22.Н.Келімбетовтің Шәді ақын мұрасын зерттеген еңбегін саралаңыз, шығыс әдебиетімен байланысын дәлелдеңіз.
Шəді Жəңгірұлының шығармашылығын арнайы зерттеген ғалым Немат Келімбетов. Он сегіз кітап жазып, оның бірталайын Ташкент, Қазан, Орынбор баспаларыннан шығарған Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында Шəді Жəңгірұлының шығармашылығына жеке тоқталып, арнайы зерттеп Шəді ақын атты еңбегін жазған профессор ғалым Немат Келімбетов. Ғалым Шəді ақынның өмір тарихына жəне оның əлеуметтік көзқарасына көңіл бөлген. Шəді есімі əдебиет сүйер қауымға таңсық есім емес. Оның өмірі мен шығармашылығын зерттеген бірнеше ғалымдар бар. Атап айтар болсақ, Ə.Қоңыратбаев, Б. Кенжебаев, Р. Бердібай, Н. Келімбетов, Ө. Күмісбаев, У. Қалижанұлы сияқты ғалымдар ақын шығармашылығын өз деңгейінде зерттей білді. Шəді ақынның күнделік өмірінің қымбатты кезеңдерімен қатар оның шығармашылық жолында, даму, қалыптасу, процестері арқылы көрсете білген. Өз еңбектерінде ғалым Н. Келімбетов, Шəдінің атақты бес дастанын: Назым чəһар дəруіш(Төрт дəруіш), Хикаят Уəрəқа-Күлше, Қисса Бəрсиса, Россия патшалығындағы Романов нəсілінен хұқмыранлық қылған патшалардың тарихтары һəм ақтабан шұбырыншылық заманынан бері қарай қазақ халқының ахуалы, дастандарын терең, жан-жақты талдаған. Сондай-ақ, ғалым Н. Келімбетов ақын Шəдінің өз қолжазбасы күйінде сақталған Тарих-нама дастанын да жақсы талдаған. Шəді шығармаларын, оның ақындық өнері мен тілін зерттей келе, ғалым шайырдың ақындық диапазонын молырақ тануға, оның шығармалық лабараториясына (зертханасына) кіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ақынның шығармалық жолындағы эволюцияны едəуір аңғартады. Төрт дəруіш, Орқа-Күлше əңгімелері бүкіл шығыс халқына мəлім, түрік тілдес халықтарға да көптен, белгілі көне хикаялар.Бұл тақырапта талай ақындардың дастандары да шыққан. Н.Келімбетов осы жағынан бірнеше фактілер келтіреді де, белгілі желі, сюжеттерді пайдалана отырып, өз дастанын жазған Шəдінің еңбегіне талдау жасайды. Біз Шəді ақынның тек араб, парсы, шағатай əдебиетінің ықпалында болып, назира дəстүрін меңгерген ақын ретінде танып едік. Ал Шəдінің орыс халқының ерлік тарихын жырлап, Қазақстанның Ресейге қосылуын зор шабытпен əңгімелейтін поэма жазғанын екінің бірі біле бермесе керекдейді ғалым Н.Келімбетов. Бұл тың жаңалық сонау Дмитрий Пожарский, Кузьма Мининдерден бастап, Иван Сусанинды жырлап, Петрдің жеңістерін баяндап, өз ойын көрікті де, күшті ету үшін Пушкиннің Мыс салт аттысы мен Полтава поэмаларынан қазақшалап, ұзақ-ұзақ үзінділер пайдалану қазақ əдебиеті үшін үлкен жаңалық. Шəді ақынның 1910 жылы жазған Ресей туралы поэмасы 1912 жылы Орынборда кітап болып басылып шықты. Н.Келімбетов- Шəдінің теңеу сөз образдарын классиктерден қалай қабылдағанын, оған өз тарапынан не қосқанын да түсіндіреді. Шəдінің Қазан, Орынбор баспасынан шыққан кітаптарында араб, парсы сөздері аз кездеседі, ал Ташкентте шыққан кітаптарында көп кездеседі. Тілші- ғалым Балақаев өзінің бір еңбегінде осындай жайттар туралы айта келіп: Əріден келе жатқан, бір кезде қазақтардың да ата- бабаларына ортақ болған... Ортаазиялық əдеби тілдің (түркі немесе шағатай тілінің) ізі сарқыншағы немесе ықпалы деп тануымыз керек , -дейді. Немат Келімбетов сөз жоқ, Шəді Жəңгірұлының шығармашылығын зерттеп, барынша құнды, бізге тың жаңалықтар ашқан зерттеуші ғалым.Өзінің жазған шығармаларының көлемі жағынан бірнеше ақынды орап алатын Шəді төренің еңбектері əлі толық зерттеп болған жоқ. Əсіресе, оның діни шығармалары белгілі бір себептерге байланысты бір жақты ғана қарастырылып, ақын сусындаған діни арналар ескерілмей келді.Тіпті, оны өзі жырлаған діни шығармаларға қарсы бағыттап, барынша діннен алшақ ұстауға тырысып келгені тағы бар .Десекте, оның шығармаларының басым бөлігі діни дастандардан тұрады. Назым Хайбар, Ахуал хиямат, Қисса-Барсиса, Мұсаның Тəуратты алғаны, Қисса Бəлғам-Бағұр, Қарунның жер жұтқан оқиғасы т.б.сол сияқты шығармаларының қазақтың ислам əдебиетіндегі алар орны ерекше