Қосымша оқығыларыңыз келсе: https://articlekz.com/kk/article/16337 - Шортанбай
https://ortalyq.kz/zar-zaman-zertteu-men-zerdeleu/
29.Сыр бойы ақын-жыраулар шығармаларының ислам тақырыбын саралаңыз, ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
30.Сыр шайырлары шығармаларын саралаңыз, ислам парыздарының жырлануының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Ескерту: Екі сұрақ бірдей (29,30) ХІХ ғасыр әдебиеті қазақ поэзиясының халықтық қуатын, ұлттық сөз өнерін күшейте түсті. Сыр өңірінің ақындық орта өкілдерінің әдеби шығармашылыққа қалыптасуына жетекші ықпал еткен орталықтар -– медреселік оқу орындары. Медреселерден білім алған ақындар ислам дінін насихаттау барысында ағартушылық сарындағы дидактикалық шығармаларын қалыптастырды. Сыр сүлейлері Базар Оңдасұлы, Ешнияз сал Жөнелдікұлы, Жиенбай Дүзбенбетұлы, Ерімбет Көлдейбекұлы, Оңғар Дырқайұлы, Күдері қожа Көшекұлы, Даңмұрын Кенжебекұлы, Мәделі Жүсіпқожаұлы, Омар Шораяқұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Қаңлы Жүсіп, Нұртуған Кенжеғұлұлы, Мәнсұр Бекежанұлы, Молдахмет Дабылұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы, Сейітжан Бекшентайұлы, Мұзарап Жүсіпұлылардың барлығы да медреселерден немесе ахун-ұстаздардан білім-тәрбие алған.
«Ақындық өнер – көркем өнер. Екінің бірі ақын бола алмайды, сонымен бірге, жаратылысынан, тұқымынан ешкім де ақын болып тумайды. Рас, ақын болатын адамның бойында ақындық талант, қабілет, бейімділік болады. Ақындық таланттың адамда болуы, оның өскен ортасына, жас күніндегі тәрбиесіне де байланысты. Көркем өнер айрықша гүлденген, қадір тұтқан отбасылық, қоғамдық ортада ақындық талант ерте, молырақ оянып жарыққа шығады. Егер поэзия, ақын дегеннің қадірсіз, елеусіз, оның ірі, үлгі алатын таланттары жоқ болса, ақындық таланттар мүлде жарыққа шықпай жоғалып кетуі де мүмкін », — деген пікір айтады Е.Ысмайылов.
Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік шығармашылық мектеп дәстүрін қалыптастырып, дамытып шығармалары «Сыр сүлейлері» атауымен халық жүрегінен берік орын алған ақындар шоғыры ұлттық мәдениет тарихында айрықша даралана бағаланып келеді. Олар: Базар Оңдасұлы, Ешнияз сал Жөнелдікұлы, Жиенбай Дүзбенбетұлы, Ерімбет Көлдейбекұлы, Оңғар Дырқайұлы, Күдері қожа Көшекұлы, Даңмұрын Кенжебекұлы, Мәделі Жүсіпқожаұлы, Омар Шораяқұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Қаңлы Жүсіп, Нұртуған Кенжеғұлұлы, Мәнсұр Бекежанұлы, Молдахмет Дабылұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы, Сейітжан Бекшентайұлы, Мұзарап Жүсіпұлы және т.б. ақындарСырдария мен Әмудария өзендері жағалау аймақтары мен Қаратау атыраптарын қамтыған ақындық өнер мектебі дәстүрін ұлттық көркемдік ойлаудың көрсеткіші биіктігінде танытты. Бұлардың шығармашылығын құраған негізгі арналар: Біріншісі – қазақтың ауызша және жазбаша дамып қалыптасқан ұлттық сөз өнері, фольклор мен әдебиет мұралары; екіншісі – Шығыс фольклоры мен классикалық жазбаша әдебиеті; үшіншісі – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында қауырт өркендей бастаған еуропалық дәстүрдегі жаңа жазба реалистік әдебиет.
Сыр сүлейлері шоғырының дарынды тұлғаларының бірі Сейтжан Бекшентайұлының шығармаларының алтын арқауы да — имандай адалдық, періштедей пәктік, ар мен жанның мөлдір тазалығы.
Ақынның жүрек лүпілінің үндеуі – ислам дінінің адамзатты қылаудай қиянатқа барғызбайтын тура жолымен сарындас. Оның діни тақырыптағы өлеңдерінен философиялық ой-толғам, өмірге деген құштарлық байқалады. Атақты Марал ишан бабамызға арналған өлеңінің өзі бір мақалаға жүк боларлық салмағы бар. Бекшентайұлы Сейтжан, Сейтжан сал 1874 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған. Патша заманының және кеңестік дәуірдің алғашқы кезеңінде өмір сүрген. Ақын кеңес өкіметінің «қас жауы» деген жаламен 1938 жылы атылып кетеді. Содан соң жарты ғасырдан соң 1989 жылы ақталып, өлеңдері баспа беттерінде жариялана бастайды. Ақын шығармаларын зерттеу ісі 1944 жылдан бастау алып, Ә.Қоңыратбаев, М.Байділдаев, Н.Керейтбаев, Қ.Есжанов, Т.Дайрабай т.б. зерттеушілер көптеген деректер қалдырады. Аз ғана ғұмырында бірнеше ақындармен айтысқан, жұмбақ айтысқа да қатысқан. Діни тақырыпта жазылған өлеңдерінде жаратылыс сыры, жан мен рухтың тереңдігінің мәнін ашуға тырысады. «Түсейік жолға адамдық» атты жырында:
Бауырларым неге мұнша,
Дүние деп зарладық.
Сол дүниенің қасіреті-
Адамдық жолға бармадық,
Білім, өнер үйренуге,
Назарды бір салмадық
Алжастырып әркімдерді
Туғанды да алдадық
Жиған дүние көрінбей
Адамдық арды жалмадық…
Құрысын енді надандық
Түсейік жолға адамдық,-деп поэзия арқылы қазақ қауымының санасын тәрбиелейді.Адамның ішкі әлеміндегі сапалық құндылықтарды көтеру арқылы, қоғамды жақсарту туралы ой толғайды.Адамды ізгілікке ұмтылу арқылы алланы сүюді, адамзатты құрметтеуді және өзінің ішкі әлеміне үңілуді, жамандық атаулыдан аулақ болуға шақырады. Ақын адамның жетілуі оның өзіне қатысты екенін ескертеді. Өз бойындағы, жаратылысындағы жақсы қасиеттерді өзінің дұрыс өмір сүруіне пайдалана алса, ізгілікке бейімделуге құштарланса ғана, адам өмірі мәнді болады деп пайымдайды.
Ақын-жыраулар шығармаларында «Құдай-бір, Құран-шын, Пайғамбар-хақ» деп берік сенім қалыптастырып, Құран-Кәрім сүрелерінен, аят, хадистарден алынған насихат, үлгі-өнеге болатын ғибрат сөздерді халық санасында имандылық-адамгершілік қасиеттерді түсінуге ықпал жасады.
Осы бағытта жыр жазған ақындардың бірі Қаңлы Жүсіп Қадырбергенұлы.Ол Сыр бойына белгілі ақын-шайыр болған кісі. Ақын, әрі жырау орысша, қазақша сауатты Жүсіп Қадірбергенұлы өмір сүрген кезең Ресейдің отаршылдық саясатының кең өрістеген, сұлтандық пен болыстық жүйенің қазақ елі арасында ру тартысының өрістеген кезеңімен тұстас келген.
Ақынның өлеңдерінде адамгершілік идеясын діни тұрғыдан түсінуге тырысқан. «Құдіреті хақ сүбханның», «Насихат сөз», «Той бастау»өлеңдерінде ақын Алланың мейірбандығын, мейірімділігін еске ала отырып, кісі ақысын жемеу, шайтанның азғыруына түсіп қалмай, пенделерді хақ дін Ислам дініне, ондағы адамгершілікке дәріптейді. «Құдіреті хақ сүбханның» өлеңінде:
Құдіреті хақ сүбханның,
Қолында тұр барлық мүлік.
Көрсетпекке хақ құдіретін,
Санаяр етсін деп сансыз мақұлық.
Неше түрлі жан жаратты,
Бірді кейін,бірді ілік.
Дүнияға беріп зейнет,
Ай мен күнді қойды іліп.
Сыр сүлейлері исламды насихаттау арқылы халықты имандылыққа шақырып, адамгершілік игі қасиеттерге тәрбиелеуді көздеген. Ислам тақырыбындағы мінәжат өлеңдер арқылы лирикалық толғаныс жасаған.
«Мұнажат – арабша – монаджат: 1. Түнгі жалбарыну дұғасы. 2.Діни әнұран. 3.Оңашадағы ашық әңгімелесу.Аллаға өз тағдырына шағымдана, өтінішпен,тілекпен жалбарыну»[12.200]. Зерттеуші ғалым Ахмет Байтұрсынов өзінің зерттеулерінде: «Діндар дәуір мұңды, зарлы сөздеріне мінажат деп ат қойған.Әуелінде мінажат деп ғұламалардың құдайға айтқан зары, арызы, налысы айтылған. Бара-бара зарлық, мұңдық мағынасына айналып, зарлық өлең сияқты сөздер де мінажат деп аталатын болған », — дейді.
Мінәжат өлеңдер – ақындардың лирикалық толғаныстарының өрнектерімен ислам дінінің негіздерін мойындау көзқарастарының көрінісі. Жоғарыдағы анықтамаларда айтқандай, Аллаға жалбарына жыр арнау – ақындықтың азаматтық имандылықпен толысуының белгісі.
Сыр сүлейлері шығармаларында, соның ішінде Тұрмағамбет жырларында адамгершілік-имандылық сарыны, хақ ислам дінін насихаттау байқалады. Аллаһқа шүкірлік жасап, дін жолындағы шайқастың болмауын Аллаһтан нәсіп еткен:
Әй, Кәрім, көптің көңілін басты қайғы,
Кешіріп кеңшілік қыл, болса да айыбы.
Жоюға жаһат қылып жауыздар жүр,
Дінінің Ислам атты бір талайғы.
Сыр сүлейлері Ерімбет Көлдейбекұлының «Мұхаммед Пайғамбар туралы хикая», «Әзірет Әлімен Дариха қыздың күресі», «Әзірет Әлі мен Мағауияның күресі», «Садуахас Сахи», «Ақтам,сабақа», «Атымтай Жомарт», «Әбу Шаһма», «Бап Раушан», Омар Шораяқтың «Мұхаммед», «Мағауия», «һақ Сүлеймен», «Қалимулла», «Әбу Шаһыма», Қаңлы Жүсіптің «Абыра һанның бастан кешкендері» қазақ әдебиетіндегі діни қисса-дастандар қатарына жатқызамыз.
Сыр сүлейлерінің ішінде Шораяқтың Омарында да діни дастандар бар.Атап айтар болсақ: «Мұхаммед», «Мағауия», «Һақ Сүлеймен». Дастандардан Құран Кәрімнің сүрелері, аяттары мен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) пен сахабалардың өмірінде болған оқиғалары суреттелгенін аңғарамыз. Оның «Мұхаммед» дастанына талдау жасасақ, бастан аяқ Пайғамбарымыздың өміріндегі осындай оқиғаларды бейнелеп көрсеткен. Ондағы Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың Меккеге жақын Саур үңгіріне келіп жасырылғандығы баяндалады. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үндеуі халыққа кең тарап кетеді. Оған иланушылардың саны көбейеді. Бірақ құрайыштар бәрібір оның көзін құртудың амалын ойластыра берген. Исламды біржолата тұншықтыру ниетінен қайтпаған. Осы тұста Аллаһ тағала Мұхаммедке (с.ғ.с.) Меккеден Иасрибқа (қазір ол Медине — Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) қаласы деп аталады) шығып кетуге пәрмен береді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сахабаларының бірталайы да осында келіп алған еді, солардан көмек болатыны да ескеріледі.