Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз


Батыс жыраулық мектебі өкілдерінің шығармаларын саралаңыз, ондағы шариғат көрінісінталдаңыз



бет54/67
Дата07.01.2022
өлшемі171,84 Kb.
#19580
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67
31.Батыс жыраулық мектебі өкілдерінің шығармаларын саралаңыз, ондағы шариғат көрінісінталдаңыз.Батыс жыраулық мектебіне Маңғыстау, Жайық және Ақтөбе жыраулық мектептері кіреді. Маңғыстау мектебінің белгілі өкілдері - Абыл, Ақтан, Нұрым, Қашаған, Сүгір, Сәттіғұл, яғни Мұрын жыраумен жалғасқан адайдың жыраулары; Жайық мектебіне Мұрат Мөңкеұлы, Махамбет, Сартай, Өмір Көшекбайұлы, Сартай, Әбуғалидың Құмары жатады; Ақтөбе мектебіне Кердері Әбубәкір, Өтім жырау, Қосым жырау, төртқара Теңізбай жырау, жолшара Қайырмақал, Қалмұрат жыраулар, қырықмылтық Қарасай жырау, жоли Жақсылық, жаманша Әбдімұрат, шөмекей Мұратбай, төртқара Оразбай жырау, табын Ережеп, шөмекей Сүйіндік, Сүйкімбай, Наурызбек, т.б. жыраулар кіреді. Бұлар үшеуі бір мектепті құрағанымен, әр өңірдің домбыра тартысы мен мақамында өзгешеліктер бар.

Маңғыстау мектебі өкілдерінің ішінде Қашаған Күржіманұлының тұғыры биік.Қашаған Күржіманұлының Есқали сопымен кездесу барысында айтқан сөздері кітап ұстап, діни сауаты біршама адамның аузынан шыққаны көрініп тұр. Аталған кездесу былай болған: Қашаған ақын мен Құрманғазы күйші қыстың бір суық күнінде Каспий теңізінің маңындағы ауылға түседі. Қашағанның ақын екенін білушілер оны әдейі шықберместігімен аты шыққан Есқали сопының үйіне әшкерелеу мақсатында қонуға жібереді. Үйге кіргізбей, есік алдындағы қарға жыққан сопы келінін ақын былай деп тоқтатады:

Ал, сендеұят та жоқ, иба да жоқ,

Шамасыұялатыниман да жоқ.

Және де әдет те жоқ, ақыл да жоқ,

Өзіңжаманболғансоңжақын да жоқ.

Қонақтыренжітпейсыйладеген,

Үйреткената-енеңненнақыл да жоқ

Қашағанақынныңбұлсөзінен «Ұят – иманнан» дегенхадиспентаныстығынжәнемән-мағынасынтолығыменбілетінінкөреміз. Ақынныңөлеңжолдарынанбұл хадис ел ішіндекеңтарағанынжәнеқазақыділтұрғысындағытүсіндірмесіқалыптасатарағанынкөреміз. Сондай-ақөлеңнің «жоқ» сөзінқайталауарқылы «ұятжоқ», «ибажоқ», «иманжоқ», «әдетжоқ», «ақылжоқ», «жақынжоқ», «нақылжоқ» дегенұғымдаржүйеқұрып, біртұтасисламиоқуданақпаратберіптұр. Кездесу оқиғасын жалғастыра түсейік: ақын сөзін естіген сопы қонуға рұқсат бергенмен, жақтырмағанын білдіре, амандаспай намазға кіріседі. Оныменқоймай, домбыраныңдыңылынестисалысыменЕсқалисопы «шайтанныңқуағашыбұлүйгеқайданкелді?» – депжекіреді. СопыныңнадандығынаызаланғанҚашағанжырдытөгілтетүседі:

Тәубемкөпдепмақтансаң,

Барсисаны да құдайқарғаған,

Азғырып шайтан алдаған.

Біздікүнәсікөпдепбоқтасаң,

Жүзкісініөлтірген,

Жанынақазакелтірген,

Насуханы да құдайоңдаған

Қашаған ағаштың кең функциясын тізбектеуде де, діни тезаурусты пайдаланған. Бұл актіде мұсылманшылық сырт болмысты белгілеген атаумен емес, сенім мен біліммен, ішкі дүниенің руханишылығымен танылатынын бастыра айтқан:

Пайғамбарлар туғанда,

Бесік болған бұл ағаш.

Ибраһим Қағба салғанда,

Есік болған бұл ағаш.

Мұнаралы әр жерде,

Мешіт болған бұл ағаш.

Шеберлердің қолында,

Кәсіп болған бұл ағаш.

Өзіңді халық сұпы дейді.

Боқтағаның қай ағаш?

Жайық мектебінің белді өкілі Мұрат Мөңкеұлы шығармалары да иман тақырыбынан айналып өтпеген. Оның өлеңінен ел бірлігінің берекесі қашқанын, бітімгерлік бəтуаның бұзылғанын көреміз. Екіге жарылуды ақын екі адамның ұстасуы түрінде бейнелейді:

Адамның азған белгісі:

Екі кісі дауласса,

Тату бол деп айтпайды.

Екі айырып арасын,

Арасынан пара алған.

Мұсылманның баласы

Қашуды қойды арамнан... Заманның бұзылуына байланысты ендігі адамдарда қайыр, шапағат, салауат деген қалмай барады. Ар, ұят, иман, адамгершілік жоғалып, жабайыланып барамыз деген пікірлерін жырлайды ақын:

Шапағат, қайыр қалмады

Жақын-жуық, жараннан.

Атқа мінген жігітте

Қалмады нəрсе қарардан,

Қайыр кетіп қазаннан,

Қуат кетіп азаннан

Ислам діні негізінде пайда болған сопылық VІІІ ғасырда өмірге келе отырып, қазірге дейін қазақ поэзиясына өзіндік әсерін тигізіп келеді. Сондықтан олардың жыр-дастандарында сопылық сарындар көрініс беріп отырған. Мәселен оны Әбубәкір Кердерінің төмендегі өлең жолдарынан байқай аламыз:



Сопылық деген ауыр жол,

Пендеге зарар етпеген,

Ұстап жүрсең тәуір жол

Сопылықты іздесең

Дүние қуып кетпеген...

Оқыған көп ғалым бол.

Аллаға ғашық дос болған,

Атқан оққа төзгендей,

Шайтанменен қас болған,

Қара тастан қалың бол. - деген екен.

Бүкілжандүниесімен Алланы бір деп танығанӘбубәкірКердерініңкезкелгенөлеңіноқысаңызшариғатжолынбарыншатерең , барыншанәзікжырлайды. Ақынныңшығармаларыноқыпотырып, оныңдінқағидаларынжақсымеңгергеніанықбайқалады:

Қараңғыкөргекіреді,

Ажал жетіп, ер өлсе.

Періште келер сұрауға.

Алла Тағаланың шексіз құдіретіне махаббатын өзінің жыр-толғаулары арқылы жеткізген Кердері Әбубәкір де жоқтан бар жасаушы Иесіне деген өз іңкәрлігін төмендегіше төгілтеді:

Әуелі, Алла, жараттың

Топырақтан халық етіп.

Шығардың бізді жарыққа

Қараңғыдан жарық етіп,

Жеті мүше жан беріп

Оны бізге көрік етіп.

Біреу – жігіт, біреу – жас,

Біреуді қойдың қарт етіп.

Біреу – ауру, біреу – сау,

Біреу – жарлы, біреу – бай,

Біреуді қойдың жаһанда

Мал-дәулетке қарық етіп.

Кердері Әбубәкір түйген ой Алла Тағаланың адамзат баласын түрлі жағдайда сынауымен байланысты өрілген. Ақын пайымдауында әр адам өзіне жазылған тағдырға тәубе етуі тиіс. Себебі, тәубе мен қанағат – пенденіңеңізгіниеттерінентуады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет