Диплом жұмысының тақырыбы ретінде сатып алу-сату шарты табылады. Бұл тақырыпты диплом жұмысы ретінде таңдау себебі: сатып алу-сату шарты қазақ тарихының әдет құқығымен реттелетін ең көне шарттардың бірі болып табылатындығында көрінеді



бет26/33
Дата15.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#83237
түріДиплом
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33
2.5. Кәсіпорынды сату шарты.

Кәсіпорынды сату шартынан басқа шарттарды айыру қажет. Солардың көмегі арқылы оған басқа кұқықтар бекітіледі. Мысалы, акцияларды сатып алған кезде акционерлік қоғамның мүліктің иесі ауыспайды, субъект (субъектілер) оларды алушы (алушылар) акционерлік қоғамның мүлігіне бақылау құқығына ие бола алады. 100 пайыз акцияларды сатып алған акционер акционерлік қоғамның құрылтайшысына теңестіріледі. Міндеттемелік кұқықтар осы кездерде әр түрлі негіздерден пайда болады. Бірінші жағдайда, олар занды тұлға құрылғаны салдарынан заңның тікелей нұсқауларына сәйкес пайда болады. Екінші жағдайда міндеттемелік құқықтар шаруашылық қызметтің (тиісті жолмен рәсімделген шарттардың) салдары.


Кәсіпорынды сату шарты бойынша сатушы тұтас алғанда кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алушының меншігіне беруге міндеттенеді, бұған сатушы басқа тұлғаларға беруге құқығы болмайтын кұқықтар мен міндеттер қосылмайды.
Кәсіпорынды сату шартының элементтері.
Кәсіпорынды сатып алу-сату шартының тараптары болып, сатушы және сатып алушы келеді, оларға азаматтық-құқықтық қатынастардың кез келген субъектілері жеке және заңды тұлғалар жатады. Кәсіпорын кәсіпкерлік мақсаттарда пайдаланатын мүліктік кешен болатындығы осы құқықтық қатынастар қатысушыларының құрамына белгілі әсерін тигізу керек. Мысалы, жалпы тәртіп бойынша коммерциялық емес заңды тұлға кәсіпорын сатып алушы болып келмеуі керек.
Бұрын заңнамада кәсіпорынды сатып алушылар бір немесе өзге субъектілерге қатысты тікелей шектеу қойылмаған еді. Қазір бірқатар жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентінің (заң күші бар) «Жекешелендіру туралы» Жарлығының 2-бабы 4-тармағының әсерін еске алу қажет. Жекешелендіру кезінде Қазақстан Республикасының заң актіерін немесе құрылтай құжаттарының тікелей бұйыруына байланысты сауда-саттық объектісін сатудың шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға құқығы жоқ занды тұлғалар сатып алушылар бола алмайды.
Кәсіпорынды мемлекет мүлкіне айналдыру жағдайында, мемлекет кәсіпорынды сатып алушы ролінде болуы мүмкін. Осы жағдайда азаматтық құқықтар мен міндеттер күрделі зандық құрамнан пайда болады. Теориялық көзқарастан мемлекеттік кәсіпорынның оған қажетті өндірісті (кәсіпорынды) жеке кәсіпкерлерден сатып алу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды. Сол сияқты, уәкілетті орган мемлекеттің өкілі белгілі салада мемлекеттік кәсіпкерлікті ұйымдастыру мақсатында осындай тең құқықтылыққа, тепе-теңдікке негізделген құқықтық қатынастарға кірісе алады.
Кәсіпорынды сату шартының нысанасы (заты) сатып алу-сату шарттарындай кәсіпорынды сату шартының нысанасы оның елеулі жағдайы болады. Олар негізінде нысана (кәсіпорынды сату шартында) анықтамайтын тәртіптердің кейбір ерекшеліктері бар. Кәсіпорын күрделі зат болып табылғандықтан, оған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 121-6. Көзделген күрделі зат құрамын анықтаудың тәртібі қолданылады. Шарттың тараптары қандай мүлік кәсіпорынның құрамына кіретідігін өздері белгілеуге құқылы. Бірақ ақырында (анықтау нәтижесінде) мүлік кейбір заттар алынғанына қарамастан кешен болып қала беруі керек. Кәсіпорын дегеніміз жұмыс істеп тұрған өндіріс, немесе ол кішкентай жөндеуден, жинақтаудан кейін және т.б. жұмысқа қосылуы мүмкін болады. Егер тараптар жасалған сұрыптау нәтижесінде заттардың жиынтығы бөлшектенген мүлікке айналып кетсе, оңда оған сатып алу-сатудың жалпы нормаларын қолдануға болады.
Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызмет етуіне арналған мүліктің барлық түрлері, соның ішінде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикізат, өнімдер, жер учаскесі құқығы енеді, барлық аталған кәсіпорынның материалдық активтерін құрайды.
Мүліктік игіліктер болатын материалдық емес активтер (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 115-бабы, 2-тармағы) дегеніміз фирмалық атаулар, тауар белгілері қызмет көрсету белгілері және сатушыны оның өнімін дараландырудың өзге де құралдары. Осымен бірге оларға сатушының лицензия негізінде пайда болған құқықтары да жатады. Қазіргі жағдайларда кәсіпорынның құрамында шығармашылық (интеллектуалдық) қызметтің объектіленген нәтижелеріне құқықтар (өнеркәсіптік меншік) және басқа да айрықша құқықтар маңызды орын алуы мүмкін.
Тиісті қызметпен айналысуға арнайы рұқсат (лицензия) беру негізінде алынған құқықтар, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, кәсіпорынды сатып алушыға ауыспауы тиіс.
Кәсіпорынның құрамына борыштар кіруі мүмкін. Сондықтан, кәсіпорынды сатуда дәстүрлі сатып алу-сатумен бірге өзінде борыш ауысуының элементі де бар. Әрине, бұл айтылған шартты жасасу тәртібіне де әсерін тигізеді (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 496-бабы).
Кәсіпорынның бағасы азаматтық заңдарда көзделген жалпы тәртіппен белгіленеді. Бұл шарттық құқықтық қатынастар саласында да шарт еркіндігінің қағидаты сөзсіз қолданылады. Кәсіпорын сатылса, әрбір тарап қарама-қарсы қанағаттандыру алу кезінде тепе тендіктен ауытқулар орын алуы мүмкін.
Жекешелендіру тәртібінде уәкілетті мемлекеттік орган ұйымдастыратын сауда арқылы кәсіпорын сатылатын реттерде бағаны анықтаудың айырықша тәртібі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, жекешелендіру объектілерін сату бойынша аукциондарды ұйымдастыру және өткізу ережелерінің 34, 35 тарауына сәйкес, сатылатын объектінің бағасы сауда өткізу жолымен ағылшын немесе голландық әдісімен бекітілуі мүмкін. Сауда өткізу әдісін офертаның ерекше тәртібі ретінде бағалауға болады, бірақ олар сатылатын кәсіпорынның бекітілген бағасына әсерін де тигізеді.
Кәсіпорынды сату шартының мерзімі. Тараптар шарт арқылы міндеттерін орындау және құқықтарын жүзеге асыру үшін кез келген мерзімдерін бекітуі мүмкін.
Кәсіпорынды сату шартының нысаны.
Кәсіпорынды сату шарты жазбаша түрде жасалуы тиіс. Кәсіпорынды сату шарты мемлекеттік тіркелуге тиіс, тіркелген кезінен бастап жасалған болып есептеледі. Мемлекеттік тіркеудің талабын орындамау кәсіпорынды сату шартының жарамсыздығына әкеп соғады.
Кәсіпорынды сату шартының мазмұны. Сатушы кәсіпорынның құрамына кіретін мүліктін барлығын, әрбір жеке заттарға немесе мүліктік объектілерге заңмен немесе шартпен қойылатын талаптарын сақтап беруге міндетті. Сондықтан, кәсіпорынның жиынтығына қойылатын талаптар бар болатынын айта аламыз. Тиісінше сапа бойынша талаптарда бекітіледі.
Бірақ кәсіпорынды сатып алу-сатудың өзгешелігі бар деп есептейміз, себебі сапаны анықтаған кезде, оған көбінесе заңнамалық талаптар тікелей қолданымды болмақ (жекелеп алғанда Казақстан Республикасының Азаматтық Кодексіның 119-бабы және сатылатын зат сапасын анықтайтын баптардың нормалары).
Кәсіпорынды тұтасымен мүліктік кешен ретінде берген кезде (мемлекеттік тіркеу кезінде), сатып алушыға меншік құқығы ауысады. Сатушы басқа тұлғаларға беруге құқығы болмайтын құқықтар мен міндеттер қосылмайды. Бұл құқықтарда міндеттемелік сипаттама болуы керек, себебі заттың құқықтардың ажырамайтын белгісі болып олардан заттармен бірге еруі келеді. Бірінші кезекте оларға тиісті қызметпен айналысуға арнайы рұқсат (лицензия) беру негізінде алынған құқықтар жатады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 493-бабы 4-тармағы).
Сатушы кәсіпорынды беруге, дайындауға міндетті. Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес, дайындау іс-әрекеттері негізінен сатылатын кәсіпорынның (мүліктің) құрамын және құнын бағалауына қатысты болып келеді. Нәтиже Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 495-6 көзделген құжаттар арқылы бекітіледі. Олардың санына түгендеу актісі, бухгалтерлік балансты, кәсіпорынның құрамы мен құны туралы тәуслсіз аудитордың қорытындысы, кәсіпорынның құрамына енгізілетін барлық борыштың (міндеттемелердің) тізбесі жатады.
Сатушының кәсіпорынды сатып алушыға беруі өткізу актісі бойынша жүзеге асырылады, онда кәсіпорынның құрамы жөнінде және кәсіпорынды сату туралы кредит берушілерге хабарлау жөніндегі деректер көрсетіледі. Сондай-ақ берілген мүліктен табылған кемшіліктер туралы мәліметтер және оны жоғалтып алуға байланысты беру міндеттерін орындау мүмкін болмайтын мүліктердің тізбесі көрсетіледі. Өткізу актісін жасауды және оны қол қоюға табыс ету, егер щартта өзгеше көзделмесе, сатушының міндеті болып табылады, соның есебінен жүзеге асырылады.
Дайындау іс-әрекеттері әртүрлі болады. Кәсіпорынды сату шартының консенсуалдық табиғаты сату кезіндегі дайындыққа қойылатын керекті талаптарды шарттың өзінде бекітілуін мүмкін қылады.
Мүлікті сатып алушыға беру тәртібі кәсіпорынның сату шартының тағы да бір ерекшелігі болып табылады. Егер сатып алу-сатуға қатысты жалпы нормалар бойынша құқықтық маңыз заттың қолма қол (нақты) беруде болып келсе, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 497-6. 3-тармағына сәйкес, өткізу актісіне, екі тарап қол қойған күннен бастап кәсіпорын сатып алушыға берілген деп есептеледі. Осымен қатар сатушының кәсіпорынды сатып алушының шынайы иелігіне беру бойынша міндеті де сақтала береді. Осыдан көрінетін нәрсе кәсіпорынды сату шарты бойынша мүлікті беріледі, қозғалмайтын мүлікке меншік құқығын берумен (өткізумен) байланысты емес, басқа сатып алу-сату шарттарындағылардан, өзгеше зардаптар пайда болады. Кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша, кәсіпорынды берген кезде меншік құқығы ауыспайды, бірақ сол кезден бастап кәсіпорын құрамында берілген мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі сатып алушыға ауысады.
Сатып алушының кәсіпорынға құнның тиісті орындалуының төлеу міндетін қамтамасыз ету мақсатында және басқа мақсаттарда, шартта сатушының кәсіпорынға меншік құқығы сақталуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 498-6. 3-тармағына сәйкес, сатып алушы меншік құқығы өзіне ауысқанға дейін берілген кәсіпорынның құрамына кіретін мүліктер мен құқықтарды кәсіпорынның қызметін мүліктік кешен ретінде қамтамасыз ету үшін қаншалықты қажет болса, соншалықты дәрежеде пайдаланута құқылы.
Келтірілген норманың маңызы бойынша, сатып алушы кәсіпорынды пайдалануды және билік ету мүмкіндігі болу керек, оның мүліктік мүдделері жойылмау керек, мысалы, өндірістің мөлшері азаймауы тиіс. Ресей цивилнстикасында (азаматтық құқық теориясында) меншік құқықтың ауысуынан бұрын осы сатып алушының құқығы туынды (екінші қатардағы, заттық құқық ретінде қаралады. Заттық құқықтың мәселелерін зерттеуге арналған Қазақстандық ғылыми жұмыстарында ол қарастырылмаған.
Бізге байқауға мүмкін болып келетін нәрсе объективтік құқық нормалары осы жағдайда кейбір белгілі болып келетін заттық кұқықтар иелерінде болып келетін құқықтық мүмкіншіліктер сияқты құқықтық мүмкіншіліктерді қарастырады. Бірақ бұл құқықтың дербес экономикалық мазмұны жоқта, ол мүлікті билеуді қамтамасыз ететін дербес құқықтық нысан (шартқа) негізделмейді. Өз кезегінде осылар ғана бір немесе өзге заттық құқық пайда болу негізі бола алатыны түсінікті.
Кәсіпорынды сатып алу-сату шартының айқын ерекшелігі мынадан көрініс табады. Кейбір алып тастаулар болмаса кәсіпорын үшінші тұлғалардың құқықтарынан тыс сатылмайды, себебі кәсіпорынның борыштары да беріледі. Бірақ, сатушының үшінші тұлғалардың құқықтарына тыс тауарды беру міндеті қарастыратын Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 413-бабының тәртібі кәсіпорынды сату қатынастарына мүлдем қолданбайды деген дұрыс емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет