Дипломалды тәжірибеден өту туралы есеп беру орындаған: аб-45 тобының студенті Максоткерей М. К тексерген: Садвакасова А. У


Кәсіпорында жұмыс істейтін программаларға сипаттама



бет5/5
Дата08.06.2022
өлшемі1,92 Mb.
#36542
түріДиплом
1   2   3   4   5
Байланысты:
отчет практика Максоткерей Ментай Аб45

3.3 Кәсіпорында жұмыс істейтін программаларға сипаттама
«Кедентранссервис» АҚ Қазақстандағы бірден-бір экспедциялық-логистикалық орталық болып табылады. Өндірістік есептерді шешу үшін 1С программасын қолданады. Алғашқы кездері әр бөлімде өз программалары болған, қазіргі уақытта қызметкерлерге жұмыс жасауға ыңғайлы болу үшін барлық программалардың функциясын 1С-ке енгізіп, кадрлар бөлімі үшін 1С-кадровый учет, бухгалтерия бөлімінде 1С-бухгалтерия программалары бір серверден жұмыс жасауға рұқсат етілген.
1С-кадровый учет программасын қолдану құрылымы, іске асырылатын жұмыстар:

  • Жаңа қызметкерді енгізу;

  • Қызметкерді жұмысқа қабылдау;

  • Қызметкерді ауыстыру;

  • Қызметкерді жұмыстан шығару;

  • Еңбек демалысына шығару;

  • Әлеуметтік демалысқа шығару;

  • Демалыстан шақырып алу.

Басқа филиалдар мен Орталық аппарат арасында құжат алмасу үшін Lotus Notes программасы қолданылады.
Lotus Notes базасында құжат алмасу жүйесі барлық әлем бойынша қолданылады. Lotus Notes құжат алмасуды автоматтандыратын платформа ретінде қолданатын себептері:

  • Lotus Domino сервері өзіне қолданбалар серверін және почталық серведі қосады, осылайша Lotus Notes құжат алмасу жүйесі басқа почталық қызметтерді қажет етпейді.

  • Lotus Notes-та қолжетімділік құқығын шектеу жүйесі бар. Ол Lotus Notes-та құжат алмассу кезінде автоматтандыру бағасы мен уақытты мағыналы түрде қысқартады.

  • Қолданушы қолданбамен жойылған түрде, серверге қосылмай жұмыс істей алады. Қолданушының ДК қосымша БҚ орнатуды қажет етпейді – тек Lotus Notes клиентінің қондырғысын жасау керек. Жұмыстан кейін қолданушы репликацияны іске қосады және мәліметтер автоматты түрде клиент пен сервер арасында синхрондалады.

  • Lotus Domino сервері өзіне web-сервер қосады, солайша web-браузер арқылы Lotus Notes-те жұмыс істеуге болады.

  • Lotus Notes қолданбасын толықтыру кезінде клиенттік орындарды жаңарту қажет емес. Өзгерісті қолданушы жұмысын үзбей жұмыс базасына енгізуге болады.

Кәсіпорындағы Lotus Notes қолданбасы арқылы өндіріс жұмыстарын автоматтандыру үшін классикалық құжаталмасуды қолданады. Бұл жүйе клесі құжат түрлерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  • Кірс және шығыс құжаттары;

  • Өкімдер мен Бұйрықтар;

  • Қызметтік хаттар;

  • Арыз;

  • Хаттама;

  • Хаттар;

Жүйеде орындау тәртібін қадағалау механизмі іске асырылған. Барлық құжатарға қолжетімділк құқығын шектеу қойылады, осылайша құжатты тек қолжетімді адам көре алады. Онымен қоса құжатты қайта құруға, өзгертуге, жоюға шектеу қойылған.
Құжат алмасуды автоматтандыру құжатты келісім уақытын келесі себептерге байланысты едәуір уақытқа қысқартады:

  • Электронды құжат парралельді түрде келісіледі, бір құжат бірнеше жетекшіге бір уақытта берілгендей;

  • Басып шығарылған құжатты бір жетекшіден екіншісіне беріп жіберу қажет етілмейді, яғни құжат жіберілу уақытын үнемдейді.

  • Барлық құжаттарды басып шығаруды қажет етпейді, олар электронды түрде сақталады.

Филиал ішінде ақпарат алмасу үшін Inbit Messenger қолданылады.
Inbit Messenger - хабарлама және файлдарды локальды желіде алмасу үшін қолданылатын программа.
Кілттік ерекшеліктері: белгіленген серверді қолданады, жеке электрондық почта жүйесі бар және өшіп тұрған қолданушыларға да хабарлама жіберіле алады. Программа қолданушыларға бір-бірімен шынайы уақытта сөйлесуге, электронды почтамен жұмыс істеуге, файлды жеке қолданушыға немесе барлық локпльды жүйе қолданушыларна жіберуге мүмкіндік береді.

Потенциалды админстратор үшін:



  • Программа пайдаланушы аттарын, почта, жалпыға қолжетімді файлдарды сақтайтын белгіленген сервер қолданылады;

  • Сервер қызмет режимінде жұмыс істей алады, әкімдеу үшін арнайы клиент бар;

  • Таңдау бойынша қолжетімді әңгімелерінің сервер журналдарын туралы техникалық қызмет көрсету, пошта туралы ескертулер мен басқа да іс-шаралар жүйесі.

  • Қолданушылардың жазбалары локальды түрде сақталады, бірақ клиенттік программалар қондырғыларынан ттәуелсіз серверде жүргізіле алады.

  • Қолданушы экранының скриншотын алу фунциясы бар. Оны графикалық ақпарат алмасу құралы ретінде қолдана алады.

  • Қолданушыларды қызметіне қарай артықшылықтар бөлу қарастырылған.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жалпы серверге Kerio control бағдарламасы орнатылған.
Kerio Control (Kerio WinRoute Firewall және WinRoute Pro) — бұл Kerio Technologies және Tiny Software компанияларымен әзірленген программалық желіарлық экран. Программаның негізгі функцияларына; қауіпсіз Интернетке қолжетімділік, Локальды-виртуалды желіде желілік қорғаныс, трафикті үнемдеу және қолданушылардың жұмыс уақытында веб-контенттің әртүрлі категорияларына қосылуын шектеу болып табылады.
Программа ерекшеліктері:

  • Көптілді интерфейс

  • Өзінде орнатылған прокси-сервер

  • Sophos тан біріктірілген антивирус

  • Канал өткізу жолағын бақылау

  • Басқа қосымша антивирустық модульдерді қосу мүмкіндігі

  • Каналдарға жүктеуді баланстау

  • Өзіндік VPN іске асырылған

  • Қолданушының Интернеттегі белсенділігін мониторинг жасау және хаттамалау

  • Active Directory мен біріктіру.

Бағдарламаны орнатып болғаннан кейн кафедрада Microsoft Excel-де оқушылар тізімін жасадым. Microsoft Еxcel -1979 жылы екі экономист студент Дэн Бриклин және Боб Френкстон үй тапсырмасын тез орындауға көмектесетін және уақытты үнемдейтін әдіс ойлап табуды шешті. олар тарихта бірінші рет электронды кесте бағдарламасын жазып, оны Visible Calculator сөзінен қысқартылған VisiCalc (Көрсеткіш калькулятор) деп атады. сондықтан барлық электрондық кестелер бағдарламасы, оның ішінде Excel программасы Дэн мен Бобтың арқасында жүзеге асты. IBM және Macintosh компьютерлерінде жұмыс істейтін, ең озық үлгілерді ала отырып, бүгінгі заман талабына сай жасалған, электрондық кесте құрастыратын қолданбалы программа. Excel-дің соңғы нұсқаларында график тұрғызу, күрделі функциялар арқылы есеп-қисап жүргізу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар жұмыс атқару сияқты мүмкіндіктер кеңінен қолданылады. Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген.
Excel жай ғана бағдарлама емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады.
Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан ZZ әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді. Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтар деп аталады. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16. Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тышқанның немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқада іс-әрекеттер осы ағымдағы осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7: E25. Мұндағы А7 – тік төртбұрыштың сол жақ жоғарағы, ал Е25 – оң жақ төменгі бұрыштары. Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:

  • Сан

  • Формула

  • Мәтін


Сурет-7. MS Access терезесі



Microsoft Acces- MS Access ең кең тараған деректер басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады. Оның шежіресіне көз жүгіртетін болсақ төмендегідей мәліметтерді айтуымызға болады:

  • 1995 Access 7 (Windows 95 үшін MS Office 95 пакеті)

  • 1997 Access 97 (MS Office 97 пакеті)

  • 1999 Access 2000 (MS Office 2000 пакеті)

  • 2001 Access 2002 (Office XP пакеті)

  • 2003 Access 2003 (MS Office 2003)

  • 2007 Microsoft Office Access 2007 (MS Office 2007)

  • 2010 Microsoft Office Access 2010 (MS Office 2010)

Microsoft Access бағдарламасы ол – кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруа-шылықтар бір-бірі турла мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толты-рып, құжаттар дайыднап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады.
Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құрал ретінде кеңірек пайдаланылуы. Бұл бағдарлама қазіргі таңда компьютерді осы бағытта пайдаланудың нақты мысалдары көп емес. Бұл бағдарламаны оқушыларға оқыту жүйесіндегі көптеген сатылардан біртіндеп меңгеру арқылы жүргізіледі. Microsoft Access бағдарламасы кеңінен қолданылатын бағдарлама. Ол өнідіріс орындарында, баспа-кітап шығару салаларында, оқулықтар жасауда, сауда-саттық айналымында есептік жүйелерді орындауда ерекше рөлді атқарады. Microsoft Access бағдарламасы жоғарғы оқу орындарындағы оқушылар үшін кеңінен пайдалану да бірнеше ұтымды жақтары бар. Оқу процесінде білімін жетілдіру, ақпарат құралдарын енгізу, есте сақтау операциялары бойын-ша барлық мағлұматтарды енгізіп отыру, есептеу, сараптау, т. б. жүйелер үшін тиімді.

Сурет-8. MS Access бағдарламасы іске қосу



Microsoft Access бағдарламасы көбінесе, баспа қызметерінде, жоба жасау, типография-лық және топографиялық, жалпы инженерлік саланың бәрінде де қызмет етеді. Сонымен қоса конструктілік тәсілдердерді орындау, кестелермен жұмыс жасау салаларын да қамтиды. MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компонеттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданыла-ды, осндықтан бұл компонеттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.). MS Access кіру жолы: пуск – все программы – MS Office – MS Access.
Деректер базасының даталогиялық моделі (ДМ). Даталогиялық модель логикалық деңгейдің моделі болып табылады және ол деректер элементтерінің логикалық арасындағы байланысты бейнелеп, олардың сақтау сыртқы ортаға да мазмұнына тәуельді болмайды. Осы модель информациялық бірліктер терминдеріне құрылады, нақты МББЖ рұқсат етілген, біздер деректер базасын жобалайтын ортада.ДЛМ құру кезеңі даталогиялық жобалау болып аталады. МББЖ тілімен деректер базасының логикалық құрылымын суреттеуді сызбанұсқа д.а. ДБ физикалық моделі . Даталогиялық модельдің сақталатын орнына байланыстыру үшін физикалық деңгейдің деректер моделі қолданылады(көп жағдайда физикалық моделі д.а.). Осы модель есте сақтау құралғыларды аңықтайды және деректерді сақтайтын жерде физикалық түрін ұйымдастырады. Физикалық деңгейдегі модель мүмкіндік нәтижелілігін есептеп құрылады, МББЖ суреттеуі бойынша. Деректер базасының физикалық құрылымын суреттеуді сақтау сызбанұсқасы д.а. Соған сәйкес ДБ жобалау деңгейі физикалық жобалау д.а.
Кесте деректер қорының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі. Формалар-форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экран-да бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсе-теді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шоблонның біріне сәйкес ор-наластырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруға, яғни форманың конструкто-ры көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құруға болады. Есесп берулер деректер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп беру-лер конструкторының көмегімен деректер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістер-ді, оларды сәйкес жасайтын өз есеп берулерімізді дайындай аламыз. Сұраныс деректер қорынан ақпаратты алады, әрі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін. MS Access-те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалды ақпарат негізінде бұл әдісті қолдана отырып бір немесе бірне-ше кестелерден қажетті деректерді алуға болады. Деректерге қатынау беті MS Access немесе Mocrosoft SQL Server деректер қорында сақталған интернет немесе интернет арқылы жұмыс істеуге және оларды көруге арналған Web парақтың арнайы түрін ұсынады. Макростар жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған. Әрбір макрос бір немесе бірнеше макрокомандалардан тұрады, олардың әрқайсысының белгілі бір қызметі бар.

Сонымен қатар, MySQL бағдарламасын да орнаттым. MySQL – дүние жүзінде ең көп қолданылатын, қайнары тегін және ашық, реляцияланған мәліметтер қоры жүйесі (RDBMS). Серверлік бағдарлама ретінде, бірнеше қолданушыларға бірнеше мәліметтер қорын қолдануды қамтамасыз етеді. MySQL сөзіндегі "My" сөзі, бағдарлама жасаушысы Майкл Видньюс-тың (Michael Widenius) қызының аты - "My" сөзінен алынған. Ал SQL фразасы - Құрылымдасқан Тапсырыс Тілі (Structured Query Language) дегенді білдіреді.


MySQL, проект қайнарын GNU General Public License (GPL) және әр түрлі жеке меншік лицензияларында шығарды. MySQL-ды кезінде MySQL AP атты Шведттық фирма демеу еткен, ал қазір оны толығымен Oracle корпорациясы сатып алды.
Веб-бағдарламаларында MySQL кең қолданылады және кең тараған LAMP бағдарламаларының ішінде басты компонент рөлін атқарады. LAMP сөзі - "Linux, Apache, MySQL, Perl/PHP/Python" сөйлемінің акронимі.
MySQL - қайнары тегін бағдарламалар мен Интернеттегі танымал Flickr, Nokia.com, YouTube, Wikipedia, Google, Facebook және Twitter сайттарында қолданылады.
Толық функционалды мәліметтер қорын қажет ететін, қайнары тегін проекттер жиі MySQL-ды қолданады. Серверді коммерциялық проекттерде қолдану үшін, қосымша функциялармен ұсынылатын бірнеше нұсқалары бар. MySQL-ді қолданатын бағдарламаларға TYPO3, Joomla, WordPress, phpBB, MyBB, Drupal және де басқа LAMP бағдарламаларын жатқызуға болады. MySQL сонымен қатар Google, Wikipedia, Facebook және Twitter сияқты дүниежүзілік және кең ауқымды web-бағдарламаларында қолданылады.
MySQL - C және C++ тілдерінде, ал SQL парсері және sql_lex.cc деп аталатын лекксикалық анализаторы yacc тілінде жасалған.
MySQL көптеген жүйелер платформаларында жұмыс істейді. Оларға кіретіндер: AIX, BSDi, FreeBSD, HP-UX, eComStation, i5/OS, IRIX, Linux, Mac OS X, Microsoft Windows, NetBSD, Novell NetWare, OpenBSD, OpenSolaris, OS/2 Warp, QNX, Solaris, Symbian, SunOS, SCO OpenServer, SCO UnixWare, Sanos және Tru64. Сонымен қатар OpenVMS жүйесіне портталған түрі бар.
Мәліметтер қорымен жұмыс істеу үшін, көптеген бағдарламалау тілдеріне кітапханалар жасалынған. Мысалы, C# және VB.NET үшін MySQL Connector/Net, ал Java үшін JDBC драйвері. Бұнымен қатар ODBC интерфейсін қолдайтын ASP және ColdFusion сияқты тілдер үшін MyODBC кітапханалары бар. Ал URL арқылы кез-келген web-клиенттің MySQL серверімен араласуға мүмкіндік беретін HTSQL технологиясы, MySQL-серверімен бірге келеді.
MySQL серверімен жұмыс істеуге және оны басқаруға арналған басқа да клиенттік бағдарламалар бар. Кейбір кең қолданылатындары төменде алфавит бойынша тізімделген:
Adminer - CSS стилін қолдануға болатын, бір ғана PHP скрипттен және бірнеше мәліметтер қорымен жұмыс істей алатын, тегін клиенттік бағдарлама.
DaDaBIK - мәліметтер қорына CRUD операцияларын web арқылы жасауға мүмкіндік беретін, қайнары ашық және тегін PHP тілінде жасалған клиенттік бағдарлама.
DBEdit – MySQL және басқа да мәліметтер қорын басқаруға арналған тегін бағдарлама.
dbForge GUI Tools — схемаларды және мәліметтерді салыстыруға және синхрондауға, тапсырыстарды құруға арналған жеке модульдерден тұратын бағдарлама.
HeidiSQL – Windows платформасына арналған толық функционалды клиенттік бағдарлама. Басқару жүйесіне жергілікті және алыстағы компьютердегі мәліметтер қорын, кестелерді, кесте бағаналарын және жеке мәлімет жолын өңдеу операциялары жатады. Сонымен қатар уақыт/күн және бірнеше мәндік типті жолдарды өзгертуге арналған клиенттік функциялары бар.
LibreOffice Base - мәліметтер қорын жасауға және басқаруға, қолданушыларға мәліметпен жұмыс істеу ыңғайлы және түсінікті болу үшін мәліметке есептемелер мен олардың формаларын жасауға мүмкіндік береді. Microsoft Access сияқты - Access, ODBC, MySQL және PostgreSQL мәліметтер қорына клиенттік бағдарлама ретінде қолдануға болады.
Navicat – Windows, Macintosh және Linux операциялық жүйелеріне арналған мәліметтер қорын басқаруға арналған графикалық бағдарламалардан тұратын бағдарламалар жиынтығы.

Сурет-8. MySQL бағдарламасы іске қосу


MySQL жүйесі келесі қосымшаларды қолдауды жүзеге асырады. Бірақ ол қосымшаларды басқа жүйелер қолдамауы мүмкін:

  • Әр кестелерге жеке сақтау қозғауыштарын қолдану. Бұл, бағдарламашыға тиімдісін таңдауға мүмкіндік береді(MySQL 5.0 нұсқасында әр қозғауыштар компиляция арқылы жүйеге ендірілуі керек; MySQL 5.1 нұсқасында, қозғауыштар динамикалық түрде қолданылу барысында жүктеліне алады):

  • Басты сақтау қозғауыштары (MyISAM, Falcon, Merge, Memory (heap), Federated, Archive, CSV, Blackhole, Cluster, EXAMPLE, Maria, және MySQL 5.5 нұсқасынан бастап жүйеде стандартты етіп қойылған InnoDB)

  • Сырттан жасалған қозғауыштар(solidDB, NitroEDB, ScaleDB, TokuDB, Infobright (бұрынғы Brighthouse), Kickfire, XtraDB, IBM DB2). InnoDB - сырттан жасалған қозғауыш болатын, бірақ Oracle компаниясының сатып алуы, MySQL ядросын және InnoDB екеуін бірге қосты.

  • Қоғамдастық құрған (memcache engine, httpd, PBXT, Revision Engine) қозғауыштар

  • Меншік қоғауыштар

  • Топтасқан фиксация - секундына бірнеше жазу орындау үшін бірнеше қосылымдардағы бірнеше транзакцияларды біріктіру. (PostgreSQL-де бұл функционалдың кеңейтілген формасы бар)

Microsoft Office Word (күнделікті — MS Word, WinWord немесе жай ғана Word) - Macintosh компьютерлерінде және Windows, DOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі. Құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Оның соңғы нұсқалары шағын баспа жүйесі ретінде кітап, газет- журналдар шығаруда кеңінен қолданылады. Microsoft Office Word дегеніміз компьютерде құжаттар жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама болып табылады. Суреттер немесе өң сияқты түрлі-түсті фотосуреттер немесе көрнекі суреттер пайдаланып әдемі мәтін жасау және карталар мен кестелер сияқты деректер қосу үшін Word бағдарламасын пайдалануыңызға болады. Оған қоса, Word бағдарламасы мәтін жасау үшін түрлі көмекші мүмкіндіктерді береді, олардың көмегімен мақалалар немесе есептер сияқты іскери құжаттарды оңай аяқтай аласыз. Сондай-ақ, ашықхат немесе хатқалта мекенжайларын басып шығаруыңызға болады. Word бағдарламасы құжаттар, электрондық кестелер мен көрмелер жасауға және электрондық поштаны басқаруға арналған бағдарламаның бірнеше түрлерін біріктіретін өнімдердің бумасы болып табылатын «Office» бумасының бір бөлігі болып табылады.
Word-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.
Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады:
Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.
Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.
Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.
WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б.
Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:
Файл→Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;
WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау; тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын таңдау; редактор терезесінің тақырыб жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу; Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.
Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді. Қалауңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-Отмена) болады.

Сурет-9. WORD бағдарламасы іске қосу

Терезеде Widows жүесінде кездесуге тиіс стандартты көптеген элементтер бар. Қалып жолында мұнан басқа қара түске боялып белгілі бір режимнің іске қосылып тұрғанын, ал сұр түсті болса - іске қосылмағанын білдіріп тұратын жұмыс режимі индикаторлары бар:
ЗАП - макрокомандаларды жазу (записать) режимі іске қосылған екпінді күйде екенін көрсетеді;
ИСПР - түзелетулерді (исправления) белгілеу режимі екпінді күйде, олар құжаттың соңғы ңұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді;
ВДЛ - белгілеулерді кеңейтетін ( Расширить выделения) F8 пернесі екпінді күйде, яғни фрагментті ерекшелеп алып, оны кеңейту режимі іске қосылған, бұл режим ерекшелеу мөлшелерін F8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір символға, сөзге, сөйлемге т.б.) көрсетіп тұрады.
Цифорлық таңбалары бар көлденең және тік жылжу белдеулері мәтін ішіндегі курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкіндігін береді.Бірақ бұл жылжу белдеулері Word редакторында бұрынғыдан маңыздырақ қосымша функциялар атқарады. Көлденең орналасқан сызғыш (белдеу) арқылы тышқан көмегімен:


    • абзац алдындағы жаңа жол басын;

    • беттің сол жақ және оң жақ шеттерінде қалдырылуға тиіс бос орындар ( поле) аумағын;

    • мәтін аралықтарындағы кесте бағаналарының енін;

    • көлденең табуляция позицияларын өзгертуге, олардың жаңа мәнін бекітуге болады.

Осындай әдістерді қолдана отырып, студенттердің тізімін, жаңа компьютерлер туралы отчет, мұғалімдер туралы ақпараттырды жаздым.

ҚОРЫТЫНДЫ


Дипломалды практика барысында «ASM TENDER» ЖШС таныстырылды, практика өтілген ұжымымен таныстырылып, жақсы қарым-қатынас орнатылды. Кәсіпорын жұмысымен толықтай таныстырыла отыра, практика жетекшілерімен бірлесіп құрған жоспар іске асырылды.


Университетте теориялық түрде қарастырылған көптеген тақырыптарды іс-жүзінде орындап көрілді. Практика жетекшісі Молдашов Еркебұлан білгендерімен бөлісіп, жұмыстарды іс-жүзінде атқаруға мүмкіндік берді.
Дипломалды практика барысында ақпараттық технология саласындығы техникалық дайындық пен дағды жоғары деңгейде көрсетілді. Кәсіпорында қолданылатын 1С программасының бағыттарымен, Lotus Notes құжат алмасу программасымен, Kerio Control қауіпсіздік қамтамсаыз ететін желіаралық экран программасымен жұмыс істеу көрсетілді және іс жүзінде осы программаларда жұмыс жасалынды. Кәсіпорында орналастырылған локальды жүйені басқару жұмыстары, оларды кеңселер арасында орналастыру жұмыстарына да қатыстырылды.
Кәсіпорын барлық бөліміндегі программалармен жұмыс істеу арқылы ұжым мүшелері арасындағы эстетикалық тәртіпті сақтау үйретілді
Қорытындылай келе, теориялық білімімді практикалық түрде көрсете білінді. Осы кәсіпорында практика өту арқылы болашақ IT-маман ретінде үлкен тәжірибе жиналды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. «Техническое пособие по проектированию информационных систем в среде OR3» - 2007 год, 223 стр.
2. Указ Президента Республики Казахстан «Правила проведения аттестации административных государственных служащих» – САПП Республики Казахстан, 2001 г., № 1.,ст. 141
3. Трудовой кодекс республики Казахстан от 15 мая 2007 года N 251 - "Казахстанская правда" от 22 мая 2007 года N 76 (25321)
4. http://egov.kz
5. http://economy.gov.kz



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет