Практикаға барған бірінші күніміз. Балабақшаға барып ең алдымен балабақша меңгерушісімен таныстық. Ол кісі бізге балабақша жайлы біраз мәліметтер айтты. Және бізді топқа бөлді. Мен кіші топқа түстім. Топқа барып ең бірінші тәрбиешімен таныстық. Тәрбиеші бізге топта қанша бала бар екенін
Топ жетекшісі: Тайтелиева Л.Р. ________________________
ПРАКТИКА БАРЫСЫ
2 апта
Күні
21.10.2022ж
Бүгінгі практикада мен балардың құжаттарымен олардың мінездерін толық қарай бастадым. Балалармен тамаққа отырдық. Сосын түрлі әндер айтып би биледік. 11 шамасында балаларды киіндіріп серуенге шығардық. Сыртта түрлі жануарлардың мүсіндерін баларға таныстырып сипаттап ойын өткіздік. Балалар кішкентай болса да өте ақылды білгендерін айтып отыруға тырысады.
Топ жетекшісі: Тайтелиева Л.Р._______________________
ПРАКТИКА БАРЫСЫ
3 апта
Күні
28.10.2022ж
Бүгін тәжірибенің үшінші аптасы. Апаймен балаларға жемістер туралы сабақ өттік. Жемістердің суретін көрсетіп әр бала өз жемістерінің атауын атады. Көргенім бойынша көп бала орыс тілінде сөйлейді қазақша түсінбейді. Жемістерді де орысша айтты. Үйде ата анасы қазақ тілінде сөйлеу керек деп ойлаймын.
Балаларды сыртқа шығарып ойнаттық.