Диплом жұмысының өзектілігі



Дата15.04.2023
өлшемі14,3 Kb.
#82721
түріДиплом

КІРІСПЕ

Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсаты олардың білімдерін есептер шығаруда қолдана білу икемділіктері мен дүниетанымдық көзқарастырын қалыптастыру барысында жүзеге асады. Әртүрлі кәсіп бағытындағы сынып оқушыларына физиканы оқыту мақсаттарының өз ерекшеліктері бар.


Мысалы, физика-математикалық бағыттағы оқушыларды танымның физикалық әдістерімен таныстырып, оларда зерттеушілік эксперименттік ебедейліктерді, физикалық есептер шығаруда жоғары математикалық аппаратты қолана білу икемділіктерін қалыптастыру қажет.
Техникалық бағыттағы оқушыларға техника мен технологияның негізі физика екендігі жөнінде түсініктерді, конструкторлық икемділіктерді қалыптастыру болып табылады.
Биологиялық-химиялық бағыттағы оқушыларға физиканы оқыту барысында физикалық, биологиялық, химиялық құбылыстар өзара байланысты екендігін, химиялық, биологиялық процестерді зерттеуде физикалық әдістердің қолданылатындығы жөнінде түсініктерінің болып, зерттеушілік, экспериментальдық икемділіктері қалыптасуы керек.
Гуманитарлық бағыттағы оқушыларға физиканы оқыту міндетіне базалық білімдер мен икемділіктерді, физиканың жалпы адамзаттық мәдениеттің элементі болып табылатындығы жөнінде және басқа ғылымдардың дамуымен байланысы туралы түсініктерді қалыптастырып, физика ғылымының гуманитарлық потенциалын ашып көрсету.
Диплом жұмысының өзектілігі: Физика пәнін оқыту барысында топтық және жекелей оқытудың басты артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталу, анықтау, кейспен жұмыс жасау диплом жұмысының өзектілігі ретінде қарастырылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті: Біздің диплом жұмысымыздың басты мақсаты физика пәнін оқытуда жеке және топтық тәсілді заманауи бағытта жетілдіру. Осы мақсатқа жету жолында бірнеше міндеттер алға қойылған:

  • Жекелей және топтық оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіру,

  • Танымдық және практикалық іс-әрекетті жеке және топтық оқытудың пайдасы мен кемшілігін анықтау,

  • Кейспен жұмыс істеу.

Диплом жұмысының зерттеу объектісі: Мектепте физика пәнін жеке және топтық оқыту.
Диплом жұмысының зерттеу пәні: Физика және оқыту әдістемесі ғылымдары.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: Физика пәнін оқытуда жеке және топтық әдістерді қолдана отырып оқушының шығармашылық қабілетін жетілдіру диплом жұмысының ғылыми жаңалыығы болып саналады.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет