Дипломалды практика есебі



бет1/2
Дата08.06.2023
өлшемі363,43 Kb.
#99854
түріДиплом
  1   2
Байланысты:
Алия


Дипломалды практика есебі
06.03.2023ж.
Практиканың алғашқы күні кафедра меңгерушісі Тасполатов Бақыт, практика жетекшісі және де бірнеше оқытушылар орнықтыру конференциясын өткізді. Жоғары оқу орнымыздағы жетекшілеріміз практиканың қалай өтілетіні жайлы мағлұмат берді. Диплом алды практиканы өзіміздің университетте яғни, М.Әуезов атындағы ОҚУ-і Филология факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасында өтетін болдық. Дипломалды практика жетекшісімен таныстық. Практика барысына керекті құжаттармен таныстырып өтті. Студенттер-практиканттарды топтарға бөліп, олармен танысу жұмыстарын бастап, алдағы практикалық сабақтар мен дәрістерге дайындық жұмысын бастадық.
07.03.2023ж.
Дипломалды практиканың екінші күнінде қазіргі таңда дәрістер мен практикалық сабақтарда қолданылатын әдістермен таныса отырып, оны тәжірибе барысында қолдануды үйрендім. Сонымен қатар пән бойынша сабақ кестесіне сәйкес қашықтықтан сабақ дайындап, оны жүргізу барысымен дайындық жасадым. ФИ-20-5к тобының дәрістеріне қатысып, практикалық сабақтарын жүргіздім. Болашақ мамандарға өтілген тақырыптың тиімділігін арттыру үшін жаттығу жұмыстарын, зерттеу әдістерін пайдалана отырып сабақ өткіздім. Сабақ барысында «Биопоэма» әдісін пайдаланып сабақ өттім. Бұл әдісті пайдалану себебім алғашқы сабақ барысында бір-бірімен танысу жан-жақты ақпарат жинақтау, ол ақпаратпен бөлісу.Сонымен қатар практиканың бірінші күн болған соң топ студенттерімен жақсылап танысып алу мақсатында да қолдандым.
09.03.2023ж.
Практиканың келесі күні диплом жетекшіменен кеңестер алып, дипломды алу барысымен айналыстым. Менің диплом жұмысымның тақырыбы: Көркем шығармада қос сөздердің қолданылу аясы (М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша). Осы туралы мәліметтер жинап, дипломымды ары қарай толықтыруға кірістім. Диплом жұмысымның мақсаты - Ғылыми жұмыстың басты мақсаты – Жұмыстың негізгі мақсаты М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында қос сөздердің қолданылу аясын анықтау, яғни қос сөздердің лексика-семантикалық, грамматикалық белгілерін анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет