«Асқа, тойға баратұғын» деген өлеңінде Абай:
Сен асыққан екен деп,
Алла әмірін өзгертпес.
Айтқаның болар ма екен деп,
Мен қорқамын, көз жетпес.
Егер адамның барша іс-әрекеті тек қана Алла әмірі'.
мен болса, адамда не ерік қалады. Сондықтан ойшылдар әмірдің онтологиялық мәнін мойындаған, яғни әмір заңдылықтың синонимі. Ол болмай қоймайтын шындық бірақ әмір бізге, адамдарға, «Алла әмірі» болып қабылданады. Шындығында әмір Алладан да тыс абсолюттік ақиқат. Олай болса, мәселе Әмір мен Алланың. Адамға бұйрығының сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы болуы керек. Абай айтуынша, адам асыққанмен Алла әмірін өзгертпейді. Себебі, «әмір» іске асқалы тұрған шындық, ол болмай қоймайтын заңдылық, өмір қажеттілігі.
Демек, «Алла әмірін» адамдар мойындап қана қоймай, оны тануға әрекет еткендері жөн. Абайдың «сен асыққан екен деп, Алла әмірін өзгертпес» деген түжырымын таным үшін айтылған сөз деп қабылдаймыз. АдамАлла әмірін танып-білсе асығыс іс жасамайды, қажеттілікті қабыл алып, соған орай әрекет етеді. Демек, мәселе Алла әмірін тануда. Міне, осы жолда адам ерікті. Адам еркі мен Алла әмірін Абай осылайша түсіндірген
Достарыңызбен бөлісу: |