Диплом бойынша мамандығы: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің бакалавры Жалпы педагогикалық өтілі: 26 жыл Педагогикалық тәжірибе алмасу тақырыбы : «Мектеп оқушыларын зерттеушілік жұмыстарға бейімдеу»



бет6/9
Дата21.12.2023
өлшемі45,71 Kb.
#141999
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Оқушыларды ғылыми жұмысқа бейімдеу

Зерттеу кезеңдері:
1. Әдебиеттерге шолу;
2. Тарихымен танысу;
3. Ғалымдардың еңбектеріне шолу;
4. Абай Құнанбайұлының қолданған фразеологизмдерін зерттеу;
5. Мұқтар Әуезовтың «Абай жолы» еңбегінде қолданған фразеологизмдерін теріп жазу, анықтама беру;
6. № 39 орта мектебінің 10 «а» сынып оқушыларына фразеологизмдерді қолдандырып шығарма жазғызу;
7. Қорытынды жасау.
Зерттеу тәсілі: әдебиеттерді зерттеу, еңбектен фразеологизмдерді теріп жазу, анықтама беру, шығарма жазғызу.
Өзектілігі:
Фразеология- тіл мәдениетін арттырып, шеберлікке үйрететін сөз өнерінің асылы. Халықтық сана-сезім, салт-дәстүр, мәдени тұрмыс тарихын бейнелейтін фразеологизмдерді оқып танымайынша, тіл байлығын, тіл ерекшелігін түсініп, толық ұғыну мүмкін емес.


ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ
Зерттеу тақырыбы: «Фразеологизмдердің өмірдегі қолданысы»
Оқушының аты-жөні: Нұрмагамбетова Салтанат
Мектеп, сынып: «Павлодар қаласы № 39 инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар жалпы білім беру мектебі» ММ,
11 «А» сыныбы



Күні

Жұмыс мазмұны

Зерттеу тәсілі

Ескерту

қыркүйек
2013 жыл

Жобаның мақсаты мен тақырыбын анықтау.

Жобаның мән-мағынасымен танысу

Дайындық

қазан

Жоспарлау

Жұмыс жоспарының міндеттерінің құрылымын жасау




қараша- желтоқсан

Ақпарат көздерін анықтау

Материалдар жинақтау




қаңтар-ақпан
2014 жыл

Аралық міндеттерді шешу

Еңбекпен жұмыс, сауалнамалар, байқаулар




наурыз-мамыр

Зерттеу

Ақпарат жинау. Қорыту




маусым-тамыз

Аралық міндеттерді шешу

Еңбекпен жұмыс




қыркүйек-қазан

Шешімдері мен түйіндемелері

Қорытынды




қараша

Аралық міндеттерді шешу

Оқушылар шығармалары, сауалнама




желтоқсан

Шешімдері мен түйіндемелері

Қорытынды




қаңтар-ақпан 2015 жыл

Өздігінен білім жетілдіру

Өздік жұмыс




наурыз-сәуір

Бағалау

Ұжымдық талқылау

Мектепішілік ғылыми жұмыстарды қорғау сайысы

мамыр- тамыз

Өздігінен білім жетілдіру

Өздік жұмыс




қыркүйек-қазан

Қалалық ғылыми жұмыстарды қорғау сайысына дайындық

Презентация




қараша

Қалалық ғылыми жұмыстарды қорғау сайысы

Жобаны қорғау



2.4. Оқушылар шығармалары


Қызық оқиға
Бір күні біз қыздармен жидек жинауға бардық. Алайда біз адасып, ит өлген жерге кетіп қалыппыз. Бірақ біз өте әдемі жерді таптық, онда өте көп әртүрлі жидектер болды. Адасқанымыз туралы ұмытып, біз жидек жинауға кірістік. Біраз уақыттан кейін мен біреу қарап тұрғанын сездім. Ол аю екен. Ол да жидекті жақсы көреді ғой. Менің төбе шашым тік тұрды. Аю көзін ашып- жұмғанша бәріміз жан-жаққа қашып жоқ болдық. Ауыл шетіне ілініп, таяқ тастам ғана жер қалғанда біздің қуанышымыз қойнымызға сыймады. Бізге бұл оқиға келешекте жақсы сабақ болды. Ел білетін, белгілі жерге бару керек екен.
Уалиева Әйгерім
Менің достарым
Менің досым көп. Олардың ішіндегі үш досыммен бір оқиға болды. Бір күні біз сапарға шықтық. Онда бір күн өткіздік. Менің досым құмды жермен өтіп келе жатқанда бір таяқты басып кетті. Ол оны жылан екен деп төбе шашы тік тұрды. Қатты шошығаны сондай көзі алақандай болып, жерге құлап түсті. Оған екінші досым сорасы аққанша күлді. Сосын біз шатырларды құрдық. Кеш бата орманнан қасқыр сияқты бір аң шықты, біздің жүрегіміз аузымыздан шыға жаздады. Жүгіріп барып ағаштың басына шығып кеттік. Ол аң біздің тамағымызды тістеп алып кетіп қалды. Біз жерге түстік. Содан кейін ұйықтауға жаттық. Түнде қыбырлаған дауыс естілді. Біз қасқыр тағы қайтып келді деп ойладық. Ол біздің досымыз екен. Ол өз шатырында тыққан тамағын жеп жатыр екен. Біз оған: «Қандай пейілің тар еді»,- деп келемеждеп күліп, басымызды шайқадық. Келесі күні біз үйге қайттық. Қызық оқиғамыз осылай аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет