Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев


Игі істері мен жетістіктері



бет2/4
Дата09.11.2022
өлшемі2,78 Mb.
#48719
түріӨмірбаяны
1   2   3   4

Игі істері мен жетістіктері Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.

Марапаттары Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (1972, 1976, 1982) 8 Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту ордені

Мақалалары мен кітаптары 1978 жылы – «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары» 1992 жылы – «О моём времени» 1994 жылы - «От Сталина до Горбачёва» 1994 жылы - «Ақиқаттан аттауға болмайды»

Д.А.Қонаев есімі берілген жерлер Алматы қаласында ескерткіш – бюст. Астана және Алматы қалаларында - көшелер. Үлкен Алматы каналы. Орал қаласында - шағын аудан. Тараз қаласында - орталық көше және бюст. Талдықорғанда- көше, сәулетті кешен және бір жоғарғы оқу орны. Алматы қаласында - жекеменшік университет. Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында - орталық көше. 1992 жылы Алматыда Халықаралық Қонаев қоры құрылды. 1994 жылы – Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың мұражайы ашылды. Шымкент қаласында - орталық гүлзәр және сол гүлзәр бойында мұражай.

Димаш Ахметұлы Қонаевтың ел басқарған кезеңі 1955-1986 жылдары. Осы жылдарда Қазақстанның экономикасы 7 есе өсіті. Мыңдаған елді мекендер пайда болған, 68 жұмысшы поселкесі, 43 қала салынды.. Халықтың саны өсті, ол республика қуатының өркендеуіне қол жеткізді.

Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды. Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет