Жерден қоян тапқандай
Бір аңшы қартайған шағында қақпанын баласыны тапсырады. –Мына үш қақпан мені қырық жыл асырады,- дейді ол ұлына.
- Бұл үшеуі сенің балаңның баласын да аш қылмайды.
- Жарайды көке, -деп бал үш қақпанды, сонша темір қазықты, әрқайсысы бір құлаш келетін темір қазықты қабылдап алады.
Бала тұтасқан қалың шеңгелдің ішіне қақпандарын құрып, бетін шөп-шаламмен жауып қайтып кетеді. Келесі күні таңертең үш қақпанның біреуіне ғана қоян түседі. Солайша, ертеңіне де бір қоян алып қайтады.
- Екі күнде әкелгенің екі қоян, жерден жеті қоян тапқандай қуанасың, балам,- дейді әке бала тіршілігіне көңілі толмай.
- Қалайша, көке, бір қақпанға екі қоян түссе де жеті қоян болмайды ғой,-дейді бала әке сөзіне таңданып.
Әкесі сол күні түнде қақпанды өзі құрып, жиырам бір қоян ұстап әкеледі. Бала қоян санын үш қақпанға бөліп, әрқайсысына жеті қояннан түскеніне аң-таң қалады.
- Олай емес... Екінші қақпанға бірінші қақпаннан екі қоян көп, ал үшіншісіне қарағанда екі қоян кем түсті,-дейді әкесі.
«Қай қақпанға қанша қояннан түсті екен?»-деп бала ойланып қалады.
Шешуі: Екінші қақпандағы қояндар санын деп алып, теңдеу құрастырамыз:
Теңдеуді шешсек, шығады.
Жауабы: Бірінші қақпанға бес қоян, екіншісіне жеті қоян, үшіншісіне тоғыз қоян түскен.
Достарыңызбен бөлісу: |