Зерттеу міндеттері:
бүтін сандарда шешілетін теңдеулерді топтарға бөлу.
әр топтың теңдеулері үшін шешу әдістерін үйрету.
теңдеулердің логикалық құрылымдық мағынасын ажырата білу.
Зерттеу жұмысының нысаны: мектепте математика пәнін тереңдетіп оқыту.
Зерттеу пәні: мектеп математика курсында бүтін сандарда теңдеулерді шешу үрдісі.
Зерттеу базасы: Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының облыстық мамандандырылған дарынды балалар үшін мектеп – интернаты.
Диплом жұмысының құрылымы
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде бұл жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы баяндалады. Бірінші бөлімде бүтін сандарда шешілетін теңдеулердің теориясы баяндалады. Екінші бөлімде бүтін сандарда теңдеулерді шешудің әдістері жазылған. Бірақ бүтін сандар жиынында теңдеулердің шешудің жалпы методикасы жоқ. Бүтін сандар жиынында теңдеулерді шешу оқушының байқағыштығын, логикалық ойлай білуін, ұқыптылығын, анализ жасай білуін талап етеді. Сонымен бірге осы тарауда бүтін сандарда шешілетін байырғы қазақ есептері жазылған.
Достарыңызбен бөлісу: |