Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз


Әдебиеттану ғылымында діни шығармалардың арнайы зерттелуін саралаңыз, өзектілігін дәлелдеңіз



бет2/52
Дата18.12.2023
өлшемі442,52 Kb.
#140465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, олар-emirsaba.org

Әдебиеттану ғылымында діни шығармалардың арнайы зерттелуін саралаңыз, өзектілігін дәлелдеңіз.

В.В.Радлов — қазақ халқының ауыз əдебиетінің жиналып, зерттелуіне айрықша үлес қосқан түркітанушығалым. Ол өзінің «Түркі тайпалары халық əдебиетінің нұсқалары» (1870. — ІVкіт.) де ген еңбегінде ел əдебиетін қара сөз жəне кітаби өлең деп екіге бөліп қарайды. Сондайақ «Киік»,«Бозторғай», «Құсайынның қиссасы», «Қубас» тəрізді діни дастандарды жинақтап, салиқалы ой пікірлерін жазған. Ғалымның діни шығармаларға да ерекше көңіл бөлгендігі жайлы: «В.В.Радлов қазақтың мақалмəтелдерін, бата беру, тойтамаша, мұңшер өлеңдері мен айтыстары, бақсы сарыны, діни соғыс қаһармандары Хусайын Халиф, Сейітбаттал, Əзірет Əлі жайлы жырларын да жинаған» [11] деп «Қазақ фольклористикасының тарихы» еңбегінде атап көрсеткен. Қазақ жырларының қайсысын алып қараса да, халықтық өрнектердің мол кездескендігін айтады. Бұл пікірден діни дас тандар да сырт қалмаса керекті. Сонымен, ғалымды біз діни дастандарды жинаушы ғана емес, зерттеуші ретінде де мойындаймыз.


Жүсіпбекқожа Шайхыисламұлы — екі ғасырдың тоғысқан тұсында өмір сүрген, ел қазынасының жанашыры, ауыз əдебиетін жинаушы ақын. Əсіресе діни шығармаларды жариялауға ден қойып, көптеген дастандардың баспа бетін көруіне себепші болған. Жырдың соңында:


Мұны жазған сұрасаң, қожа затым,

Жақсылар айып етпе, жазған хатым.

Əкем аты — Шайхыслам Қожазада

Жүсіпбек, мұны жазған — менің атым [5; 97] деген тəрізді сипатта өзінен мəлімет беріп отырады. Ақынның өмірі жайлы «Парасат» журналының 1991 жылғы № 4 санында Азат Мұсаұлының мақаласы жарияланды. Онда: «Оның туыпөскен мекені Арқа болғанымен тағдыр талқысымен Шыңжаң өлкесіне өтіп (Қытай Халық Республикасы), сонда қайтыс болған. Бейті Іле облысының, Текес ауданында, Шиліөзен ауылының оңтүстікшығысындағы жатағандау төбенің үстінде. Басына қойылған биіктігі бір жарым метрдей, ені 80–90 см шамасындағы қолдан құйылған ақшыл сұр таста араб əріптерімен: «Қазақтың ауыз əдебиеті үлгілерін жинаушы, бастырып таратушы, насихаттаушы, əйгілі ақын Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы. 1857–1937» деген жазу бар. Жергілікті тұрғындардың айтуына қарағанда, өзінен кейін 9 жыл өткен соң қайтыс болған үшінші əйелі Бəтима Ағыбайқызы да осында жерленіпті» деп жазылған. Жүсіпбек 1890 жылдардан бастап Петербор, Қазан, Уфа, Ташкент баспаханаларында халық мұраларын бастырып шығарумен айналыса бастайды. 1894 жылы «Қыз Жібекті», 1896 жылы «Айман — Шолпан», 1898 жылы «Біржан— Сара айтысы», 1899 жылы «Алпамысты» жарыққа шығарды. Осы кезеңдерде «Салсал», «Зарқұм», «Алтын балық», «Кербала», «Мансұр — ƏлХалаж», тағы басқа діни жырларды да жариялайды.

Эпикалық жырларды, қиссадастандарды жарыққа шығару ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында айрықша көрініс берді. Ислам діні жолындағы мұсылман батырларының ерлігін сипаттайтын, ел ішіне кеңінен тараған «Зарқұм» қиссасы осы кезеңде Қазаннан он рет басылып шықты (1877, 1879, 1881, 1883, 1888, 1902, 1907, 1909, 1914, 1916). Aңыздың желісінде эпикалық жырға айналған, батырлықты балуандықпен ұштастырған «Дариға қыз» дастаны Қазандағы баспадан, 1897, 1901, 1902, 1913 жылдары дүркіндүркін жарияланды. В.В.Радлов 1870 жылы бірнеше дастан дарды жарыққа шығара отырып, ғылыми пікір айтқан. Діни дастандардың негізгі өзегі əлемдік деңгейдегі биік тұлға, пайғамбар, ислам дінін орнықтырушы — Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірімен байла нысты. Осындай мұралардың бірі «Расулдың миғражға қонақ болғаны» туындысы 1896 жылы Қазандағы Құсайыновтар баспаханасынан Жүсіпбекқожаның дайындаған нұсқасы бойынша жарық көреді. Ақын осы жылы «Мұхаммед Расул Алланың дəрул пениден дəрул бақиға рихлат еткен мəселесі» қиссасын қоса тапсырады. Ислам дініне мойынұсынып, мəн берген Құсайыновтар əулеті діни дастандардың жариялануына тəнті болып, қаражатты өздері төлейді. Бұл шығарма он жылдың ішінде осы басылымнан алты мəрте басылып шығады. Əлемге танылған əйгілі «Жүсіп — Зылиха» дастаны да осы Құсайыновтардың баспаханасында 1918 жылы басылған. Діни шығармалардың осы лайша жиіжиі, жарыққа шығуы халықтың талаптілегіне орай болса керекті. Мəселен, 1902–1916 жылдардағы «Зарқұм» қиссасының жеті басылымының таралуы 48000 данаға жеткен [13]. Бұл сол кездегі деңгеймен салыстырғанда озық орындағы жарияланымға жатады. Кеңес дəуірі тұсында алды мен тұсау салынған жағдай дін болды. Адамның санасын улап, өмірін аздырады деген бағытпен ықпал жасап, дінге қатысты шығармалардың жариялануына тыйым салды. «Дін — апиын» тəрізді жарнамалар шығарып, баспасөзде айдарлар тағылды. Өмірге атеизмді əкелді. Сөйтіп, ХХ ғасырдың соңына дейін халық өзі өңдеп шығарған көптеген бағалы мұраларынан қол үзіп қалды. Кеңестік кезеңде жарияланған дінге тікелей қатысты эпикалық жыр — «Жүсіп — Зылиха». Ол 1976 жылы «Ғашық наме» жинағында жарық көрді. Ғашықтық дастан тұрғысынан алынып, енгізілген қисса туралы азды көпті ойпікірдің де айтылуы, келешектегі үлкен бастаманың ашылуына жол сілтегендей еді.

Кеңес дəуірі тұсында діни дастандар тұрмақ дінге қатысы бар дүниелер туралы арнайы пікір ай ту мүмкін емес еді. Жалпылама ойлар А.Байтұрсыновтың, Х.Досмұхамбетұлының, М.Əуезовтың еңбектерінде кездескенімен, діни дастандарға орай арнайы зерттеу жұмысы жүргізілген жоқ. Деген мен, ғалым Н.Келімбетов исламға байланысты мұралардың қазақ даласындағы жандануына мəн беріп, нəзира дəстүрін дамытушылардың бірі Шəді Жəңгіровтың əдеби мұрасы жайында көлемді еңбек жазды. Мұнда авторлық діни қиссаларға кеңінен тоқталып, тереңнен талдап, жанжақты зерт теулер жүргізді. Бұл сол кезеңдегі діни шығармаларды көркем туынды ретінде қарастыруға арналған алғашқы қадамдардың бірі еді. Ү.Сұбханбердинаның топтастыруымен 1974 жылы жарық көрген





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет