Диплом жұмысы 9-сынып қазақ тілінің стилистикасын оқытудың әдіс-тәсілдері



бет15/21
Дата21.09.2023
өлшемі388,5 Kb.
#109480
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Дип.-9-сынып-қазақ-тілінің-стилистикасын-оқытудың-әдіс-тәсілдері

2.2.3. Ресми іс қағаздары стилі
Алдымен төменгі сыныптардан таныс іс қағаздары жөнінде оқушылардың есіне салу керек. Жалпы, ресми құжаттар деп отырғанымыз не екені түсіндіріліп, анықтамасы беріледі.
Оқушыларды құжаттардың түрлерімен таныстырып, оның басқа стильдерден өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу қажет. Іс қағаздары стиліне мысал ретінде әр түрлі мекемелерде жүргізілетін құжат үлгілерін ұсынуға болады.
Олардың белгілі бір форма бойынша жазылатындығы, сондықтан да құжаттарды жазу қиынға түспейтіндігі баяндалады.
Оқушылар іс қағаздары стилінің сипатын анықтап, мұғалімнің тапсыруымен кеңсе құжаттарын өз беттерінше жазып үйренгені дұрыс. Оқушылардың өз беттерінше жазған іс қағаздарынан бұрыш жасатып, дұрыс жазғандарын мадақтап, мақтаған жөн. Мұғалім оқушыларды ресми іс қағаздары стилінің түрлерімен таныстырып болған соң, оларға келтірілген мысалдарды оқытқызып, түрлерін ажыраттыру жұмысын тапсырады. Оқушыларды төмендегі үлгідегі сияқты ресми құжаттардың мазмұнын баяндауға үйретеді.
9-бап. Білім беру ұйымдары. 1. Білім беру ұйымдары - бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және (немесе) білім алушылардың, тәрбиеленушілердің күтімі мен тәрбие алуын қамтамасыз ететін заңды тұлғалар болып табылады.
Білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды және жеке тұлғалар (құрылтайшылар) құрады.
2. Білім беру ұйымдарында лицензия алған кезден бастап білім беру қызметін жүргізу құқығы пайда болады және ол мерзімі біткен, қайтарылып алынған немесе ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезден бастап тоқтатылады.
3. Білім беру ұйымдарының мәртебесін (үлгісін, түрін) олардың құрылтайшылары айқындайды және ол осы Заңның талаптарын, білім беру қызметін лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптарын, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Үлгі ереже ескеріле отырып, олардың жарғыларында көрсетіледі.
Білім беру ұйымдарының мәртебесін бекіту немесе өзгерту мемлекеттік аттестациялау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
4. Білім беру ұйымдары:
1) мемлекеттік (білім беру мекемелері мен білім беру кәсіпорындары);
2) мемлекеттік емес (жеке меншік, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген қоғамдық және діни бірлестіктердің білім беру ұйымдары);
3) халықаралық болуы мүмкін.
Осы тектес мәтіндердің мазмұнын айтқыза отырып, мәтіннің өзіне стилистикалық талдау жасатып, жаттықтырған дұрыс. Ресми іс қағаздары стиліне жататын мемлекеттік құжаттар мазмұны жағынан әр түрлі болғанымен, олардың ортақ жалпы сипаты болатындығын оқушылар санамалап айта отырып, мұғаліммен бірге қорытындылайды. Экспрессивті-бояулы мәтіндер де кездесетіндігі айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет