Диплом жұмысы «Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе» Орындаған: 090240 «Халықаралық құқық»


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын халықаралық құрылымдар



бет25/29
Дата07.01.2022
өлшемі0,52 Mb.
#20701
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
1366195551 (1)

3.4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын халықаралық құрылымдар
Бүкіләлемдік Банк сыбайлас жемқорлық мәселесіне баса назар аудара отырып және өзінің зерттеу нәтижесіне сүйене отырып, сыбайлас жемқорлықты «қоғамның кеселін» анықтайтын негізгі немесе жеке факторы деп қарамай, оны «мемлекеттің іргелі мәселесінің сыртқы белгісі» деп қарау керектігін атап көрсетеді. Осыған байланысты мемлекетті басқару және жемқорлыпен күресуді жетілдіруде қажетті шешуші реформалар бағдарламасын ұсынады.1 Мемлекеттік басқару реформалар бағыттарының ішінен Бүкіләлемдік Банк мыналарды ерекше бөледі: 1) саяси басшылықтың есеп беріп отыруы; 2) қызмет етуге бағытталған және деритократия қағидасында құрылған; 3) мемлекеттік әкімшілік; 4) мемлкеттік қаржыларды басқаруда ашықтық пен есептілік; 5 ) заң билігімен қамтамасыз ету; 6) бәсекелестікті дамыту және рынокты монополиядан шығару; 7) азаматтардан ақпарат жинау; 8) саяси басшылықтың есеп беруі; 9) «ашықтық мәдениетін» енгізу;

Қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған әр бағыт бойынша іс-шаралар кешені жасалған. Дегенмен, олардың бәрі ұсыныстық бастамалар түрінде.2 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыратын кез келген халықаралық құрылымдар мақсаты мыналарды көздейді:

1. жемқорлықтықтытың қауіп-қатерін және шығасысын көтеру.

2. оған қатысушылардың тәртібі мен ойын ережесін өзгертетіндей, сатылмаушылық атмосферасын жасау.

3. заң ережелерін сақтауды қамтамасыз ету.1

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің халықаралық құралдарын талдай келсек, біз осы қызметті негізгі ісі деп есептейтін «Transparency International» (TI) ірі ықпалды халықаралық ұйымды көңілден тыс қалдыра алмаймыз. TI өзінің басты міндеті ретінде сыбайлас жемқорлықтың таратылуын және өмір сүруін жоятын ортаны құру деп белгілейді.2 Бұл ұйым осы мәселені жыл сайынғы сыбайлас жемқорлықты қабылдау Индексі (СЖҚИ) атты басылым арқылы жұртшылыққа танытып отырады. Қазақстанда, сол сияқты басқа да көптеген елдерде осы ұйымның аймақтық бөлімшелері жұмыс істейді.3 TI мамандары жасаған СЖҚИ – бұл әр түрлі елдердегі сыбайлас жемқорлықтың салыстырмалы бағасын беріп отыратын кең көлемдегі зерттеу. Бұл тар көлемде мамандырылған, мемлекеттерде жемқорлылықтың жиынтық деңгейі бойынша саралауын қамтамасыз ететін интегралды индекс, яғни сыбайлас жемқорлықтың барлық түрі мен нысандарын қарастырадыСЖҚИ 1995 жылдан бастап әлемнің көптеген елдерінде тәуелсіз деп аталатын институттар арқылы жүргізілген әр түрлі зерттеулер мәліметтеріне жасалған талдауды негізге алады. Осы индекстің күрделі рәсімдері арқылы шығуына қарамастан, мұның субъектілілігі жеткілікті шамада көрінеді.4 Біріншіден, «қабылдау» терминінің өзі өзінің болмысы бойынша объективті бола алмайды, бір оқиғаны әр түрлі адамдардың қабылдауы, әр түрлі жағдайларда мүлде басқа мағынада болуы мүмкін. Екіншіден, әр елдің қолданып жүрген заңдарында сыбайлас жемқорлықтың анықтамасы алуан түрлі, сондықтан құбылыстың өзін басқа мағынада түсінуге әкеп соғады. Үшіншіден, мемлекетік статистикалық мәліметтер сыбайлас жемқорлықпен күресудің қарқынына тәуелді – ол қаншалықты қарқынды болса, соншалықты сыбайлас жемқорлық жағдайлары көбірек тіркеледі.

СЖҚИ есептеп шығаруда тағы бір қиыншылық қаралатын мәселелерді қабылдауда БАҚ ықпалын дәл есептеу мүмкіндігінің болмауына тіреледі. Кейбір елдерде сыбайлас жемқорлықты қабылдауда БАҚ ықпалы шешуші болуы мүмкін. Осылайша, TI сыбайлас жемқорлықты бағалаудың барлық әдіснамасын тек статистикалық талдау ғана анықтайды. Ал сонда, CPI және BPI индекстерінің мәні сарапшылар пікіртерінен алынған мәліметтермен айлалы әрекет жасау нәтижесі болып отыр.1

Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 1998 жылғы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан кейін белгілі дәрежедегі іс-қимылға көшті. Осы заңға сәйкес сыбайлас жемқорлықтың түрлі көріністерінің алдын алу шаралары және жою туралы бөліктері, елдің барлық заң базасын елеулі өзгерістерге ұшыратты. 2Осындай жұмыстардың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың көбірек ашыла бастағаны заңды. БАҚ арқасында сыбайлас жемқорлардың аттары жұртшылыққа мәлім болды, соның ішінде мемлекттік билік және басқару органдарының жоғары лауазымды тұлғалары да кездеседі.

Осының бәрін TI туындаған жағдайды дәл есептемей бағалау және жоғарыда көрсетілген орынсыз әдістерді пайдалана отырып, СЖҚИ жыл сайын Қазақстанды шиеленіске жақын жағдайда деп шығарып келеді. Одан әрі мемлкеттік билік органдарында отырған лауазымдық тұлғалардың сыбайлас жемқорлықпен ұсталған немесе күдік тудырғандар, бірақ заңдармен қаралған жауапкершіліктен қашып құтылып, заңсыз жиған мүліктерімен қоса Қазақстанның шегінен басқа жерге кеткендер кенеттен демократияның қызғаныштысы жақтаушысы болып шыға келеді Бұл тұрғыдан Қазақстан Үкіметі, тиісті министрліктер, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттік және басқа да мемлекеттік органдар халықаралық деңгейде жандандырып, сыбайлас жемқорлардың қайтсе де еліміздің саяси өмірін бұрмалап, демократия жылдарында қол жеткен оң, игі істерді теріске шығарып, қаралап көрсетуіне дер кезінде және нақты істермен тойтарыс беріп, теріске шығарып отыру керек. 1

Сыбайлас жемқорлықтың таратылуына қарсы шараларды жүзеге асыруға Бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ), Халықаралық сауда палатасы (ХСП) сияқты мамандандырылған ұйымдар да қатынасады. БСҰ жабдықтау облысында халықаралық ынтымақтастықтың ашықтық және айқындылық жағдайларын жасау үшін мемлекеттік тапсырыстардың тиісті рәсімдерін сақталуды және ашықтықты, айқындылықты қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады. Бұл салада 1996 жылы қабылданған мемлекеттік тапсырыстар туралы келісім әрекет етеді.

Халыаралық сауда палатасы (ХСП) көлемінде 1996 жылдан міндетті емес заңдық жинақ іскерлік тәртіп этикасы Ережелері әрекет етеді. Бұл ережелер сыбайлас жемқорлықпен күресу жөнінде шаралар қолдануға шақырады және олар осы корпорацияға кіретін қатысушылардың тәртіптеріне қатысты, әрі соларға арналған. Ереже сонымен қатар кәсіпорыннан тиісті қаржы құжаттарын және аудитті талап етеді, тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік атқарушы басшыға немесе қызметкерге тағайындау мен бақылауды қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет