1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.
Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.
1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.
Дінмұхамед Ахметұлы отбасымен (сол жақта екінші қатарда бірінші тұрған)
Еңбек жолдары
1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болдыі.
1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.
1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.
Еңбек жолдары
1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.
1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.
Қонаевтар отбасы 1927 жыл, Дінмұхамед 13 жаста Дінмұхамед Ахметұлының жас кезі
Қызықты ақпараттар
Дінмұхамед Қонаев - КСРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ. Ол КСРО ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болған.
Қонаевтің жеке күзетшілері болмаған. Басқалары жеке күзетшілерімен жүргенде Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген.
Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан.
Шағын пәтерінде(қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы 200 кв.м
Кезінде Леонид Брежнев(КСРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп, Қонаев үйіне қонаққа келеді. Пәтерін ары аралап бері аралап: "Бар дүниең осы ма?"- деп таңданады.
Д.Қонаев және Л.Брежнев Д.Қонаев «Современик» театрының әртістерімен кездесу үстінде (6.04,1973) Монғол Халық Республикасының делегациясын қарсы алу сәті. Д.Қонаев және жұбайы Зухра Ялымова (1976 жыл) Д.Қонаев өзінің жұмыс кабинетінде Қазақстан картасы алдында түскен суреті Дінмұхамед Ахметұлы інісі Диармен бірге Дінмұхамед Ахметұлы 60 жас мерейтойында 12.01.1972 ж. Дінмұхамед Ахметұлы Қапал Арасан шипажайында ( 21 тамыз 1993 жыл) Қазақстан компартиясының бірінші секретары Д.Қонаев (сол жақта),ЦК КПСС бас секретары М.Горбачев (оң жақта). Целиноград, 1985 ж.
Дінмұхамед Ахметұлы халықпен кездесу сәті Дінмұхамед Ахметұлының аңшылықта жүрген сәті Д.Қонаев өзінің кітапханасында Дінмұхамед Ахметұлы өзінің үйінде жазушы Серік Әбдраимов пен композитор Е.Хасанғалиевпен бірге Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. Дінмұхамед Ахметұлы ел ағаларымен бірге Дінмұхамед Ахметұлының ескерткіші Дінмұхамед Ахметұлын бір топ замандастары еске алуда