсіп келе жатқан бала үшін арналған ерекше
функциялар жұмсақ бүйірлік қанаттарды, бас
тіреуішін биіктігі бойынша реттеудің 11 орналасу
күйін және реттелетін қауіпсіздік белдіктерін
қамтиды. Орындық Kid нұсқасында қауіпсіздік
белдіктерімен бекіту үшін және KidFix нұсқасында
ISOFIX көмегімен бекіту үшін қол жетімді.
DUO PLUS ISOFIX баЛаЛаРҒа аРнаЛҒан
аВТОКӨЛІК ОРынДыҒы
Ұсынылған орындықтар 9 айлық балалардан бастап
12 жасқа дейін қамтылған (салмағы шамамен 9
бастап 18кг дейін). DuoPlus ISOFIX орындығында
бар кеудеге арналған төсемдерімен 5-нүктелік
қауіпсіздік белдіктері, жұмсақ бүйірлік қанаттар,
биіктігі бойынша реттелетін бас тіреуіші және еңістің
3 орналасу күйі бар.
СаЛОнның ТОҚыМаЛыҚ
ӨңДЕуІн ҚОРҒау
Lexus ProTect* интерьері үшін дайындамасы
салонның тоқылған элементтерін қорғау үшін қажет,
мысалы автокөліктің тоқымалық өңдеуі және кілем
жабынының. Ол гипоаллергенді және дақтарды
қалдырмай сұйықтықтарды, ластануларды және
шаңды оңай кетіруге мүмкіндік беретін көрінбейтін
жабынды құрайды.
LONG LIFE BODY PROTECT
ШанаҚ ҚОРҒаныСы
Lexus ProTect * Сіздің автокөлігіңіздің шоу-
румдағыдай бастапқы бүлінбеген көрінісін
сақтауға көмектеседі. бұл шанақтың лак бояу
жабынына түсірілетін кремний негізіндегі
жабынның инновациялық технологиясы. Молеку-
лярлы деңгейде әрекеттесетін LexusProTect қатты
керамикалық қабықшаны құрып, бетті, қорғайтын
қоршаған ортаның әсерінен, еріткіштердің
және басқа экологиялық тұрғыдан алғандағы
қауіптерден қорғайды.
ҚҰЙМаЛы
ДИСКІЛЕРДІ ҚОРҒау
балқымалы дискілері өз тартымдылығын
LexusProTect* қорғанысының арқасында
жақсырақ сақтайтын болады. Кремний негізіндегі
арнайы қорғаныс жабыны дөңгелектердің беткі
жағын көзге түсетін іздерден, ластанулардан,
тежеу шаңынан және неше түрлі жол жабында-
рынан қорғайды. бар қажеті – жай ғана сумен
жуу, содан соң сіздің IS дөңгелектеріңіз қайтадан
жаңа сияқты көрінетін болады.
* Lexus ProTect жабынын жағу арнайы даярланған Lexus дилерлерінің қызметкерлерімен іске асады. нақты мәліметтерді алу үшін Lexus ресми дилеріне хабарласыңыз.
48
49
аКСЕССуаРЛаР
аКСЕССуаРЛаР
LEXUS HOTSPOT КІРу нҮКТЕСІ
Lexus Hotspot құрылғысы IS көлігін ұялы Интернеттің кіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін нүктесіне айналдырады. Егер Сіздің таңдауыңыз бойынша SIM-картаны
енгізу кезінде Сіз 2G/3G желісінің қамтитын аумағында болсаңыз ол Wi-Fi жұмыс істей алатын бес құрылғыға дейін қосылуға мүмкіндік береді, оның ішінде
ноутбуктер, планшеттер және смартфондар, оған қоса әрекет ету радиусы шеңберінде олардың арасындағы өзара әрекеттерді атқаруға мүмкіндік береді.
Lexus Hotspot кіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін нүктесі түрде электр қуатын тұрақты түрде алуды қамтамасыз ету үшін IS аккумулятор батареясына тікелей
түрде қосылады.
ТЕХнОЛОГИЯЛаР
LEXUS ТҮПнҰСҚаЛы МаЙЛаР
барлық Lexus түпнұсқалы қозғалтқыш майлары API (американдық мұнай институты) және ACEA (Еуропалық автокөлік өндірушілерінің ассоциациясы)
халықаралық стандарттарына ғана емес, сонымен қатар сапасына және қолдану сипаттамаларына қатысты ең қатал талаптарына сай келеді. Олар
қозғалтқыштың ең жақсы күйдегі жұмыс істеуін қамтамсыз ететін оңтайлы сипаттамаларға ие.
SAE 0W–30 синтетикалық қозғалтқыш майы
Lexus SAE 0W–30 толығыменен синтетикалық
қозғалтқыш майы бірегей сипаттамаларға ие және
API сыныптастыруы бойынша ең жоғарғы сыныбына
сай келеді. Ол әмбебап қасиетіне сай бензин
және дизель қозғалтқыштары үшін керемет түрде
сай келеді, қозғалтқыштың оңай іске қосылуын,
барлық бөлшектерінің және тораптардың мінсіз
тазалығын, ең жоғарғы қуат көрсеткіштерін және
қозғалтқыштың максималдық ресурсін қамтамасыз
етеді. айрықша жабысқақтық - температуралық
сипаттамаларының арқасында Lexus SAE 0W-30
қозғалтқыш майы суық күйінде іске қосу барысында
қозғалтқыштың жеткіліксіз майлану мәселесін ең
жақсы күйде шешеді және оның жұмыс істеуінің
максималды сенімділігін қамтамасыз етеді.
ACEA бойынша сыныбы: A3, B3, B4; по API: SL / CF
Қаптамасы: 1 л, 5 л
SAE 5W-40 синтетикалық қозғалтқыш майы
Lexus SAE 5W–40 синтетикалық қозғалтқыш майы
соңғы ұрпақ майларына қойылатын ең қатал
талаптарына сай келеді. Жабысқақтық және
майлау сипаттарының тұрақтылығы, жұмыс істеудің
түрлі шарттарындағы қолдану сипаттарының
тұрақтылығы, төмен температуралар барысындағы
керемет ағымы –Lexus синтетикалық қозғалтқыш
майының айрықша сипаттары.
ACEA бойынша сыныбы: A3, B3, B4; по API: SL / CF
Қаптамасы: 1 л, 5 л
SAE 0W-20 синтетикалық қозғалтқыш майы
SAE 0W-20 синтетикалық қозғалтқыш майы Lexus
автокөліктерінің ең жаңа қозғалтқыштары үшін
арналған. Оның аққыштықтың жоғары сипаты бар,
жанармай үнемділігінің керемет көрсеткіштерін
және ең жақсы экологиялық сипаттамала-
рын қамтамасыз етеді. Lexus автокөліктерінің
модельдері үшін ғана, оның қолданылуы иесінің
нұсқаулығымен ұсынылған.
API бойынша сыныбы: SM / SL
Қаптамасы: 1 л, 5 л.
50
51
СаЛОн ҚаПТаМаСының
ТҮС ГаММаСы
ҚҰРаМа ҚаПТаМа
(МаТа/ЖаСанДы быЛҒаРы)
Қара
Сұр
Қара
Сұр
Сарғыш
быЛҒаРы
Қара
Күңгірт қызыл
F SPORT быЛҒаРыСы
«Қара
металлик»
түсті пластик
ендірмелер
F SPORT
Қоңыр түсті ағаш
ДЕКОРаТИВТІ ЕнДІРМЕЛЕР
Қоңыр ағаш ендірмелері бар сарғыш былғары
«Қара металлик» түсті пластик ендірмелері бар қара түсті құрама қаптама
«Қара металлик» түсті пластик ендірмелері бар қара түсті былғары
қаптама
«Қара металлик» түсті пластик ендірмелері бар сұр түсті құрама
қаптама
F SPORT декоративті ендірмелері бар күңгірт қызыл былғары қаптама
52
53
ШанаҚ ТҮСТЕРІ
ІнЖу–аҚ (077)
1
СҰР МЕТаЛЛИК (1H9)
аҚ F SPORT (083)
2
КҮМІС МЕТаЛЛИК (1J4)
аҚШыЛ СҰР МЕТаЛЛИК (1J7)
ҚаРа – МЕТаЛЛИК ЕМЕС (212)
ҚаРа МЕТаЛЛИК (217)
ҚаРа КӨК МЕТаЛЛИК (8V3)
1
КӨК F SPORT МЕТаЛЛИК (8U1)
2
ҚыЗыЛ МЕТаЛЛИК (3R1)
1
F SPORT жинақтамасында ұсынылмаған.
2
Тек қана F SPORT жинақтамасында ұсынылған.
назар аударыңыз: нақты автокөлік түсінің реңі түсті берудің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты тізімдемеде ұсынылғаннан өзгешеленуі мүмкін.
54
55
LEXUS СЕРВИСТІК
ҚыЗМЕТІ
Lexus-те мұндай амалды «ғажайып құбылыс» деп атайды. бұл автокөлік ғана
емес, сонымен қатар, біздің сервисімізге және сатудан кейінгі қызмет көрсету
бағдарламаларына да қатысты. автокөлікті пайдаланудың барлық кезеңі
ішінде Lexus сервистік қызметі әрқайсысы клиенттің толық қанағаттануын
және жан тыныштығын қамтамасыз ететін жеке әзірленген техникалық және
сервистік қызмет көрсету жоспарларын ұсына отырып, бірінші сыныпты
игеру тәжірибесіне кепілдік береді.
Lexus автокөліктері «Omotenashi» жапон қонақжайлығының тамаша
атмосферасын қалыптастыратын әлемдегі ең озық технологиялармен
жабдықталған. біздің автокөліктерді құрастырудағы айрықша тәсіліміз қызмет
көрсетуге де таралады: біз әрбір клиентке үйіміздегі қонақ іспетті назар
аударамыз. Әлемдік стандарттар деңгейіндегі қызмет көрсету философиясы
автокөліктерді беру бөлмелеріндегі балғын гүлдерден, қызмет көрсетуге
арналған бокстардағы мінсіз тазалықтан немесе автокөлікті сыйлық ретінде
жуудан көрініс табады.
біз Сіздің Lexus көлігіңізге қамқорлық таныту арқылы біздің құрметті клиентіміз
Сізге қамқорлық көрсетеміз деп есептейміз. Lexus ресми дилерлері клиенттің
ең жоғары қанағаттану деңгейіне жетуіне талпынады. Сізге капучино
кесесімен диванға жайлы жайғасу арқылы жаңалықтарды қарауға немесе
интернетке кіруге болады. ал бұл уақытта біздің механиктеріміз Сіздің
күнделікті істеріңізге тез оралуыңыз мақсатында өз жұмыстарын максималды
тиімділікпен орындап жатады.
КЕПІЛДЕМЕЛІК МІнДЕТТЕМЕЛЕР
ТОЛыҚ ҮШ ЖыЛДыҚ КЕПІЛДЕМЕ
бұл кепілдеме сапасыз дайындау немесе құрастыру нәтижесінде пайда
болған және қалыпты пайдалану кезінде туындаған кез келген кемшілікке
қолданылады. Кепілдеме қайсысының бірінші туындағандығына тәуелді
ретте, үш жыл бойы немесе 100 000 км жүріске әрекет етеді. бұл ретте,
пайдаланудың бірінші жылында жүріс ұзақтығына шектеу қойылмайды.
ШанаҚТың бЕТТІК КОРРОЗИЯСынан ЖӘнЕ ЛаКПЕн
бОЯЛҒан бЕТТІң КЕМШІЛІГІнЕн ҚОРҒаныСТың ҮШ
ЖыЛДыҚ КЕПІЛДЕМЕСІ
Шанақтың кез келген боялған панелінің, лакпен боялған бетінің
материалдар сапасының немесе дайындау кемшілігі салдарынан
туындаған беттік коррозиясы мен кемшіліктерін жоюға кепілдеме беріледі.
бұл жағдайда да жүріс ұзақтығына шектеулер қойылмайды.
Жаңа IS.
СынаП КӨРІңІЗ
Lexus автокөліктерінің айрықшалығын сезінудің бір
ғана тәсілі бар – ол рульге өзіңіздің отыруыңыз.
Өзіңіздің Lexus дилеріңізге жүгінсеңіз немесе Lexus
ресми сайтына кірсеңіз және Lexus IS моделінің тест
драйвіне қатыссаңыз болғаны.
Toyota Motor Kazakhstan компаниясы алдын ала хабарламасыз
жергілікті пайдалану талаптарына автокөлікті бейімдеу үшін,
сонымен қатар, модельді жетілдіру барысында оның техникалық
сипаттамаларына және жабдықтар тізіміне өзгерістер енгізу
құқығын өзінде қалдырады. Мүмкін болатын өзгерістер
жөніндегі ақпараттар алу үшін Өзіңіздің Lexus аймақтық
дилеріңізге жүгініңіз.
Ескертпе: тізімдемеде келтірілген автокөліктер және олардың
техникалық сипаттамалары Сіздің аймағыңыздағы модельдер
мен жабдықтарға тәуелді ретте өзгеруі мүмкін. Шанақтың
нақты түсі берілген тізімдемедегі фотосуретте көрсетілген
шанақ түсінен өзгешеленуі мүмкін.
Қосымша ақпаратты www.lexus.kz сайтынан, сонымен қатар,
өзіңіздің Lexus дилеріңізден таба аласыз.
www.lexus.kz
Достарыңызбен бөлісу: |