Тоғыз тораудағы кездесу
Талас өзенінің төменгі бойындағы көкмайса жерге тұс-тұстан тоғыз жол келіп түйіседі. Сондықтан тоғыз жолдың торабы Тоғызторау деп аталады. Әйтеуір бір жылы сондағы құдық басына тоғыз аңшы келіп, бір-бірімен түгел қол берісіп амандасып шығады.
- Бәріміз қанша рет қол алыстық?-дейді сонда жолаушылардың бірі.
Кім білсін, ал мен өзім сегіз адаммен аманадастым, -дейді жолаушы.
Тоғыз жолаушы бір-біріне қанша рет қол берісті.
Шешуі: Бұл есепте бірінші адам сегіз адаммен амандасады. Екінші адам жеті адаммен амандаса. Сол сияқты соңғы адам ешкіммен амандаспайды. Сондықтан келесі теңдеуді шешкен жеткілікті:
Жауабы: Тоғыз жолаушы бір-біріне 36 рет қол берісті.
Достарыңызбен бөлісу: |