Дипломалды тәжірибеден өту туралы есеп беру орындаған: аб-45 тобының студенті Максоткерей М. К тексерген: Садвакасова А. У



бет2/5
Дата08.06.2022
өлшемі1,92 Mb.
#36542
түріДиплом
1   2   3   4   5
Байланысты:
отчет практика Максоткерей Ментай Аб45

2.Негізгі бөлім

    1. «ASM TENDER» ЖШС

«ASM TENDER» ЖШС — Мемлекеттік ұйымдар мен ірі компаниялар, өздерінің қажеттіліктеріне керекті тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін, тауарлар мен қызметтерді өндіруші компаниялар арасында арнайы конкурсті өткізеді.
Мақсаты - өзге де жеке қызметтерді ұсыну.
Осы тендерлік құжаттама төмендегіден тұрады:
1) тендерлік құжаттама;
2) 1-қосымша - сатып алынатын тауарлардың сипаттамасы, техникалық өзіндік ерешеліктерді қоса алғанда, олардың қажетті техникалық және сапалық сипаттамалары;
3) 2-қосымша - сатып алынатын тауарлардың саны (көлемі), әрбір лот бойынша сатып алуға бөлінген сома, төлем шарты, жеткізуде талап етілетін орны;
4) 3-қосымша - тендерге қатысуға өтінімнің нысаны;
5) 4-қосымша - әлеуетті өнім берушінің өтініміне қоса берілетін құжаттардың тізімін толтыру нысаны;
6) 5-қосымша - берешектің жоқтығы туралы анықтаманың нысаны;
7) 6-қосымша - бағасы кестесінің нысаны;
8) 7-қосымша - банктік кепілдіктің нысаны;
9) 8-қосымша - мамандардың болуы және саны туралы мәлімет;
10) 9-қосымша – сатып алу туралы типтік шарт.
Тендерлік өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

  1. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін тендерлік құжаттама ережелеріне сәйкес жасалған тендерлік өтінімді мөрленген түрде тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға ұсынады.

  2. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін түскен тендерлік өтінім ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.

  3. Тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы күнінен бастап есептелетін кемінде күнтізбелік қырық бес күнді құрайды. Қолданылуы мерзімі ең қысқа тендерлік өтінім қабылданбауы тиіс.

  4. Тендерлік өтінім негізгі бөліктен, техникалық бөліктен және кепілдікті қамтамасыз етуден тұрады. Бірлесіп орындаушы тартылған жағдайда әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімге рұқсат беру органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруға бірлесіп орындаушының құқығын растайтын рұқсатты да, әлеуетті өнім беруші мен ол тартып отырған бірлесіп орындаушы арасында жасалған шартты да ұсынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет