А%=∆н/∆ө немесе А%= Yi-1/100 мұндағы А% - 1 процент өсімнің нақты мәні.
Қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық көрсеткіштерінің өзгеруін зерттеуде және өндеуде, талдауда келесідей есептеу тәсілдері қолданылады:
біртектес өсіңкілік қатарларды салыстырмалы тәсілмен талдауды қолдану кезіндебіртектес қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі-бір уақыт кезеңіндегі көрсеткіштердің өзгергендігін көрсетеді.
өсіңкілік қатарларды бір негізге келтіру тәсілі негізінде бір-бірімен әртүрлі өлшем бірліктері, әртектес құбылыстар мен процестерден тұратын көрсеткіштерді салыстыруға келмейтіндерді салыстырмалы түрге келтіреді.
уақыт аралығын үлкейтуөсіңкілік қатарлар дәрежесі уақытына қарай бір-бірімен жақын болса, олардың даму, кему бағытын анықтау үшін, уақыт аралығының шамасы үлкейтіледі және жаңа қатарлар құрылады.
жылжымалы орташа тегістеу тәсілін қолданғанда есептеуге алынған өсіңкілік қатарлардың сандық мәндері уақыт аралықтарына қарай бірдей мөлшерде болады және көп жағдайда тақ сандық мүшелері бойынша есептеледі.
Өсіңкілік қатардың уақыт көрсеткіштері (t) әрқашан белгілі болғанда, тегістелген қатардың дәрежесін (y) табу үшін, а0 және а1 түзу сызықты параметрлерін анықтаймыз.
Ол үшін ең кіші шаршы негізін қанағаттандыру үшін келесі қарапайым теңдеуді шешу керек:
a0n + a1∑t=∑Y a0∑t + a1∑t2=∑Yt мұндағы n- қатардың саны;
y- өсіңкілік қатардың нақты дәрежесі;
Динамикалық қатарлардың мынадай орташа көрсеткіштері болады:
Қатардың орташа деңгейі – есептеу қатардың түріне байланысты болады;
Орташа абсолютті өнімді есептеу – тізбекті әдіспен есептелген абсолютті өсімдердің қосындысын өсім санына бөлеміз.;
Орташа өсу қарқынын анықтағанда геометриялық орташа формуласы қолданылады.;
Орташа өсім қарқынын есептеу үшін алдымен орташа өсу қарқынын анықтап алады, содан кейін одан 100 пайызды шегереді.