Диплом жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шарты табылады. Бұл тақырыпты диплом жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді



бет24/33
Дата15.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#83237
түріДиплом
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33
2.3. Келісімшарт жасасу шарты

Келісімшарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылық өнімін өндіруші өзі өсірген (өндірген) ауыл шаруашылық өнімін-ұқсату немесе сату үшін осындай өнімді сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы-тұлғаға беруге міндеттенеді, ал дайындаушы оны қабылдауға және ол үшін төлеуге міндеттенеді. Келісім-шарт жасасу шарттың заңнамалық түсінігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 478-бабында берілген.


Келісімшарт жасасу шарты, тауар жеткізілім шартындай сипатталады, яғни ауыл шаруашылық өнімін дайындаушыға кәсіпкерлік қызметінің жүзеге асырылуы негізінде беріледі, сондықтан келісімшарт жасасу шарты өзінің сипаттамаларымен тауар жеткізілім шартына жақын. Қазіргі жағдайларда ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірушілері оны бөлшек сауда жүйесі арқылы сирек өткізеді және өнімді өз бетімен қайта өңдеумен көбінесе шұғылданбайды. Оған себеп, көп нарық субъектілерінің мамандандыруының деңгейі жоғарыланып кетті. Ауыл шаруашылық өндіруші өзіне танымал емес өзінің бағалымдары бар, онда сұраным мен ұсынымның ара қатысы ұдайы өзгеріп тұратын, бәсекелік күрес дамыған сауда-саттық қызмет сапасында ұтымсыз жағдайда болып қалуы мүмкін. Жөнге салынған сату жолдары, нарықты зерттеуді өткізу керек. Агрокәсіптік кешенінің бәрі және жеке ауыл тауар өндірушілердің өте нашар жағдайлары болғандықтан ол мүмкін емес, өнімді егуғ және жинауға құралдар жетпейді.
Ауыл тұрғындарының жағдайларын біліп, әртүрлі коммерциялық құрылымдар оларға мәжбүрліге жақын болып келетін «ынмақтастық» неше түрлерін ұсынатыны бізге жаңалық емес. Ауылдықтарға (өндірушілерге) ұсынылатын мәмілелер көбінесе кіріптарлықпен жасалған мәмілелер түрінде болады. Олар дегеніміз шын мәнде өсірілген (өндірілген) ауыл шаруашылық өнімді үлестірумен байланысты қатынастарды реттеуге арналған келісім шарттарынан алыс. Өз кезегінде Қазақстан Республикасы аграрлы ел болғандықтан, айтылған шарттың рөлі өте маңызды екенін тану керек.
Оларда (келісімшарт шарттарында) ауыл шаруашылықтың, өндірістің өзгешелігі ескеріледі. Ауыл шаруашылық өнімінің өндірушісі ауа райының жағдайларына, ауыл шаруашылық техникасынын жағдайына, пестициттарының, тыңайтқыштардың бар болуына тығыз байланысты. Осы байланысты келісім шарт жасасу шарты икемді құқықтық институт сияқты қолдануы мүмкін. Ауыл шаруашылық өндірісіне мемлекеттен ақша берілмеген жағдайларда фермерге күнін көру үшін осы келісім шарт жасалады. Мысалы, келісімшарт жасасу шарты контракттың алдын-ала тауардың бөлігіне төлеу міндетін қарастыруы мүмкін. Өз кезегінде бұл фермерге немесе өзге ауылшаруашылық өндірушіге өзінің өзекті мәселелерін шешуге мүмкіншілік береді. Негізінен келісімшарт жасасу шарты сатушының (ауыл шаруашылық өнімін өндірушінің) құқықтық қорғауының күшейтуіне мақсатталған, бірақ оның іс-әрекет тетігін әбден жетілдіру қажет. Құқықтық даму кезінде ақыры осы саладағы шарттық тәжірибенің біркелкі өлшемдері (көрсеткіштері) анықталуы қажет.
Келісімшарт жасасу шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 478-481-бабымен тікелей нормалармен реттеледі. Бірақ оларда ауыл шаруашылық өнімі жеткізілімінің қатынастары толық, түбір-түбіріне дейін реттелмеген. Келісімшарт жасасу сатып алу-сату шартының түрі болғандықтан сатып алу-сатуға және тауар жеткізіліміне арналған барлық нормаларымен реттеледі. Оған кейбір арнайы нормалар қолданылмайды, мысалы, бөлшектеп сатып алу-сату қатынастарын реттеуге арналғандар. Келісімшарт жасасу және тауар жеткізілім шарттары өзара біріншісі мәнсіз екіншісі өте маңызды нәрселер сияқты қатыспайды. Олар азаматтық құқықтық ортада тең негізде тұрмыс етеді. Заң шығарушы құқықтық реттеудің нәтижелілігін (тиымдылығын) арттыру қажеттіліктер басшылыққа алып сілтемелі норманы енгізді. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 478-6, 2-тармақ). Егер келісімшарт жасасу шартының қатынастары жоғары белгіленген баптар нормаларымен реттелмесе, оларға тауар жеткізілім шартының тәртіптері қолданылады. Бірақ келісімшарт жасасу шарты тауар жеткізілімі шартының «әлсіз көлеңкесі» деп түсінуге болмайды. Оның пәнінің (нысанасының) ерекшелігі әрбір ауыл шаруашьшық өнімді өндіру кезеңдерінің ерекшеліктері өнім әртүрлі ауа райы жағдайларында өсірілетіні келісімшарт жасасу шартының айқын өзгешеліктеріне әкеледі.
Егер ауыл шаруашылық өнім мемлекеттік қажеттілікке сатып алынса, жоғарыда айтылып кеткен нормалардан басқа арнайы мемлекеттік сатып алуға арналған заңнама қолданылады. Сөйтіп көрініп тұрған қарапайымдылығына қарамастан, келісімшарт жасасу қатынастарын құқықтық реттеу нормалардың күрделі жиынтығына негізделген. Олардың өзара қатысуын туралап талдау өте қиын болып келеді. Сондықтан, біз әзірше жалпы мәнді болып келетін ережелерді қарастырамыз.
Сатып алу-сату шарты сияқты, келісім-шарт жасасу шарты ақылы (өтемді) консенсуальді, өзара (екі тарапты құқықтармен міндеттер бар) шарт болып келеді. Ол сатып алу-сату шартының өзге түрлерінен субъектілік қатарымен, айтылғандай затымен, мазмұнының кейбір бөлігімен (құқықтар мен міндеттермен) ерекшеленеді.
Келкімшарт жасасу шартының элементтері
Келісім-шарт жасасу шартының тараптары ретінде, сатушы (өнім өндіруші) және өнім дайындаушы (контракт) болып, көбінесе кәсіпкерлер әрекет етеді. Кейбір жағдайларда, келісімшарт жасасу қатынастарында өкілетті органдар арқылы мемлекет те қатыса алады.
Министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы контрактанттар бола алады. Жеке тұлғаның кәсіпкерлік жағдайы болмаса, ол контрактант бола алмайды. Сатушы ретінде ауыл шаруашылық өнімін өндіретін тұлға деп саналады.
Коммерииялық занды тұлғалардың құқық қабілеттілігі арнайы емес, жалпы мінезде болып келгесін, коммерциялық заңды тұлғаның оның бөлімшелерінің бірі өсірген өнімді сатқаны оның жарғылық мақсаттарына қайшылық ретінде қаралмауы керек.
Егер сол немесе басқа ұйым негізгі қызметпен бірге ауылшаруашылық өнімін өсіріп және сатса, және осы әрекетімен әр түрлі арнайы тыйым, нормативтерді ж.б. бұзса, онда ол басқа жағдайға жатады. Мысалы, жоғары рентабельді өнімді шығарып сатуға алғашқы бағытталған акционерлік қоғам (жоғары емес тәуекел дәрежедегі қызмет) ауыл шаруашылық жобаны қаржыландыру мақсатында акциялары (өзге бағалы қағаздарды) шығару және оларды тарату (үлестіру) қызметін іске асыруға тырысады. Тиым салу бұл жағдайда акционерлердің жалпы жиналысынан болуы мүмкін. Арнайы құқықтық қабілеттілігі бар занды (мысалы сақтаңдыру ұйымдары) ауыл шаруашылық өнімін өндіруші бола алмайды. Сатушы ретінде бәрінен бұрын шаруа (қожа) шаруашылығы немесе ауыл шаруашылық кәсіпорын (коммерциялық заңды тұлға) болады, жеке жағдайларда сатушы ретінде коммерциялық емес заңды тұлға, әрекеттесуі мүмкін мысалы, ашылу кезінде белгіленген мақсаттарына жету барысында кәсіпкерлік қызметін жүргізетін ауылдық тұтынушы кооперативі (21 шілде 1999 ж. Ауылдық тұтыну кооперациясы жөніндегі Қазақстан Республикасының 7-бабының І-тармағы. Жүргізілген жекешелендіру ауыл шаруашылық өндірісінің саласынан мемлекеттік заңды тұлғаларды шығарып тастады, олар ауыл шаруашылық өнімін өндіруші болмайды.
Келсімшарт жасасу шартының пәні (нысанасы) болып ауыл шаруашылық өндірісінің әртүрлі өнімі келе алады. Оның ішіне өсімдіктерді баптаудың, мал шаруашылығының, аң өсірудің, саңырауқұлақ өсірудің, балық шаруашылығының өсірілген, өндірілген ауылшаруашылықтың өнімдері кіреді. Біздің ойымызша олар тек шартпен қарастырылған алғашқы өндеуден (дайындықтан) өтуі керек. Яғни, олардың кұрамына сапасын және тағайындауын өзгертетін неше түрлі қоспалар кіргізілмеуі керек. Егер әңгіме ауыл шаруашылық өнімінің маңызды қайта өңдеуі туралы болса, онда шарттың пәні (нысанасы) өзгереді, өзіндік айналым қабілеттілігін алатын оңашаланған мүліктік игілік ретінде оны есепке алуды талап ететін жаңа құн пайда болады.
Келісімшартты жасасу пәнінің (нысанасының) басқа ерекшелігі оның пәні болып тауар жеткізілімі шартындағыдай тектік белгілермен анықталатын, орындалу кезінде шарт мақсаттары үшін басқа тауар көлемінен тиісті тәсілдермен жекеленетін заттар есептеледі. Және де бұл заттар кейбір жағдайларда шектелген тектен болуы мүмкін, мысалы егер қайта өндеуші (контрактант) ауыл шаруашылық өнімінің белгілі сорттарын немесе белгілі орындарды өндірілген өнімді сатып алуға мүдделі болса. Бұл әр түрлі себептермен айқындалады. Айта кететін болсақ, өз уақытында Филипп Моррис компаниясы Алматы облысы совхоздарының темекі өсіретін жерлерінде вирджиниялық темекіні өсіруге болатынын анықтағаннан кейін республиканың темекі саласын инвестициялау жөнінде шешім қабылдады. Әрине, бұл жергілікті шикізаттан өндірілетін темекі өнімнің беделдігін сақтау талабына байланысты жасалды.
Келісімшарт жасасу шартының пәні болып табылатын өнім одан әрі қайта өңдеу немесе сату үшін алынады. Сонымен қатар ол мемлекеттік қор үшін арналуы да мүмкін.
Келісімшарт жасасу көп жағдайда болашақтағы заттар енді өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдері жөнінде жасалады. Осымен қатар, келісімшарт жасасу шартының нысанына өсірілген өнім жөнінде жасалатын мәмілелер де бөлінеді. Бұл жиналған немесе өңдеуден өткен, әлде тамырындағы өнім болуы мүмкін.
Егер тараптар оған өнім тапсыру туралы ереженің қолданылуын қарастырса, онда бағасы келісімшарт жасасу шартының елеулі жағдайларының қатарына жатады. Басқа жағдайда баға келісімшарт жасасу шартының болсын, тауар жеткізілімі шартының да болсын елеулі жағдайларына жатпайды.
Келісімшарт жасасу шарты бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі оларды қолдану салаларына байланысты болады. Келісім шарт жасасу пәні болып, бақша және дән шаруашылығы өнімдері болса, бұл мерзімдер табиғи кезендерге байланысты болады. Бірақ, бұл шартқа байланысты мерзімдердің оларға қатаң бекітілуін қажет етпейді. Шартқа байланысты өнімді әртүрлі мерзімде алуға болады, бірақ бұл мерзімдер шартта тікелей көрсетілуі керек, себебі фермерлерде тауарды сақтауға көбіне жағдайлары болмайды және міндеттеменің мәнінен ол тараптармен өнім өскеннен кейін қисынды мерзімдерде орындалу керек екендігі көрінуі мүмкін.
Егер келісімшарт жасасу басқа ауыл шаруашылық өніміне байланысты жасалса, мысалы, тауық жұмыртқаларын жеткізу туралы, шарт, оның мезгіл-мезгіл орындалуын ескеруі мүмкін, мұнда өндірістің маусымды (жылдық) циклдары көп мағыналы болмайды.
Ауыл шаруашылық өндіріс саласындағы шарттық тәжірибе іскерлік айналым әдеттері мен іскерлік әдеттегіліктерді пайдалануға тиісті болуы мүмкін. Оған себеп өнімді өсірудегі табиғи циклдары ауыл шаруашылық өндірушілер және олармен белгілі қарым-қатынаста болатын субъектілерінің барлық қызметінің циклдігіне әсерін тигізеді.
Келісімшарт жасасу шартының нысаны көп жағдайларда жазбаша болады. Оны жасау тәртібі тауар жеткізілім шартын жасау тәртібіне сәйкес болуы қажет.
Келісімшарт жасау шартының мазмұны
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші шартпен келісілген өнімді беруіне міндетті. Оның сапасы тікелей шартпен анықталады. Егер шартта оның сапасы жөнінде жағдай қарастырылмаса, ол мемлекеттік стандарттарға сай болуы керек, яғни өндірілген өнімдер ақыр аяғында тұтынушыға жетеді және де осыған байланысты оның өмірі мен денсаулығына қауіпсіз болуы керек. Өнім шарттар көзделген түр-түрімен беріледі. Сапасы, түр-түрімен бірге елеулі жағдай болып, өнімнің көлеміне байланысты жағдайда есептеледі.
Келісімшарт жасасу шарты ауыл шаруашылық өнімін өндірушіге белгілі жеңілдік береді. Егер шартта басқа көзделмесе, ол өсірілген өнімді тұрған жерінен берумен шектеледі. Шарттық тәжірибеде ауыл шаруашылығын жүргізу деңгейінің дамығанымен ауыл шаурашылық өнімін жәшіктеуте (ыдыстауға) оны сатудың алдыңғы дайындығына белгілі талаптарды орнату қажет, мысалы, сорттауға, арнайы құралдармен өңдеуге, сақтауға және т.б. Өндіруші контрактантқа өнім іріктеудің қолайлы мерзімдерін хабарлауға тиіс.
Контрактант өнімге ақы төлеуге міндетті, оның осы міндетінің орындалу тәртібі тауар жеткізілім шартының ұқсас міндетінің орындалу тәртібінен айырмашылығы жоқ. Содан басқа оған алынатын өнімді ұқыпты тексеру міндеті жүктеледі, ол стандарттарға сай өнімнің сапасын тура анықтауды қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімді алып кету міндеті көп жағдайларда (егер өзгешені шарт көзделмесе) контрактанттың өзіне жүктеледі. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші өсірілген өнімді жеткізу мүмкіншілігі бар жағдай сирек кездеседі.
Дайындаушы оған келісімшарт шарты бойынша ұсынылған, шартта қарастырылған жағдайларға сәйкес келетін және дайындаушыға шартта келісілген мерзімде берілген ауыл шаруашылық өнімін қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.
Келісімшарт жасасу шартында ауыл шаруашылық өнімін ұқсатуды жүзеге асыратын дайындаушының өндірушіге оның талап етуі бойынша ауыл шаруашылық өнімін ұқсатудан қалған калдықтарды шартта белгілеңген баға бойынша ақы төлете отырып қайтару міндеті көзделуі мүмкін. Мұндай жағдайларда, міндеттемелерді тоқтатудың есепке жатқызу деген тәсілін қолдануға болады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 370-бабы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет