ҚОРЫТЫНДЫ
Сыбайлас жемқорлық – бұл нақты заңдық анықтамасы жоқ әлеуметтік құбылыс және кез келген құбылыс іспетті ол өзіне тән белгілермен сипатталады, әрі өз дамуында үлкен әлеуетке ие. Сыбайлас жемқорлықтың ерекше белгісі - ол қылмыс субъектілерінің өз қызмет бабын, құқықтық мәртебесін және қызмет мүддесіне қайшы әрі құқық пен ар-ожданның қалыптасқан нормаларына қайшы орналасқан лауазымның беделін пайдалану жолымен істелінеді. Осы әрекеттер мүліктік не өзге пайда табуға және қандай да бір мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға тікелей бағытталған. Мысалы, саяси сыбайластықты саясаткерлердің, саяси үміткерлердің немесе олармен байланысты адамдардың сайлауды дайындау және өткізу, белгілі бір мемлекеттік лауазымға тағайындау немесе бекіту кезіндегі іс-әрекеттері ретінде анықтауға болады. Мемлекеттік билік және басқару органдарында жемқорлық қылмыстардың тікелей нысаны мемлекеттік қызметтің беделін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттей отырып, сыбайлас жемқорлық мүдделі топтардың экономикалық мүдделерінің көлеңкелі ықпал ету түрі ретінде осы мәселеге қатысты төмендегідей түйін жасауға болады.
Біріншіден, барлығы мойындағандай, сыбайлас жемқорлық – саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Өйткені лауазымдық тұлғаның игіліктерді бөлуге құқығы бар жерде, мүдделі тұлғалар тарапынан үнемі әлеуметтік үқсастық жасау мүмкіндігі болып тұрады. Яғни, игілік деп біз тек қана материалдық ресурстарды меңзеп тұрмаған болармыз, сонымен қатар оған лауазым иесінің түрлі әрекеттерге тыйым салу немесе рұқсат ету тағы басқа құқығы да жатады.
Екіншіден, сыбайлас жемқорлық жоғары деңгейге көтерілуі бұл мәселеге шындап көңіл бөлуді талап етеді. Заманауи жемқорлықпен күресу шаралары тек қана репрессивтік сипатта болмауы қажет, заңнамалардың да жетілдіруіне баса назар аударған жөн.
Үшіншіден, осы қоғамдық зауалға қарсы қоғамның бірігуі жемқорлықпен күрестің жеңісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Толығырақ қарастыратын болсақ, сыбайлас жемқорлықты терең зерттеуге толық қол жете қойған жоқ. Іс жүзінде, анық дүниенің өзіне өмір күнделікті өзгерістер енгізіп отыр. Болашақта көлеңкелі әрекеттер сыбайлас жемқорлықтың жаңа түрлерін туындатуы әбден мүмкін. Қоғам мен мемлекеттің алдындағы басты міндеті – осы қылмыстың деңгейін неғұрлым азайту болып табылады.
Жемқорлықты болдырмау үшін, біздің пікірімізше, экономикалық, құқықтық және саяси сипаттағы шаралар кешенін қабылдау керек, олар:
1. Сыбайлас жемқорлықтың сайлау үдерісіне ықпалын азайту. Сайлау рәсімінің тазалығы және ашықтығы, ең алдымен – сайлау науқандарын қаржыландыру.
2. Заң шығару органдарына сыбайлас жемқорлықтың ықпалын кеміту. Ол үшін депутаттарды қылмысты жауапқа тарту рәсімін ықшамдау керек. Конституция мен елдің заңдарына сүйене отырып, партия қызметіне мемлекет тарапынан бақылауды күшейту. Партиялардың құрылуын қолдау қажет, үміткерлердің сайлаушылар алдында жауаптылығын арттыру, оларға ашық түрде өздерінің үміткерлерін таныстыру, саяси әлеуметтік тетігіне ие болу және олар үшін жауап беру.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүргізуші кадрлардың біліктілігінің жеткіліксіздігі, сондықтан олардың жұмысын жетілдіру, ішкі сатқындардан тазарту – ең алдыңғы міндеттердің бірі. Бұл мәселені шешу үшін:
1. ең алдымен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеру;
2. құқық сақтау органдарын заманауи техникамен қамтамасыз ету деңгейін көтеру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды енгізу қажет.
4. Жемқорлыққа қарсы ведомстволық бағдарламалар қабылдау. Әр ведомствоға өздерінің ерекшеліктеріне сай, сыбайлас жемқорлық қылмыстар құрылымы және жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыру тәсілдері бар. Олардың әрқайсысына сырттан мамандарды тарту арқылы ерекше бағдарламалар жасау керек. Ведомстволық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды әрбір үш-бес жылда жаңартып отыруды тәжірибеге енгізу қажет. Осы салаға алуан түрлі сыбайлас жемқорлықты жұқтырған мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларға ревизия жасау да жатады.
5. Насихат және хабардарлық. Бұл шаралар кешені төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
басқа елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты бағдарламаларды
зерттеп, игеріп, үлгісін тарату;
аймақтардың, ірі кәсіпорындардың, салалардың, билік тармақтарының шешімдерін және олардың өкілдерінің әрекеттерін бір-бірімен салыстырып отыру, сыбайлас жемқорлық деңгейінің көрсеткіштерін бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жариялау және пайдалану;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде тұрақты ақпарат беріп тұру.
6. Халықаралық ынтымақтастық. Егер ұлттық сыбайлас жемқорлық нақты бір елдегі жалпы проблемалардың пайда болуына себеп болса, халықаралық өзара әрекеттен туындаған сыбайлас жемқорлық осы өзара әрекеттердің толық жетілмегеніне байланысты. Сондықтан өзара әрекет ету тетігін жетілдіруге бағытталған күш қолдану қажет. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жемісті нәтиже беру үшін мынадай ұсыныстар ескерілуі тиіс:
жемқорлыққа қатысты азаматтардың адами ұстанымын қалыптастыру;
құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру;
мемлекеттік қызметшілердің ар-ождан ұстанымы олардың мәртебесіне
сай болуы;
мемлекеттік қызметкерлердің табысын және олардың заңға сәйкестігіне
шынайы бақылау жүргізу;
қылмыстық жолмен тапқан пайда мен мүлікті тәркілеудің тиімді тәртібін
енгізу;
мемлекеттік билік және басқару органдарында жемқорлыққа қарсы әрекет
ету мақсатында қоғам мен мемлекет осы мемлекеттік қызметшілерге беретін жеңілдіктерді заңда нақты белгілеу.
Қылмыстық кодекстен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға ұғымын алып тастап, орнына лауазымды тұлға болып табылмайтын мемлекеттік қызметкер ұғымын енгізу керек деп ойлаймыз. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға теңестірілген тұлға ұғымы, біздің пікірімізше, осы ұғыммен алмастырыла алады.
Достарыңызбен бөлісу: |