Диплом жұмысы 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт»


cурет а,б,в. Кеудеден асырып лақтыру



бет6/12
Дата06.09.2022
өлшемі4,71 Mb.
#38500
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
фкс дипломдық жоба

4 cурет а,б,в. Кеудеден асырып лақтыру

Бұл тәсіл аяқты тіктеп, қарсыласты жоғары – артқа қарай жұлқып, шалқалап құлау арқылы орындалады. Ол үшін арқа және аяқ бұлшық еттері жақсы жетілуі тиіс. Мұны аласа қарсылысы тіке тұрып күрескенде, сондай-ақ қарсылас шабуылдаушыға қарсы жүргенде орындаған дұрыс.


Тактикалық даярлық: қарсыласын оң қолымен белбеуден алып, шабуылдаушыны арқасынан асырып лақтыруға тырысады. Оның оң қолын босатып, денесі мен қолын қоса ұстап шалқалап лақтыру керек. Шабуылдаушы қарсыласын денесі мен қолын қоса ұстап іштен іліп лақтыруға ұмтылады. Бұдан қорғану шалқалап лақтыруға жағдай жасайды.
Қорғану: отыра беріп денесін шалқайтып және бос қолын шабуылдаушының кеудесіне немесе беліне тіреу керек.
Қарсы амалдар: денесі мен қолынан ұстап шалқайып лақтыру.
Комбинациялар: арттан шалу – қолдарын білекке салып арқадан асырып лақтыру; іштен аяқпен орау – қолдарын білекке салып арқадан асырып лақтыру.



5 cурет а,б,в,17,18,19. Белбеудің артынан және жеңнен ұстап шалқалап лақтыру

Орташа қашықтықтан немесе жақынан шабуылшы тік тұрған күйі қарсыласын белбеуінің артынан ұстап, оны кеудесіне қысып бір мезгілде тізесін бүгеді. Шалқалап, қарсыласы орнынан тұрғанда, оны жамбасымен алға – жоғары қарай қағып, көтеріп, белбеуден ұстаған жағына бұрылады да, оны өзінен асыра лақтырып жібермеген күйі жауырынын кілемге тигізеді.


Тактикалық даярлық: бұл тәсілді қарсыласы шабуылдағанда оны еркін қимылдатпай тежеп , содан соң орындаған ыңғайлы. Шабуылдайтын аяғын өзіне және бір жанына қарай жұлқу, лақтыратын жаққа қадам жасауға мәжбүр етіп, өзіне қарай жұлқу.
Қателер: шабуылдаушы аяғын қатты сілтеп, тізеден соғады. Тек қарсылас алға еңкейіп, тепе-теңдігінен айырылғанда ғана қағу керек.
Қорғану: өзінің қағатын аяғы жағынан қарсыласының белбеуінен ұстап тізелерін бүгіп, шабуылдаушыны кейін итеріп, шалқайып барып одан аттап өту керек.
Комбинациялар:бүйір жағынан қағу-қырқа шалып лақтыру, арқадан асырап лақтыру-қырқа шалу, іштен іліп-қырқа шалу.
Әдістемелк нұсқаулар. Бұл тәсілді үйренуден бұрын 3-4 ай бойы арнайы жаттығулар арқылы, әсіресе арқан мен аяқты жазатын бұлшық еттердің дамуына назар аударып, палуандарды әбден шынықтыру керек. Палуандар артқа құлаудан қорқпас үшін мойын омыртақалардың бұлшық еттерін жетілдіру қажет. Әуелі ыңғайлы жағына содан-соң келесі жағына құлауды үйренеді.
Палуанның тактикалық мүмкіндіктері техникалық және жан-жақты дайындықпен қатар психологиялық дайындыққа, ержүрек және бастамашыл спортшының тактикасына әсер етеді, сондай-ақ ол күрескен кезде қарсыласына өзінің ойға алғанын істете алады. Салқын қандылық, ұстамдылық, шыдамдылық, табандылық және ерік күшінің басқа қасиеттері балуанға қиын кезеңдерде жол таба білуге, қолайлы тактикалық нұсқаны таңдап, оны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. [5].
Тиісті психологиялық дайындығы болмаса өте толқиды, сөйтіп оның күрестің қалай аяқталатынын ойлап болатыны сондай, тіпті кілемге шыққанда өз әрекетін бақылаудан қалады және тактикалық жағынан дұрыс ойлау қабілетінен айырылады. Мұндай палуан айқас кезінде енжар қимылдайды, жағдайды дер кезінде дұрыс қолдана алмайды, қарсыласының қимыл-әрекетінен кешгіп қимылдайды. Шамадан тыс мазасызданып, батылдығы мен табанлдлығынан айырылғандықтан спортшының реакциясы кешігіп қана қоймай, күшін де дұрыс мөлшерлеп жұмсай алмайды, қарсыласының жалған қимылдарына барын салып әрекет етіп, сөйтіп оның шабуылға шығуын оңайлатады. Қиындықтан жасқанатын палуан қарсыласының еркіне бағынады да, айқастың тактикалық жоспарын орындау мүмкіндігінен, олай болса алға қойған мақсатын орындап шығу мүмкіндігінен де айырылады. Жағдайға қарай өзгеріп отыратын әр түрлі тактика спортшыдан ұдайы батылдық, белсенділік, тапқырлық, творчествалық инициатива көрсетуін талап етеді. Өйткені айқасқанда және жарыс кезінде палуанның өз бетімен әр түрлі тактикалық міндеттерді шешуіне тура келеді.
Күрестің күрделі және үнемі өзгеріп тұратын жағдайларында дұрыс бағытты тауып, дұрыс шешімге келу, өзгерістерге дәл және уақтылы жауап беру үшін спортшының логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған және әр тактикалық тәсілмен ойластырылуы керек [6].
Тактикалық ойлау жан-жақты ойластырылған есепке негізделіп, тез өсуге ұмтылуы керек. Әсіресе күресу кезінде тез ойлауға үлкен талаптар қойылады. Сондықтан жағдайды бағалау және шешім қабылдау кейбір эпизодтарда көп ойланбастан (автоматты түрде) жүргізілуі керек.
Палуанның ойлау қызметі қиын жағдайда (күш жұмсау, қарсыласының тәсіліне ілініп жеңіліп қалу қауіпі, әр түрлі эмоциялар, шаршап шалдығу ) өтеді. Сондай-ақ, ойлау қызметі бірқатар факторларға, оның ішінде спортшының жарысқа қатысу тәжірибесіне өзінің көңілін басқара алуына байланысты. Жоғарыда айтылған осы қасиеттердің тіпті біреуі жеткілікті дамымаған болса, спортшының тактикалық ой қорытуының нәтижесі төмендейді. Тактикалық ойлаудың аса маңызды ерекшелігі көрегенділік болып табылады. Көрегендік жасау дегеніміз – ойша алға көз жіберу, болатын жағдайды елестете алу, айқастың және тұтас жарыстың нәтижесіне байланысты болатын ондағы басты, шешуші нәрсені дөп басу.
Айқастың және тұтас алғанда жарыстың қандай бағытта өріс алатынын палуанға көрегендікпен болжауға көмектесетін ойлау қызметінің негізі – спорттық күресті терең білу. Сонымен қатар қарсыластың шеберлігі мен күрестің шарттарын ескере отырып, сіз өзіңізді қарсыластың орнына қоя білуіңіз керек, оның қандай әрекеттерді жасайтынынан қателеспеуіңіз керек. Егер палуан қарсыластың ойынын біліп, оның не істей алатындығын алдын-ала білсе, онда мұндай спортшының бұл жекпе-жекте техникалық және тактикалық мүмкіндіктері көбірек болады және ол жақсы жағдайда болады деп айтуға болады. Қарсыласының қимылы оған белгілі болғандықтан ол мұны жығып кете алмайды. Себебі спортшы қарсыластың шеберлігінде әлсіз жерді пайдаланып, алдын-ала болжай алады және қарсылас күтпеген жерден шабуыл жасай алады. Алайда бәрін күні бұрын білу мүмкін емес.
Жекпе-жек және жарыстар кезінде күтпеген жағдайлар туындауы мүмкін және жоспарды орындау үшін балуанға берілмеуі мүмкін түрлі кедергілерге тап болуы мүмкін. Қарсылас көбінесе спортшының ойынға деген үмітін жоққа шығарады. Сондықтан спортшының жағдайға байланысты тактикалық ойынды тез өзгерте алатындығы өте маңызды. [7].
Кез-келген күтпеген жағдайларға дайын болыңыз, ойланыңыз және әрекет етіңіз. Бұл кез-келген жағдайда тактикалық бағдарды дұрыс анықтау үшін қажет. Егер спортшының тактикалық дизайны жақсы дамыған болса, онда бұл сізге бұрын жасалған іс-шаралар жоспарына тиісті өзгерістер енгізуге және қарсыласты өзгертуге көмектесетін жаңа тәсілдерді табуға мүмкіндік береді. Тактика бір қалыпты бола алмайды.
Әрдайым біртүрлі амал қолдана беретін болса, спортшының жақсы нәтижеге жетуі қиындайды, өйткені оның қарсыласы әр уақытта қарсы амал дайындап үлгереді де, оны пайдалануға мүмкіндік алады. Жаңадан әртүрлі жол табу, қандай болмасын тактикалық міндетті творчестволықпен шешу, әрдайым жаңаша іздену – табысқа жетудің бұлжымайтын шарттары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет