Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Түркі халықтарына ортақ мұра айтыс өнері баяғы, ежелгі заманнан бері жалғасып күні бүгінге жеткен асыл мұра. Айтыс жанры тілі, діні, мәдени мұрасы, тарихы бір түркі халықтарына енетін туысқан елдердің рухани мұраларын зерттеудің маңызы зор. Айтыс қалыптасып, сан алуан тарихи кезеңдерден, асу белестерден өтіп күні бүгінге біздің заманымызға ХХІ ғасырға жетуінің сырын айқындай түсу әрі түбі бір түркі халықтарындағы айтыс жанрын типологиялық тұрғыдан кешенді зерделеудің теориялық-методологиялық мәні де бағалы болмақ.
Айтыстың ежелгі замандағы байырғы түрлері жар-жар, бәдік, өлі мен тірінің айтыстары басқада түркі тектес халықтардың рухани мәдени мұраларымен салыстыра зерттелді. Түркі тектес халықтарына ортақ мұра айтыс өнері әуелден салт-дәстүр, әдет-ғұрып, діни нанымдық мифолгиялық, магиялық тұтастықта қалыптасып, кейінен өмір өте келе айтыс жанр ретінде бөлініп шықты. Айтыстың даму барысында қайымдасулар, қағысулар, жұмбақ айтыс, жекпе-жек айтыс түрлері бауырлас екі халықта ортақ сипатта екендігі айқындалды. Қазіргі айтыстың хал-ахуалы да егжей-тегжейлі қарастырылды. Сондай-ақ айтыс жанрын фольклормен, авторлық халық әдебиетпен синкретті өмір сүретін жанр ретінде қарастыруға болады.