Диплом бойынша мамандығы: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің бакалавры Жалпы педагогикалық өтілі: 26 жыл Педагогикалық тәжірибе алмасу тақырыбы : «Мектеп оқушыларын зерттеушілік жұмыстарға бейімдеу»



бет1/9
Дата21.12.2023
өлшемі45,71 Kb.
#141999
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар
№39 ЖОББ ММ
Алдынғы қатарлы педагогикалық тәжірибемен бөлісу
Павлодар қаласы №39 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Есембаева Бақтылы Иланбекқызы

Тақырыбы: «Мектеп оқушыларын зерттеушілік жұмыстарға бейімдеу»

Павлодар қаласы- 2015

Ақпараттық бет


Тегі: Есембаева
Аты: Бақтылы
Әкесінің аты: Иланбекқызы
Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Жұмыс орны: Павлодар қаласы №39 ЖОББМ ММ
Диплом бойынша мамандығы: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің бакалавры
Жалпы педагогикалық өтілі: 26 жыл
Педагогикалық тәжірибе алмасу тақырыбы: «Мектеп оқушыларын зерттеушілік жұмыстарға бейімдеу»


Аннотация
ХХІ- ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. Ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда, сондықтан оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруды мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек.
Тәжірибе бөлісудің мақсаты:
Мектеп оқушыларын зерттеушілік жұмыстарға бейімдеудің өз тәжірибелік жолдарыммен таныстыру, көпшілік назарына ұсыну, жас мамандарға көмек көрсету.
Гипотеза: оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттырсақ, оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдейміз. Егер оқушы ғылыми жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әрі оқушының ғылыми жұмысының тиімділігі –ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске бейімделе талпынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет