Дипломатиялық этикет және хаттама



Pdf көрінісі
бет34/63
Дата23.09.2023
өлшемі1,14 Mb.
#109884
түріДиплом
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63
Келіссөздер жүргізудің шығыстық ұлттық стилі
. Келіссөз үдерісіне контекстің 
әсер ету жоғары деңгейі Шығыс өкілдеріне тән болып саналады. Мұндағы контекст 
маңызының зор екендігі соншалықты, айтылған ойдың мағынасын қарама-қарсы жаққа 
тіпті, өзгертіп жіберуге болады. 
Көптеген шығыс халықтарының әдептілік, сыпайылық ережесі, аса ұзақ алдын ала 
әңгімелесуді қажет етеді, серіктестер, келіссөздер тақырыбына тікелей кіріспес бұрын
бір-біріне өзінің қошеметін, құрметін жеткізеді.
Қытай тарабы келіссөздерде үдерістің жекелеген кезеңдерін дәл анықтап айтуға: 
алдымен позицияларды нақтылауға, оларды талқылауға, қорытынды кезеңге бөлуге 
ұмтылады. Бастапқы кезеңде олар өз серіктестерінің сыртқы түріне, олардың мінез-құлық 
мәнеріне жете назар аударады. Алынған түсініктер негізінде олар қатысушылардың 
әрбірінің мәртебесін анықтауға тырысады және әрі қарай ресми, сол сияқты ресми емес 
неғұрлым жоғары мәртебесі бар қатысушыларға дәл бағдарланады. 
Серіктестің делегациясы ішінен қытайлықтар, олар тарапынан өздеріне ұнамды 
пікірін (симпатиясын) білдірген, оның өкілдерін бөліп алады. Атап айтқанда, осы адамдар 
арқылы олар қарсы тараптың позициясына өз ықпалын жүргізуге тырысады. 


Келіссөздердегі «достық рухына» олар аса маңыз береді. Сондай-ақ олар серіктестермен 
ресми емес қарым-қатынасты жолға қоюға баса назар аударады, қонақжайлылық, 
кішіпейілділік пен шынайы қызығушылық, жиі түрде жеке ынталылық көрсетеді. 
Қытайлықтар түпкілікті шешімді, серіктеспен келіссөздер үстелі басында емес, 
негізінен үйде қабылдайды. Олардың делегациясының саны әдетте, өте көп, өйткені 
келіссөздердің күн тәртібіндегі бүкіл мәселелер бойынша өзінің құрамында 
сарапшылардың саны көп болады. 
Әдетте, қытай тарабы бірінші болып «картаны ашады», өзінің көзқарасын бірінші 
болып айтады, ұсынысты бірінші болып жасайды және т.б. Өз серіктестерінің 
мүмкіндіктерін бағалағаннан кейін барып, негізінен, келіссөздердің ең соңында жол 
беруге барады. Олардың жол берген ұсынысы жиі түрде ең тығырыққа тірелгенде барып 
көрінеді. Бірақ тіпті, осындай жағдайдың өзінде, олар қарама-қарсы тараптың жіберген 
бүкіл қателері мен олқылықтарын шебер пайдаланады. Қытайлықтар болжанатын 
келісімдердің бүкіл аспектілері мен салдарларын жете зерделемейінше ешқашан шешім 
қабылдамайды. Неғұрлым маңызды мәселелер бойынша шешім, барлық деңгейлердегі 
көптеген келісімдермен, алқалы түрде қабылданады. Қол жеткізілген уағдаластықтарды 
орталық тарапынан қолдау, іс жүзінде міндетті. 
Жапондықтар келіссөздерге аса мән бере қарайды және оған неғұрлым көп уақыт 
жұмсалса, соғұрлым жақсы деп санайды, өйткені тараптардың бір-бірін жақсы білуі, 
болашақта қол жеткізілетін келісімдердің егжей-тегжейінің көбірек талдануына мүмкіндік 
береді деп есептейді. Ресми келіссөздер уақытында жапон тарапы позициялардың 
қақтығысып қалуларын болдырмауға тырысады. Позициялардағы ерекше ығыстыру 
немесе келіссөздер жүргізу тактикасындағы елеулі өзгерістер олар үшін тән емес. Егер 
қарсы тарап оған көбірек жол берсе (көнсе), өзінің серіктестеріне позитивті жауап беруге 
ұмтылу, жапондықтар үшін тән. Келіссөздерде серіктестер тарапынан жол беру (көну), 
оларды жапондықтардың көз алдында жоғары көтереді. Жапондықтар бұны өзіне 
көрсетілген құрмет деп қарайды. Тәжірибеде әрқашан да бұл, бір мәселеде жол беруге 
барған серіктес, өзге тараптың қарсы жол беруге баруы мүмкін екендігіне есеп құра 
алатынын білдіреді. 
Жапондықтармен келіссөздерде «жоқ» деген сөзді айтудан қашатынын есте ұстау 
қажет. Өзінің келіспейтінін олар күлу (жымию) арқылы білдіреді. 
Жапондықтар, әңгімелесушісін тыңдай отырып, бүкіл өзінің назар қоюшылығын 
әрқилы көрсетеді. Еуропалықтар жапондықтардың осы мәнерін жиі түрде, баяндалған 
көзқараспен келісуін білдіру ретінде түсіндіреді. Іс жүзінде, басты келіскен болып изеу, 
ақпейілді, ынта-ықыласты көңіл аудару жапондық «хай» («иә»), бірақ еш (ешқандай) 
келісімді білдірмейді. 
Қоғамдық пікірге олардың жоғары сезімталдығы келіссөздер жүргізудің жапондық 
стилінің сипатты белгісі болып саналады. Жапондықтар келіссөздердің іскерлік әлемде 
немесе тұтастай алғанда, қоғамда бірдей жағдайға ие адамдар арасында жүргізілуіне үлкен 
маңыз береді. 
Келіссөздердегі кездесулерде өте ұқыпты болу қажет. Жапондықтар қандай да бір 
себептерден туындаған болса да, кешігулерге аса қынжыла қарайды. Жапон тарапының 
іскерлік қарым-қатынастағы шекті дәлдігі мен міндеттілігі әлемге кеңінен белгілі. 
Келіссөздерге қатысты айтатын болсақ, онда келіссөздердің басталуы мен аяқталу 
уақытындағы уәделерді және өзіне алған міндеттемелердің орындалуындағы, яғни 
бүкіліндегі дәлдік – жапондық стильдің аса маңызды белгілерінің бірі болып саналады. 
Ресми отырыстарда жапон тарапы әдетте, ерекше маңызды емес тақырыптарды 
талқылауға тырысады. Жапондықтар келіссөздерді ешқашан да күн тәртібіндегі басты 
мәселені талқылаудан бастамайды. Серіктестің қатынасын жиі түрде ишарамен анықтап 
білу арқылы басты мәселеге біртіндеп келеді. Келіссөздердің күн тәртібінде тұрған 
мәселелер неғұрлым маңыздырақ болса, жапондықтар маңыздылығы аздау ұзақ-түйекке 
соғұрлым көбірек назар аударады. Осының сыртында, келіссөздерде тиісті ахуал туғызуға, 
ол үшін маңызды өзара түсінушілік орнатуға деген дәстүрлі жапондық ұмтылыс тұр. Бүкіл 


екінші кезекті мәселелер шешілген кезде, олар басты мәселеге кіріседі. Мұндай жағдайда 
келіссөздерді жылдамдатуға кеңес берілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет