Дипломалды практика есебі Мен Ахмет Ұлпан Қалданқызы 17.01.2022 - 04.03.2022 ж аралығында Қызылорда қаласындағы «Т.Есетов атындағы 264 мектеп лицейінде» дипломалды практикадан өттім. 25.01.2021ж жетекшіміз Жәнібекқызы Гүлнұр оқу практикасының алғашқы күнінде ең алдымен мектептің тарихы мен жетістіктері, оқу практикасының жүргізілу барысы, мақсаты мен міндеттері, практика нәтижесінде қалыптасатын оқушылардың құзіреттілігі туралы айтты. Осы тұрғыда мектептің материалдық базасы да тыс қалған жоқ, яғни мектеп кітапханасымен, әдістемелік кабинеттермен, ондағы түрлі дидактикалық материалдармен танысып,түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Жетекшіміздің бағыт-бағдарына сәйкес өзімізге пән бойынша түрлі мағлұматтарды жинақтап, оның білім, біліктілік және дағды секілді құрылымдарымен таныстық. Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді дипломалды практика кезінде барынша дамытуға тырыстым. Сондай-ақ жетекшіміз бізге өз мамандығымызға сәйкес ғылым салалары бойынша жаңалықтарымен бөлісіп, үнемі хабардар болып отыру қажеттігін, әрдайым ізденіс үстінде болып, білімімізді толықтырып отыру қажеттілігін айрықша атап өтті. Сонымен қатар, тәрбие жұмыстарына сай өтілетін іс-шараларды ұйымдастыру және оған барынша жауапкершілік танытып, белсене қатысу қажеттілігін де естен шығармады. Сабақ өту барысында күнтізбелік тақырыптық жоспарды дайындау және өткізу, көрнекі құралдар дайындау, сабақтан тыс оқу жұмыстары мен сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырып өткізудің қыр-сырымен таныстым. Практика кезеңінде алынған білім, білік, дағдылар болашақ мамандығын игеруде белсенді жұмыс істеу үшін керемет көрсеткіш болды, теориялық тұрғыдан зерделенген сәттерді іс жүзінде жүзеге асыруға, тәжірибе жинауға және болашақ мамандығының жалпы идеясын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Студент – практикант: Ахмет Ұлпан
Практика жетекшісі: Жәнібекова Гүлнұр
Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицей оқушысы Орынбасар Жанеркеге мінездеме
Тегі Орынбасар Жанерке 2007 жылдың қыркүйек айында дүниеге келді. Жанерке осы мектепте 1 сыныптан бастап оқиды. Ол сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Жанерке сынып старостасы. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай сурет салғанды ұнатады. Жанерке толық отбасында тәрбиеленеді, ол ата – анасына үй шаруасымен көмектеседі. Жалпы, Жанерке сырлы мінез, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы. Оқу барысында, білім деңгейі көрсеткіші орташа болса да, бұл оқушының жалпы білім деңгейі жоғары, себебі Жанерке көп кітап оқығанды ұнатады, өз білімін жан – жақты жетілдіреді.Сыныптастарының арасында сыйлы, беделді. Мектептің ішкі ережесі талаптарын сақтайтын. Жеке тұлғалық көзқарасы қалыптасқан. Өз ойын, пікірін ашық, анық жеткізеді. Өзіндік ұстанымын дәлелдей алады. Алдына нақты мақсат қойып, оған жету үшін күресе біледі. Сыныпта туындаған қиындықтарды жеңуде дұрыс шешім қабылдайтын. Шығармашылық қиялы дамыған. Мен, және Жанеркенің ұстаздары, оның болашақта жақсы маман болатынына сенім білдіреміз. Практикант-студент: Ахмет Ұлпан Т.Есетов атындағы № 264 мектеп-лицейінің “9 з” сыныбына мінездеме
Т.Есетов атындағы № 264 мектеп-лицейінің “9 з” сыныбына мінездеме. Сыныпта 28 оқушы бар. Оның ішінде 16 ұл бала, 12 қыз бала. Сынып жетекшісі Жәнібекова Гүлнұр. Әлеуметтік құрамы орташа, материалды жағынан жеткілікті қамтылған . Сыныптың жан –жақтан жиналғанына қарамастан , сынып оқушылары ұйымшыл , бір-бірімен жақсы араласады. Сыныптың жалпы танымдық бағыты жақсы. Озат оқушылар саны 6 , жақсы оқитын оқушы саны 8, қалған оқушылар орташа. Сынып математика сабағынан көп қиналады, ал ауызша сабақтарға келгенде (әдебиеттік оқу, тарих, география) алдарына жан салмай бір-бірімен жарысып сабақ айтады. Мектептегі үйірмелерге қатысады. 3 оқушым ағылшын үйірмесіне қатысады. Ұл балдар спорттық үйірмелерге қатысады. Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе топ басшысы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Сынып іші топ –топқа бөліну бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл , бір-бірімен өте жақсы араласады. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп отырады. Сынып оқушылары сыныптан тыс жұмыстарға белсене , бірігіп ұйымдастырып құштарлана қатысады. Оқудан тыс өмірде оқушылар киноға, саябаққа, қыс мезгілінде коньки тебуге барады. Кейде сынып жетекшісімен бірге бүкіл сынып болып қыдырады, кейде өздері ұйымдасып барады. Мысалы, қарттар мерекесіне байланысты сынып жетекшілерімен бірге қарт Сәку апаның үйіне сыйлық алып құттықтап бардық. Сынып ішінде демалу орнына барғысы келмей сыныпты артқа тартатын оқушылар да бар.
Сынып оқушылары сабақ жағына мықты болмаса да, сыныптан тыс жұмыстарға белсене, бірігіп ұйымдастырып, құштарлана қатысады.
Студент-практикант: Ахмет Ұлпан