2.3.2 Python-ның басқа бағдарламалау тілінен ерекшелігі
Жоғарыда айтып өткендей Python тілі ABC тіліне ұқсас болып келеді. Қазіргі таңда көптеген бағдарламаллау тілдерінде бірнеше алгоритмды бир функцияның ішіне салу үшін жақша ({}) қойылады. Ал Python тілінде функциядан кеиін қос нүкте қойылып, алгоритмдер келесі қатардан бірнеше бос орын қалдырылып жазылады. Сонымен қатар басқа бағдарламалау тілдерінен басты ерекшелігі Python тілінде ақпарат түрлерінің (типы данных) үлкен орын алады. Сол себепті int, double секілді ақпарат түрлеріне үлкен мәнді сандар сия алады.
ArcPy кітапханасы (кейде ArcPy сайт-пакеті деп те аталады) Python-ға барлық геопроцессорлық құралдарға, оның ішінде қондырылған модульдерге қол жетімділікті ұсынады, сонымен қатар көптеген пайдалы функциялар мен сыныптарды ұсынады. Python және ArcPy бағдарламаларын қолдана отырып, географиялық деректермен жұмыс істеуге арналған көптеген ыңғайлы бағдарламаларды жасауға болады. Оның модулі- функциялары мен кластары бар Python файлы. ArcPy әр түрлі модульдермен, соның ішінде деректерге қол жеткізу модулімен (arcpy.da), карта модулімен (arcpy.mapping), ArcGIS кеңістіктік талдауы кеңейту модулімен (arcpy.sa) және ArcGIS Network Analyst кеңейту модулімен (arcpy.na) жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |