Педагогикалық іс-тәжірбие кезіндегі студенттің жұмысы жайында есебі. Мен Әбдібек Айдана Сражадинқызы 30.01.2023-03.03.2023жж аралығында 4курс дипломалды/ендрістик практикамды Қызылорда обл. Жалағаш ауд. «Шекер Ермағанбетова» атындағы 246 мектепте өткіздім. Іс-тәжірбие кезінде маған 10 «а»сыныбына сынып жетекшілік және де 8 «ә»сыныптарына пән мұғалімі болып бекітілдім. Қайруллаева Күміс іс-тәжірбие жетекшім ретінде бекітілді. 10 «а»сыныбымен тығыз қарым-қатынас орнатып,тиянақты түрде жұмыс жасауға барынша тырыстым.Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген қызығушылығымды дамытып,іс-жүзінде көрсетуге талпындым. Болашақ ұстаз ретінде мектеп ұжымымен және де оқушылармен жақсы жұмыстар атқардық.Өткізген сабақтарыма байланысты көрнекілік құралдарын пайдаланып, қызықты әдіс тәсілдер көрсетіп,интеллектуалды ойындармен сабақтарымды қызықты өткіздім.Оқушылардың оқу үлгерімдерін барлық сабақтарына қатысу арқылы қадағалап, олардың сабаққа деген қызығушылыған арттыруға ат салыстым. Сынып жетекшілері ретінде оқушылардың тәртіптерін,атап айтқанда сабаққа қатысуларын,метепшілік іс-шараларға қатысуын және де мектепте мектеп формасын қатаң түрде сақтауын қадағаладым. Осы педагогикалық іс-тәжірбиеге берілген бес апта ішінде болашақ мамандығыма деген сүйіспеншілікті арттыра біліп және білікті маман болу үшін көптеген тәжірбие жинақтадым деп есептеймін.