Диплом жұмысы тақырыбы: ТҮркі халықтарындағы айтыс жанрының типолгиясы



бет31/32
Дата24.01.2023
өлшемі0,52 Mb.
#62709
түріДиплом
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
stud.kz-38836

ҚОРЫТЫНДЫ

Бірінші бөлімнің бірінші тарауында айтыс өнерінің типологиясы, даму тарихы мен шығу тегі этимолгиясы жайында айтылған. Түркі бір туысқан халықтардың рухани мәдениетімен бірлікте зерттелді. Айтыс ежелден әу баста тұрмыс салт, мифологиялық, магиялық өнерде дамып, кейіннен өркендей келе жанр ретінде қалыптасты. Айтыстың пайда болуы, даму тарихына көз жүгіртсек ежелгі заманда, ру тайпалық одақтастықта және діни-наным сенім бойынша адамзат баласының көне танымындағы дуалистік ойлау жүйесі , өлі мен тірі айтыстары ықпал етті. Жұмбақ айтыс түрлері түркі тектес халықтарда, сонымен бірге туыс емес басқа халықтардың ескі мұраларында ортақ болып кездеседі. Ертеде ру тайпалық кезеңде айтыс өнері салт-дәстүр, әдет ғұрыппен тұтастықта дамыған. Сондай-ақ негізінен топтық сипатта, сейілдік, көңіл көтеру мақсатында той-мерекелерде, жиындарда айтысып келген. Бұл айтыс түрі кейде ресми емес депте аталады яғни еркін түрде өткізіледі. Ал ресми бөлімінде кез келген ақын белгілі бір ру, тайпа атынан шығып қарсыласын жеңу мақсатында балағат сөздерді де қолдануға рұқсат берілген. Бұл ежелгі айтыстың ережесі, қағидасы.


Бірінші бөлімнің екінші тарауында түркі тектес халықтарының ішіне енетін қазақ, түрік, қырғыз, қарақалпақ, қырым татарлары, әзербайжан, құмық, татар, өзбек, башқұрт, түрікмен, алтай елдеріндегі айтыстың түрлері мен ұқсастықтары, ерекшеліктері салыстырылды. Айтыс классикалық жеке жанрлық түр ретінде қазақ, қырғыз, қарақалпақ, сонымен бірге түрік пен әзербайжан халқында даму үстінде келе жатыр. Ал айтыс жеке жанр ретінде әбден кемеліне келіп қалыптасқан қазақ, түрік, әзербайжан елдерінде қарқынды дамып келе жатыр. Ал, алтай, татар, өзбек секілді түркі тектес халықтарда айтыс түрінің жеке жанр ретінде бөлінбей, салтпен тұтастықта, өмір сүретіні дәлелденді.
Түйіндегенде, барлық түркі халықтарында айтыс немесе оған ұқсас түрлер бар екені кешенді тексерілді. Әсіресе, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан әдебиетіндегі айтыс айтарлықтай ұқсас екендігі белгілі болды. Барлық түркі халықтарында айтыс саз аспабының сүйемелдеуімен өтеді. Бұл аспаптар Қазақстанда «домбыра», Түркияда «бағлама», Әзербайжанда «тар», Қарақалпақтарда «дутар», Қырғызстанда «қомуз» деп аталады.
Екінші бөлімнің бірінші тарауында қазақ пен түрік айтысының ерекшеліктері мен ұқсастықтары жан-жақты, кешенді түрде сарапталды. Атап айтқанда, қазақ пен түрік айтысының мақсаты, өткізілу шарты, өлең өрімі, айтыстың композициялық құрылымы, көрермендер мен төрешілердің қатынасы мәселесі талданды. Ұқсастықтар ретінде екі елде де айтыс халық театрының көрінісі есебінде өмір сүргені түйінделді. Мәселен, айтыскер белгілі мөлшерде драмалық әртіс, орындаушы ақын-әнші, әрі айтыс деп аталатын тартысты драманың ойыншысы да қоюшысы да өзі. Мақсаты – екі ақын бірін-бірі елдің көзінше, жариялық жағдайда ашық та әділ бәсекемен сөз өнерінің түрлі әдістерін пайдалана отырып күйрете жеңу. Рас, екі елде де ақындар бірін-бірі жаудай жағаласып аяусыз жеңуді мақсат етеді дедік. Бірақ айтыс аяқталысымен әріптестер дос көңілмен құшақтасып, қимастық сезіммен тарасатынын да мәлім. Әйткенмен, түріктегі бір ежелгі ауыр шарт, жеңілген ақын жеңімпаздың қолын сүюі және оған бағламасын ұсынуы тиіс. Ал, жеңген ақын әріптесінен қапелімде көңілі қалса, немесе көргенсіздік танытып, әдепсіз сөздер айтқан болса, онда оның басын бағламасымен ұрып, аспапты сындырып, жеңілген ақынның айтысатын құқынынан масқаралау арқылы біржолата айыратын болған. Әрине, мұндай қатаң салт қазақ та болмаған және бүгінгі түрік айтысында да кездеспейді.
Екінші тараудың екінші бөлімінде қазақ-түрік айтысының жанрішілік түрлері талданды. Атап айтқанда, қыз бен жігіт қайымдасуы, жұмбақ, өтірік өлең түрлері екі халықта да ортақ сипатта. Мысал айтыс түрі, мәселен, «Иесінің домбырасымен айтысы», «Қасқыр мен қойдың айтысы», «Сиыр мен жалқау қожайынның айтысы» деген түрлер түрікте мүлде кездеспейді. Әйткенмен, түрік классикалық әдебиетінде ақындар «дедім-деді» түрінде сүйіктісімен, немесе табиғаттың қандай бір құбылысымен диалог жасап, сыр шертіп, бұған айтыс түрін қолданғаны дәлелденді. Одан кейінгі ерекшеліктер әдет-ғұрып айтысының бәдік, жар-жар түрлері түрікте мүлде кездеспейді. Сонымен бірге өлі мен тірінің айтысы жоқ. Бұл айтыстар магиялық түсінікпен ұштасып жатқандықтан да ислам діні ертеден дендеп терең енген түріктен ығысып кеткен деген қорытынды жасалды. Бірақ түріктердегі той үстінде айтылатын құдалар айтысы, қыз бен жігіт қайымдасуларының мани деп аталатын топтық түрі бар. Әйткенмен, қазақ, қырғыз, қарақалпақ, башқұрт, татар, өзбекте кездесетін «жар-жар» сөзі мұндай той рәсімдерінде мүлде қолданылмайтыны дәлелденді. Мани түріндегі қыз бен жігіттің топтық қағысуы қазақтағы қайымдасуға ұқсас деген уәж айтылды.
Ежелгі заманда бір арнадан басталғанымен заманалар мен жағырапиялық ортаның, сонымен бірге тұрмыс-тіршілік, шаруашылықтың өзгешелік әсерінен қазақ пен түрік айтысында кейбір ерекшеліктер пайда болғаны зерттеуде анықталды. Қалалық және далалық мәдениеттің де әсері жеткілікті түрде болғаны айқын. Себебі кең далада мекен еткен көшпелі еркін қазақта айтыс көлемді де көрнекті эпикалық кең ауқымдағы өнердің біртуар түрі. Ал, шаһардағы түрік айтысынық мақсаты негізінен көңіл көтеру болып табылады, сол себептен ол әрі қысқы, әрі нұсқа, белгілі бір ережеге сай ұйқастарға құралатыны талқыға түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет