Дипломалды практиканың мазмұны оқУ Әдістемелік жұмыстары 1



бет1/3
Дата04.11.2023
өлшемі37,14 Kb.
#122268
түріДиплом
  1   2   3
Байланысты:
Практика корытынды Махатова


МАЗМҰНЫ






КІРІСПЕ

3

1

ДИПЛОМАЛДЫ ПРАКТИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ

4

2

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ

6

2.1

Жеке тапсырма тақырыбы: «Оқушыларды математикадан ғылыми-зерттеу жұмысына баулу»

6

3

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ

13

3.1

Еселі, қисық сызықты және беттік интегралдардың геометриялық және физикалық қолданыстары

13




ҚОРЫТЫНДЫ

14




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

15

КІРІСПЕ



Мен Махатова Аружан Шерзатқызы М.Әуезов атындағы ОҚУ- дың Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы жоғары мектебінің «Математика» кафедрасында 6 наурыз – 28 сәуір аралығында дипломалды практикадан өттім. Дипломдық жұмыс тақырыбы: Еселі, қисық сызықты және беттік интегралдардың геометриялық және физикалық қолданыстары Дипломдық жетекшім Шоманбаева Манат .
Дипломалды практика басталуына орай, Жоғары мектепте білім алушылармен олардың жетекшілерінің қатысуымен конференция өтеді. Білім алушы өндірістік практикадан өту үшін кафедрадан күнделік-есеп, бағдарлама алуы керек.
Дипломалды практика ЖОО-да ең маңызды кезеңі болып табылады. Практика студенттердің теориялық білім курсын бекіту мақсатында жүргізіледі, сонымен қатар өндірісте жұмыс істеу қабілеттерін практика арқылы қалыптастырып, кәсібімен таныстырады Дипломалды практика бекітілген оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес, университеттің оқу үдерісіндегі студенттердің теориялық білімдерін кеңейту мен бекітуге бағытталған, кәсіби және ұйымдастыру қызметтік қалыптастыру үшін жүргізіледі.
Дипломалды практика әр түрлі типтегі мектептерде (жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей, жекеменшік мектептер т.б) өтеді.
Дипломалды практиканың негізгі мақсаты- теория жүзінде алынған білім және дағдыларды жүзеге асыру, оқу үдерісі уақытында алынған және де таңдалынған ғылыми мәселе бойынша зерттеулерді практика жүзінде тексеруден өткізу, дипломдық жұмыстың қорытындысын шығару.. Диплом жұмысының жетекшісі диплом алды тәжірибенің жетекшісі болып тағайындалады. Практиканың өту мақсаты: теориялық білімді бекіту және тереңдету, ЖООда оқу үдерісінде студенттермен алынған, ұйымдастыруға икемділіктері бар және эмпирикалық зерттеу бөлімін өткізуге, деректерді өндеуге, қорытындыларды талқылау және анализдеу; мемлекеттік емтихандық комиссия алдында дипломдық жұмысты қорғауға студенттерді дайындау.
Практиканың міндеттері: теориялық білімді жетілдіру және бекіту, зерттеу жұмысының нәтижелерін тәжірибеде қолдану; дипломдық жұмысты орындауға қажетті инструктивтік-әдістемелік материалдарды оқу; оқу жылында қарастырылған ғылыми зерттеу материалдарын зерделеу. диплом жұмысының аяқталу кезіндегі істерді жүзеге асыру.
1 ДИПЛОМАЛДЫ ПРАКТИКАНЫҢ МАЗМҰНЫ
06.03.2023ж – 10.03.2023ж
Мен практикаға жіберілгендігім жайлы университет ректорының бұйрығымен, практика мазмұнымен және тапсырмаларымен таныстым. Мен практикадан Жаратылыстану Ғылымдары және Педагогикалық Жоғарғы Мектебіне практикант болып бекітілдім.Менің жетекшім Шоманбаева Манат апай болды. Практиканың алғашқы күні практика бойынша бекітілген жетекшім түсіндірме жұмыстарын өткізіп, бізді практика мақсатымен және мазмұнымен таныстырды, ғылыми зерттеу жұмысымның тақырыбын беріп, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау жөнінде нұсқаулық өткізді.
13.03.2023ж – 17.03.2023ж
Екінші аптада «Оқушыларды математикадан ғылыми-зерттеу жұмысына баулу» тақырыбы бойынша жұмыс істедім.Осы тақырыпқа материал жинақтап, «Зерттеу қызметін ұйымдастыру кезінде субъект-субъектілік қатынастарды дамыту, Зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыс»деген бөлімдер бойынша мәлімет жинақтадым. Жинақтаған мәліметтерімді компьютерде теріп, арнайы оқу орталығына барып, қосымша мәліметтер жинақтадым
20.03.2023ж – 24.03.2023ж
Жетекшім Шоманбаева Манат апай жеке тапсырмамды тексеріп , талқылап осы аптада не істеу керектігін айтты. Жетекшім жеке тапсырмаға байланысты қаншалықты тақырыпты меңгергенімді білу мақсатында сұрақтар қойды.
27.03.2023ж – 31.03.2023ж
Инновациялық технология бойынша әзірленген әдістемені кафедрадан бекітілген жектекшіммен талдадым.Жеке тапсырмамды аяқтап,жетекшіме тексерттім. Ғылыми зерттеу жұмысымның тақырыбы «Еселі, қисық сызықты және беттік интегралдардың геометриялық және физикалық қолданыстары». Осы тақырып бойынша кітапханаға барып, қажетті әдебиеттер іздестірдім және жоспар құрып,зерттедім.
03.04.2023ж – 07.04.2023ж
Ғылыми жұмысымның орындалған бөлімі бойынша талдау жасадым. Менің тақырыбыма байланысты жиналған мәліметтерді талдау жөнінде жетекшіммен ақылдасып, нұсқау бойынша тапсырманы орындауды жалғастырдым.
10.04.2023ж – 14.04.2023ж
Ғылыми жұмысымның бөлімдерін бітіріп және қорғау жолдарын үйрендім.Жетекшіммен ақылдаса отырып, зерттеу жұмысымды ынталандыру мақсатында, тақырыбымның адам өміріне пайдасын туралы мәліметтер іздестірдім.
17.04.2023ж – 21.04.2023ж
Студент-практиканттардың ғылыми-зерттеу жұмысына кабілеті мен икемділігін арттыру мақсатында жетекшілеріміз қосымша тапсырмалар берді. Алған білімдерімізді практикада шығармашылық пен қолдана білуді үйрендік.
24.04.2023ж – 28.04.2023ж
Дипломалды практика есебін рәсімдедім және қорғауға дайындалдым.Практика барысында көптеген ақпараттар алып теориялық білімді практикамен ұштастыра білдім. Аз уақыттың ішінде өзімді шыңдай білдім. Өзімнің әлсіз жақтарыммен көп жұмыс жасадым. Болашақта білікті маман болатыныма көзім жетеді.

2 ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ


2.1 Жеке тапсырма тақырыбы: «Оқушыларды математикадан ғылыми-зерттеу жұмысына баулу»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет