Діни туризмнің географиясы



бет2/4
Дата25.10.2022
өлшемі27,33 Kb.
#45262
1   2   3   4
Байланысты:
Туризм 6Дін

1.1. Діни турист
Діни турист - өзінің тұрғылықты жерінен жарты жылдан көп емес уақытқа, діни сенімдеріне байланысты қасиетті жерлерге сапар шегеді. Діни туризм, негізінен, екі топқа бөлінеді:
• Зиярат ету
• Экскурсиялық-танымдық бағыттағы діни туризм
Зиярат ету туризмі - сенуші туристтердің қасиетті жерлерді аралауға, оларға табынуға ұмтылуы.
Зиярат етудің себептеріне келесі мысалдарды келтіруге болады:
• Физикалық және рухани жайсыздықтардан аластану;
• Туған-туысқандары үшін жалыну;
• Болашақта сәтті болу;
• Құдайдың алдында парызды орындау;
• Күнәларынан арылу;
• Оған берілген бар жақсылық үшін ризашылығын білдіру;
• Діни сенімділігіне адалдығын білдіру;
• Дінге өзгелерді тарту мақсатымен;
• Өмірдің мәнін түсіну мақсатымен.

Зиярат ету - адам мен шынайы өмірдің арасындағы ерекше қарым қатынас. Зиярат етудің мақсаты: қандай да қиындықтарға тап болмаса да, адамдардың шынайы ниеттерімен сеніп, саяхаттауы, материалды қажеттіліктерден рухани азық үшін бас тарту.


Индуизм, православие және католицизмде көбіне жаяу жүру кең қолданылады.
Адамдар көбіне өздерінің күнделікті жағдайларында салт-дәстүрлерін орындауға мұршалары болмаған жағдайда зиярат етеді.


Негізгі бөлім

Адамның діни өмірі үлкен мазмұнға толы. Оның негізі – адамның ішкі құмарлықтарымен, күнәларымен күресу, оны адам өз бойынан аңғара алды. Ешбір дін экстремизм мен зорлық-зомбылықты мойындамайды. Кез келген діннің негізінде ізгілік, әділдік, бейбітшілік, достық идеялары жатыр. Мүминнің жүрегіне баратын барлық бұрыс жолдар қақтығыстарға әкеледі. Белгілі бір діннің негіздерін білу дұшпандықтан аулақ болуға мүмкіндік береді. Бұл мақалада мұсылмандық ілім мен мұсылман мәдениеті достық пен бейбітшілікті дамытудың факторлары ретінде, дана әрі үлкен назар аударуға тұрарлық құбылыс ретінде қысқаша талдау жасалған. Діндегі бейбітшілік пен достықтың мән-мағынасын дұрыс түсіну ХХІ ғасыр жағдайында маңызды. Қазір үлкен өзгерістердің уақыты. Қазіргі қоғам рухани жетіспеушілік дағдарысынан аман өтуі керек. Ал, біздің ойымызша, бұл дағдарыс қазірдің өзінде өтіп бара жатыр, бейбітшілік пен халықтар арасындағы достық заманы басталып, даналардың заманы, даналық дәуірі жақындап келеді. Мақалада ислам мәдениеті мен ислам дүниетанымын зерделеу негізінде қазіргі цифрлық (субъектаралық, қираған, бет-бейнесі жоқ) әлеуметтік кеңістікте халықтың дамуы үшін дәстүрлі құндылықтардың маңыздылығы айқындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет