«Тұлғаның өзіне деген сенімділігін арттыру» атты но-27топ оқушыларына арналған психологиялық тренинг



бет1/3
Дата04.05.2023
өлшемі25,19 Kb.
#89678
  1   2   3
Байланысты:
«Тұлғаның өзіне деген сенімділігін арттыру» атты НО-27топ оқушыларына арналған психологиялық тренинг.


«Тұлғаның өзіне деген сенімділігін арттыру» атты НО-27топ оқушыларына арналған психологиялық тренинг.
Педагог – психолог:
Мақсаты: оқушылардың өздеріне деген сенімдерін нығайтып, өзі туралы ойын дамытып, коммуникациялық іскерлікті жетілдіру, өзін сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру.
Тренинг ережесі:
1. Тыңдай білу.
2. Сөзді бөлмеу.
3. Белсенділік.
4. Шығармашылық.
5. Төзімділік.
6. Сыйластық.
Көрнекіліктер: үнтаспа, ватман, акварильді краска, түрлі-түсті карандаш, түрлі-түсті қағаздар, май шам.
Релаксация
Мақсаты: Оқушыларды сергітіп, өздеріне деген сенімділіктерін нығайтып, арттыра түсу.(үнтаспадан әуен ойналып тұрады.)
Ыңғайлы отырамыз. Өз денелеріңізді сезініңіздер және денелеріңізді бос ұстаңыздар.Дене демалады, ал сана-сезім сергиді. Іштеріңізден аспанға қарап отырмын деп ойлаңыздар. Аспанды жақын сезініңіз. Табиғат көркемдігін байқаңыз. Айналадағы шуылдаған құстардың шырылдаған дауыстары неткен керемет!Кенеттен, сіз бір әсем әуенді естисіз! Әуен бағытына қарай ұмтыласыз. Сіз орман ішіне қарап зәулім сарайды байқайсыз. Зәулім сарайдың жартылай ашылған есігінен әсем әуен естіледі. Сіз зәулім сарай ішіне кіресіз. Айналаңызды қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол көркем суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап, ұстап көресіз. Айналаңыздағы қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол керемет суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап өтесіз. Ол суреттерде сіздің қиял – ойларыңыз бейнеленген. Бірінші қабырғаға…., екінші қабырғаға…, үшінші қабырғаға…, төртінші қабырғаның соңында сіз аппақ, әрі жұмсақ демалатын жерді байқайсыз. Кенеттен, шаршағаныңызды байқайсыз, сол жерге демалуға жатасыз. Өз денеңізді көз алдыңыззға елестетіңіз…..басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін….енді керісінше аяғыңыздың ұшынан басыңызға дейін. Сіздер демалдыңыздар, жеңілдедіңіздер, жай ғана тұрып, осы бөлмеде ҰБТ – ге байланысты өз қорқынышымызды, үрейімізді, сенімсіздігімізді, барлық кері әсерлерді тастап артқа қарамай есіктен шығып, есікті жауып кетеміз. Сіздер көңілді, қайратты, қажырлысыздар.
Ешқашан жүректілік пен оптемизмді жоғалтпаңыздар! Табанды және қайратты болыңыздар.Мен сіздерді барлық өз қабілеттеріңізді қазір де, ертең де және одан кейінгі күндерде де үнемі, жігерлілікпен дамытуларыңызға дем беремін….Сіздің басыңыз мықты ақылды болғанын сезініңіз және солай деп ойлаңыз. Сезініңіз, сіз сергексіз! Сіз ештенеден қорықпайсыз! Сіздің күшіңіз көп, қайратты, өзіңізге сенімдісіз! Сізде бәріде болады.!
Сіз үлкен шыдамдылықтың арқасында жақсы оқисыз, көңіл күйіңіз жақсы, орындалмай қалған жұмыстың орнын тезірек толтыруға ынтызарсыз.
Сіз ойыңыздың айқындылығының артқанын, көңіл күйіңіздің жақсарғанын, сезгіштігіңіздің жоғарлағанын сезесіз.
Өміріңізге жаңа күштерің қосылғанын сезінесіз. Сізде бәрі алда! Сіз таланттысыз! Сізде бәріде болады!
Сіз қайтадан табиғат аясындасыз. Шексіз аспан…Ораламыз. Тамаша… Жұмысымызды аяқтаймыз. Сіз өзіңіз туралы ойыңызды аяқтағаныңызды, өзіңіздің демалғаныңызды сезінген кезде, әркім қашан көзін ашқысы келсе, сол кезде көзіңізді ашыңыз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет