А. М. Нурелова жапон және қазақ тілдеріндегі үстеулер: салыстырмалы анализ



жүктеу 129.77 Kb.

Дата15.03.2017
өлшемі129.77 Kb.

№ 3 (88) 2012

79

А.М. НУРЕЛОВА  



                                                         

ЖАПОН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ  ҮСТЕУЛЕР: САЛЫСТЫРМАЛЫ АНАЛИЗ

This article is about of adverbs in japanese and kazakh languages. The main part of the article consist of 

common knowledge of adverbs and comparative analyses of adverbs types by examples in these languages.

Жапон  тілін  оқыту  әдістемесінде  тиімді,  әмбебап,  жоғары  дәрежелі  әдіс-тәсілдер  аз  емес. 

Грамматиканы  тиімді  оқыту,  иероглифтерді  игеру,  оқу,  тыңдау  арқылы  жапон  тілін  игеру,  түсінуді 

үйрететін көптеген әдістемелер кеңінен қолданылады, дегенмен қазақ тілді оқушыларға жапон тілінің 

грамматикалық құрылымдарын, сөз тіркестерін  қазақ тілінің грамматикасымен салыстыра отырып 

түсіндірсе   тиімділігі артатыны сөзсіз.   

Әсіресе  теориялық  білімді  қалыптастыру  үшін,  грамматиканы  тек  практика  жүзінде  сөйлеу 

барысында қалай дұрыс пайдалану керектігін ғана емес, олардың жеке сөйлем мүшесі, грамматикалық 

бірлік  ретінде түсінуі маңызды болары анық.   

Соңғы кезде  жүргізіліп жатқан  зерттеулерге сүйенсек және жапон тілін оқу, оқыту барысында   

жапон  және  қазақ  тілдерінің  грамматикасында    ұқсастықтар  көптеп  кездесетінін  байқауға  болады. 

Әрине осы салада зерттеулер аз болғандықтан, деректер де материалдар да жоқтың қасы. 

Бірақ жапон тілін оқыту барысында грамматикалық құрылымдарды  өз ана тілдерімен, яғни қазақ 

тілдерімен салыстыра отырып оқытылса, бұл жапон тілін, грамматикасын қабылдауға, соның ішінде 

тек  практикалық  тұрғыдан  игеріп  қана  қоймай  теориялық  тұрғыдан  да    біліктілік  қалыптастыруға 

үлкен үлесін қосар сөзсіз.    

Осындай қос тілдегі ұқсастыққа мысал ретінде жапон және қазақ тілдеріндегі үстеулерді, олардың 

мағыналық тұрғыдан бөлінуін келтіруге  болады. 

Бұл мақаланың мақсаты-екі тілдегі үстеулерді, соның ішінде олардың мағыналық жағынан бөлінуін  

қарастырып, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау болып табылады.  

Жапон және қазақ тілдеріндегі жеке-жеке үстеулердің мағыналарын аударып,  қарастыру,  жапон 

тіліндегі  үстеулердің  қазақ  тілінде  баламасы  бар-жоқтығын  анықтау  жұмыстың  міндеті  болып 

табылады.

Қос  тілдегі  үстеулердің  жалпы  анықтамасына,  мағынасына  тоқталатын  болсақ,  төмендегідей  

көрсетілген.

Қазақ тілінде үстеу-мағына жағынан заттың қимыл, іс-әрекетінің және заттың сынының әр алуан 

белгілерін  білдіру  үшін  қолданылатын  сөздер.  Бірақ  үстеу      сөздер  заттың  қимылы  мен  сындық 

белгілерін тек етістіктер мен сын есімдер арқылы көрсетілген белгілердің  белгісі түрінде ғана білдіре 

алады деп көрсетілген [1].

Жапон  тілінде  үстеу-қимылдың,  іс-әрекеттің  әр  түрлі  белгісін,  сипаттарын,  мезгілін,  мөлшерін 

білдіретін  сөздер.    Сонымен  қатар  етістіктің,  сын  есімнің,  үстеудің    сипатын,  мезгілін,  мөлшерін, 

қимылының белгісін көрсетеді [2].

Осы анықтамалардан екі тілдегі үстеулердің ұқсас екенін байқауға болады.

Қазақ тілінде үстеулерді мағыналық тұрғыдан  жіктейді, олар- мезгіл үстеулері, мекен үстеулері,   

мөлшер үстеулері, бейне үстеулері, күшейту үстеулері, мақсат үстеулері, себеп-салдар үстеулері және 

топтау үстеулері [3].

Мезгіл  үстеуі  қимылдың,  іс-әрекеттің  мезгілін,  мерзімін  білдіреді  де,  қашан?  қашаннан?  деген 

сұрақтарға  жауап  береді.  Мезгіл  үстеулері  етістікпен  тіркесіп  қолданылады.  Мысалы:  бүгін  келді, 

ертең барады.

Мекен  үстеулері  қимылдың,  іс-әрекеттің  болу  орнын,  бағытын  білдіріп,  қайда?  қайдан?  деген 

сұрақтарға  жауап беріп, оларды көбінесе етістіктермен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты.

Мөлшер үстеуі қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама-шарқын білдіреді 

де,  қанша?қаншама?  сұрақтарына  жауап  береді.  Бұл  үстеулер  етістікпен  де,  сын  есімдермен  де 

тіркеседі. Мысалы: онша жараспайды, онша биік емес.

Бейне  үстеулері  қимылдың,  іс-әрекеттің  амалын,  сынын,  бейнесін,  тәсілін  білдіріп, 

қалай?қайтіп?қалайша?  деген  сұрақтарға  жауап  береді.  Бейне  үстеуі  көбінесе  етістікпен  тіркесіп 

келеді. Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі.

Күшейту – сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп не солғындатып 

көрсетеді.  Күшейту  үстеулері  көбінесе  сапалық  сын  есімдермен  тіркесіп,  сын  есімнің  күшейтпелі 

шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы.

Split by PDF Splitter


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

80

Мақсат үстеулері қимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіреді және қалай?не мақсатпен? деген 



сұрақтарға жауап береді. Мысалы: әдейі келдім, қасақана үндемеді.

Себеп-салдар қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін немесе салдарын білдіреді. Не себепті? неге? 

қалай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: босқа әуре болма, амалсыздан келіп отыр  [3]. 

Ал  жапон  тілінде  үстеулерді  үш  үлкен  топқа  топтастырған.  Қалып-жағдай  үстеулері(jyoutai), 

мөлшер(teido) және болжау үстеулері(chinjyutsu).

Қалып-жағдай үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің қалып-жағдайын білдіреді. Мысалы: hakkiri mieru-

анық көрінеді sassoku yonda - тез, жылдам оқыды.

Мөлшер  үстеуі    қимылдың,    сынның  мөлшерін,  уақытын,  мерзімін,  шама-шарқын  білдіреді. 

Мысалы: sukoshi atsui - сәл ыстық.

Болжау  үстеулері-қимылды,  іс-әрекетті,  сынды  болжайды.  Мысалы:marudeyumenoyouda-дәл  бір 

түс сияқты [4]. 

Осы үлкен топтаманың ішінде уақытты, нұсқауды және еліктеу сөздерін білдіретін үстеулер де бар 

[5].

Бұл мақалада жапон тіліндегі мөлшер үстеуін алып, қазақ  тіліндегі осы үстеулерге мағыналық 



тұрғыдан ұқсас қазақ тіліндегі мөлшер үстеулерімен салыстырып, зерттеп қарастырайық.

Жапон тілінің мөлшер үстеулерін  қарастырып көрсек қазақ тіліндегі мөлшер үстеулеріне, күшейткіш 

үстеулеріне және де бейне үстеулеріне мағынасы жағынан, қолданылуы жағынан ұқсас болып келеді. 

Мысалы,  жапон  тілінде  мөлшерді  білдіріп,  сөйлемде  етістікпен  тіркесіп  келетін    үстеулерге  қазақ 

тіліндегі ұқсас үстеулерді таптық. 

Жапон  тіліндегі    төмендегі  мөлшер  үстеулер  (teido  fukushi)  қазақ  тіліндегі  мөлшер  үстеулеріне 

ұқсас болып келеді. Мысалы, жапон тіліндегі «daibu ookikunatta» – сөйлемі қазақ тіліндегі баламасы  

«әжептәуір өсіпті» болып  табылады. Яғни, жапон тіліндегі  daibu-мөлшерлік үстеуі қазақ тіліндегі 

мөлшерлік үстеуі – әжептәуір болады.

«mekkiri otoroeru»  қазақ тілінде   едәуір түсіпті деп аударылып, mekkiri үстеуі едәуір үстеуіне пара-

пар.

Жоғарыда  келтірілген  мысалдар  мөлшер  үстеулерінің  мөлшерлік  белгілері  етістік  арқылы 



көрсетілген.      

Келесі жапон тіліндегі мөлшер үстеулер қазақ тіліндегі күшейткіш үстеулеріне ұқсас болып келеді. 

Бұл  үстеу  түрлері  тек  сын  есім  арқылы  күшейткіш  белгілерін  беретіндер.  Бұлар  заттың  сындық 

белгілерін күшейтіп, асырып  немесе азайтып көрсететін кезде қолданылады. 

Мысалы:  sukoshi atsui – сәл  қымбат

                  amari takakunai – онша қымбат емес

                  totemo takai  – өте қымбат

                  taihen takai – аса қымбат

                  hijyouni takai –  тым қымбат  

Бұл мысалдарда қымбаттылық жайлы айтылып, қаншалықты қымбат екені, оның қымбаттылық 

деңгейі төменгі сатыдан бастап жоғары сатысына дейін күшейтіліп көрсетілген. 

Бұл мөлшер үстеулерінде  қазақ тіліндегі  бейне үстеулерімен ұқсастықтары  табылды. 

Мысалы: masumasu furueru сөйлемін қазақ тіліне аударсақ  бірте-бірте өсу, яғни  masumasu үстеуі 

бірте-бірте бейне үстеуіне пара-пар.                       

Жоғарыдағы  жүргізілген  салыстырмалы  сараптамадан    екі  тілдегі    үстеулердің    мағынасынан, 

қолданылуынан, үстеулердің мағыналық бөлінуінен  ұқсастықтар бар екенін көруге болады.  Бірақ 

ұқсастықтар табылғанымен, бұл жерден айырмашылықтар да бар екенін байқауға болады.

Осындай қазақ тілінде баламасы жоқ  үстеулердің  түрі-chinjyutsu fukushi.

Бұл  үстеу  түрі  сөйлемнің  соңында  келетін  сөзге  анықтама  беретін,  сөйлемде  байланыстырушы 

ролін атқаратын үстеулер. Бұлар ішінара 7 түрге бөлінеді: 

1) Dantei to kyuuou 

:

 kitto  kanarazu  zettaini



Бұл үстеулер сөйлемде нақты, біржола шешім қабылданғанын білдіреді. 

Сонымен қатар тек болымды формада қолданылады.

Мысалы, kitto raisyuu kitekudasai  Міндетті түрде келесі аптада келіңіз.

Бұл  мысалда  келесі  аптада  келуі  шешіліп  қойғанын  білдіреді  және  оны  келесі  аптада  күтетіні 

меңзеледі.

2) Shyoumatsu to kyuuou  keshite  zenzen   chittomo   mettani

Бұл үстеулер болдырмауды, болымсыз түрді білдіреді.

Zenzen toushyokanni ikanai – Мүлдем кітапханаға бармаймын. 

:

Split by PDF Splitter



№ 3 (88) 2012

81

 Бұл мысалда үстеу болымсыз  мағынаны білдіріп, кітапханаға бару мүмкіндігін мүлде алып тастап 



отыр.

3) Suiryou to kyuuou 

:

 tabun   osoraku   sazo   masaka  yomoya



Бұл үстеулер түрі  адамның ойын, болжамын білдіреді. Мысалы, 

Tabun ashita amega furudarou – Мүмкін ертең жаңбыр жауатын шығар.

 tabun үстеуі арқылы жаңбырдың болу мүмкіндігі беріліп отыр және де сөйлем соңында етістікті 

мүмкіндік, болжам формасына қоятын darou сөзі қолданылып отыр, негізі сөйлемде tabun – darou                                                                                     

deshyou  сөздерімен  келеді,  егер  сөйлем  басында  tabun  үстеуі  тұрса,  сөйлем  міндетті  түрде    darou/

deshyou сөздерімен аяқталады. Бұл да үстеулердің сөйлемдегі рөліне, қолданылу ерекшелігіне мысал 

бола алады.

4) Kibou tokyuuou : douka    douzo   zehi

Бұл үстеулер қалауды, арманды білдіреді. Мысалы төмендегі бірінші сөйлемде  оны кешіруін қалап 

тұрса, екінші сөйлемде оның тамақ алуын қалап тұрғанын білдіреді.

Douka yurushite kudasai  

Douzo meshiagatte kudasai

5) Hikyou to kyuuou : marude  samo

Бұл жерде салыстыру белгісін білдіретін үстеулер жатады.

Marude yumenoyouda -бұл сөйлемді қазақ тіліне аударсақ дәл түс сияқты дегенді білдіреді. Белгілі 

бір оқиға түспен салыстырылып көрсетілген және де жоғарыда айтылғандай  қолданылған үстеуге 

байланысты сөйлемнің соңында келетін сөзде, сөйлемнің мағынасы да өзгереді. Marude салыстыру 

кезінде қолданылатын  үстеуі, үнемі етістікті салыстыру формасына қоятын  youda  сөзімен тіркесіп 

келеді. Бұл сөздер де жоғарыда айтылғандай қатар қолданылады.

6) Katei to kyuuou : moshi  tatoe  manichi – шарттық белгісін білдіретін үстеулер.

mochiyasumuyounararenrakushimasu – Егер демалатын болсам хабарласам.

Бұл сөйлемде  moshi  үстеуі  шартты белгісін  білдіріп тұр.

7) Gimon to kyuuou : naze  doushite

Сөйлемде сұраулы, күмәнді  мағынаны беретін үстеу түрі [6].

Мысалы, naze warawanainoka – Неге күлмейді екен.

naze  үстеуі  сөйлем  басында  етістік  алдына  келіп  неге  күлмейтінін  сұрап  тұрған  үстеу  ретінде 

қолданылып тұр.

Жоғарыда айтылып өткендей жапон тіліндегі үстеулердің ерекшелігі сөйлемдегі үстеулер сөйлем 

мағынасына, сөйлем соңында келетін етістіктің формасына,  сөйлем соңына келетін сөйлем мүшесіне 

әсер етеді. [tabun] үстеуімен сөйлем соңында міндетті түрде [darou] [deshyou] келеді және де сөйлем 

болжау  мағынасын  білдіреді.  [marude]  [noyouda]  мен  қолданылады.  [keshite],  [sappari],  [ikkouni]

үстеулерімен сөйлемде етістік  болымсыз түрде болады. Ал [kitto], [kanarazu] сөздерімен  етістік тек 

болымды түрде  қолданылады.  Осылай  үстеулердің қолданылуына байланысты сөйлемдегі  етістік 

формасы тек болымды  немесе керісінше тек болымсыз  және де етістік тыйым салынатын формаларда  

тұратын      топтамаларға    бөлінген.      Үстеулерді  бұлай  бөліп,  біріктіру    жапон  тілін  оқытуда,  яғни 

үстеулерді студенттерге түсіндіру кезінде өте ыңғайлы және түсінікті болары сөзсіз.  Әсіресе бастапқы 

деңгейлерде  қолданылған үстеуге байланысты  сөйлем мағынасы, сөйлем соңында келетін сөйлем 

мүшелерінің    формалары  қалай  өзгеретінін  игеріп,  жазу,  сөйлеу  барысында  қателіктер    жасамауға 

мүмкіндік береді. 

Жасалынған талдаулардың, зерттеулердің нәтижесінде  жапон және қазақ тілдеріндегі үстеулерде 

мағыналық  жағынан      ұқсастықтар  кездессе,  өзгешеліктер  де  барын  көруге  болады.  Қазақ  тілінде 

мағыналық  жағынан  жасалынған  топтамалардағы  үстеулер  түрлері  жапон  тілінде  де  кездеседі, 

сонымен қатар жапон тіліндегі үстеулерде  қазақ тілінде кездеспейтін түрлері де бар. 

Сонымен  қатар  ерекше  аталып  өтетіні  екі  тілдің  ұқсастығы  болып  табылатын  тұстардың  бірі- 

үстеулердің сөйлемде  қандай сөз таптарымен тіркесіп келуінде. Жапон тіліндегі мөлшер үстеулер 

етістікпен, сын есіммен, үстеумен тіркесіп келеді. Қазақ тіліндегі осы үстеулерге ұқсас болып келетін 

мөлшер және бейне үстеулер етістікпен,  ал күшейту сын есіммен тіркесіп келеді. 

Әрине, екі тілдегі салыстырмалы зерттеудің жоқтығы жапон тілін зерттеуде, сабақ барысында екі 

тілді салыстыру әдістемесін қолданылуын  қиындатады.    

Қазақ және жапон тілдерінің салыстырмалы зерттеуі  тілді оқыту әдістемесінде бір тәсіл ретінде 

қолдануға  болатыны  сөзсіз,  әрине  тек  грамматиканы  оқытуда  ғана  емес,  сонымен  қатар  болашақ 

филологтар үшін  жапон тілінің грамматикасын теориялық, академиялық деңгейде игеруге, зерттеу 

жолына түсер ойлары бар болса бағыт-бағдар беруде атқаратын рөлі зор.     

Split by PDF Splitter



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

82

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы, 1967. - 201 б.

2.                                            . – Токио,1998. -58 б.

3. Исаев С.М. Қазақ тілі. – Алматы,1993. -106-107 б.

4. 


, 1988.

5. 


,1998, -105.

6. 


,1988.

7. 


,1999.

8. A Dictionary of Japanese Language Learners Errors, 1997.



Редакцияға 14.02.2012 қабылданды.

Ж.Қ. ӨМІРБЕКОВА 

ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ

(Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы негізінде)

The problems of world study in Nurpeisov’s works are analysed in this article. The national view, esthetical 

attitude are also described.

Ұлттық  тіл  мен  ұлттық  дүниетанымның  бірлігі  Ә.  Нұрпейісовтің  шығармалары  тіліндегі  тілдік 

бірліктердің  қолданылуымен  көрініс  тауып  отыр.  Тілдің  дүниетанымдық  жағын  зерттеу  тіл 

табиғатының ерекшеліктері мен оның ұлт болмысын берудегі мүмкіндіктерін анықтап береді және 

ұлттық тілдің танымдық ерекшеліктерін айқындауға негіз болып табылады. Ә.Нұрпейісовтің ұлттық 

мазмұнмен сабақталатын «Соңғы парыз» романындағы ұлт тарихын, ұлт болмысын, дүниетанымын 

жеткізуге қызмет ететін тілдік қолданыстарына тікелей тоқталу – қазақ тіл біліміндегі қалыптасып 

келе жатқан салаларды дамытуға, дәйектеуге және тілдік тұлғаның шығармашылы арқылы көрінетін 

лингвомәдениеттануға өзіндік деңгейде теориялық үлес қосу деген сөз. 

Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романының тіліндегі дүниетанымдық лексиканың қолданысы – 

тіл мен дүниетаным тұтастығының айшықты көрінісі. Шығарманы тіл мен дүниетаным тұтастығына 

қатысты қарастыру – тіл мен ойлаудың өзара қатынасын танымдық (когнитивтік) ғылым шеңберінде 

қарастыру қажеттілігін туындатады. 

Тіл  мен  ойлаудың  өзара  қатынасы  –  ертеде  философтарды  ерекше  ойландырған  мәселе:  үнді 

философы  Анандавардханидың  (ІХ  б.э.)  іліміндегі  семантикалық  өзгерістердің  сипаты,  ойлау  мен 

тіл арақатынасы (ойдың пайда болуы мен сөзбен жеткізу арақатынасы) мәселелер жөнінде айтқан 

ойлары [1],

 

Қытайдың конфуциялық ілімі: бір заттың мағынасын түсіну үшін оның алғашқы идеялық 



болмысына,  «идеалдық»  мағынасына,  «дұрыс»  атауларына  оралу,  яғни  сол  заттың  танылуына  жол 

ашады деп түсіндірсе, мұсылмандық қайта өрлеу кезеңі болып саналатын Х ғасырда Абу Хайан тіл 

мен  ойлаудың  өзара  тығыз  арақатынасы  туралы  өз  ойларын  айтқан  [2].  Бертін  келе  тіл  мен  ойлау 

мәселесі  Лейбництің  (форманың  мағынаны  берудегі  рөлі),  И.  Кант  пен  Г.  Фреге  еңбектерінде  сөз 

болған. Сонау Платон ой тоқтатқан тіл мен ойлау, танымдық процесіндегі тілдің алатын өзіндік рөл 

мәселелерінің қазіргі кезде ізденіс аясы кеңейіп, таным, тіл логикасы т.б. ұғымдармен толықтырылып, 

жаңа концепциялар, бағыттар негізінде зерттелуде. Ақпараттың іштей өңделуге түсуі, яғни, адамның 

менталды табиғаты, оның ішкі ойлау механизмдері қазіргі заманғы когнитивтік ғылымның нысаны 

болып табылады. Ал осыдан өрбитін қоршаған ортаның ойда, оның тілде қалай көрініс табатыны 

сияқты  мәселелер  белгілі  ғалымдар  В.  Гумбольдт,  А.  А.  Потебня,  Н.  Хомский,  Г.  Гадамер  т.б. 

еңбектерінде қарастырылған. Олардың концепциялары философия, психология, мәдениет пен тілді 

тоғыстыра зерттеуге негізделген. 

Адам қоршаған ортаны ойлау арқылы танып біледі. Адамның шындық болмысты танып білуі ой 

арқылы жүзеге асса, тіл – ойдың бейнелеу қызметінің нәтижесін бекітудің құралы ретінде қызмет 

етеді. Ал тіл мен ойлау бірлігі өз кезегінде дүниетаныммен тығыз байланыстылығын танытады. 

Дүниетаным  –  күрделі  де  қайшылықты  құбылыс.  Қазақ  философы  І.  Ерғали  оны  былайша 

анықтайды: «Дүниетаным дегеніміз – адамның дүниеге (әлемге) деген рухани қатынастарының негізі 

болатын және солардың бәрін жалпылама түрде қамтитын, адам мен әлемнің сан алуан ара қатынасын 

білдіретін ұғым» [3, 181]. Демек, ол өзінің пайда болуы және өмір сүруі жағынан қашанда адаммен 

және оны қоршаған, ол қарым-қатынаста болатын дүниемен тығыз байланысты. Ал «дүние» ұғымы 

Split by PDF Splitter


№ 3 (88) 2012

83

әр этностың болмысымен, әдет-ғұрпымен, шаруашылығымен тығыз қатынаста. «Тіл мен дүниетаным 



бірлігі»  туралы  идеяны  алғаш  Америка  этнолингвистері  Ф.  Боас,  Э.  Сепир  мен  Б.  Ли  Уорф  өз 

еңбектерінде негіз етіп алғаны белгілі. Кейін бұл «Сепир-Уорфтың ықтимал концепциясы» деген атқа 

ие болды. Бұл теория бойынша тіл дүниенің бейнесін жасайды, сондықтан адамның ойлау жүйесі де, 

дүниетанымы да осы дүниенің тілдік бейнесіне тәуелді. Яғни, сол тілде сөйлейтіндердің іс-әрекеті де 

осы тілдік бейнеге тәуелді. 

Қазақ мәдениетінде ерекше мәнге ие рухани қазына – көркем шығарма. Қандай да шығарма көркемдік 

мәнге ие болғандықтан, «ұлт тілі – ұлт дүниетанымы – көркемдік мән» формуласы әдістемелік ең 

қолайлы  жол  болып  табылады.  Тіл  мен  қоғамды  және  мәдениетті  байланыстыра  зерттеген  ғалым 

Ю.  Н.  Карауловтың  пікірінше,  «шығарма  мәтіні  және  көркемдік  мән  ұлттық  құндылықтармен 

тікелей  байланысты.  Нақтылай  айтсақ,  көркем  шығарма  тілінің  көркем  болып  шығуы  сол  ұлттың 

тіліндегі  танымдық  негізде  пайда  болған,  сол  халықтың  танымына  ғана  тән  ұғымдарға  тәуелді 

болып табылады» [4, 26]

 

деп тұжырым білдіреді. Ұлт болмысын танытатын сөздер Ә.Нұрпейісовтің 



көркем мәтінінде өзгеше қолданысқа ие болып, автордың дүниетанымдық ерекшелігін дәлелдейтінін 

анықтап отыр. Байқап отырғанымыздай, тілдік дереккөздер ретінде дүниетанымдық лексикалық қор 

құрамын  шығарма мәтіні де атқара алады. Сондай талапқа жауап беретін, дерек беретін көздердің 

бірі – Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романының көркем тілі. Аталмыш романдағы халық танымына 

байланысты тілдік бірліктер: ұлттық-дүниетаным, тәлім-тәрбие, мақал-мәтелдер, ұлттық символдар, 

қазақтың салт-дәстүрлері.

Ә. Нұрпейісовтің шығармасының тілі мен дүниетанымының бірлігін дәлелдей түсетін деректер, 

дәйектер, тұжырымдар, яғни ұлт мәдениеті мен танымын, тарихи түсінік қалпын танытатын өзіндік 

тілдік қолданыстарына назар аударсақ. 

Мәселен, «Сол күні бір үйдің ошағында от жанбаған» [5, 105], «Ата-ене босағасын ақ тілекпен 

аттаған  бұл  бейбақ,  осы  елдің  үлкенін  сыйлап,  кішіге  құрмет  көрсетпек  пе  еді?»  [5,  84],  «–  Ау, 

жездеке, есік алдында тұрып қалдың ғой, былай, төрге шық!» [5, 99], «...Сосын бұл табалдырықтан 

аттауын аттаса да, сонан артыққа батылы жетпей, есік алдында тұрып қалды» [5, 30] – мысалдар-

дан байқап отырғанымыздай халық танымының сипаты тілдік бірліктер арқылы романда көрініс та-

уып отыр. Босаға, табалдырық, төр т.б. – халқымыз үшін қасиетті ұғымдар болып табылады. Бұндай 

этнотілдік белгілер жалпы халыққа тән мінез-құлқы мен ана сүтімен дарыған адамдық қасиеттерін 

танытады. Егер киіз үй құрылымын – көшпенділердің дүниетанымы жүйесі ретінде қарастыратын 

болсақ, төр мен босаға маңызды біртұтастықты білдіреді. В. Махрипов төр генезисін жалпыалтайлық 

turo/toru – шамандық ағаш, жоғарғы жағы түндіктен шығар шамандық/бақсылықта өзіндік қызметі 

бар бақан ретінде айқындайды. Соңғысы киіз үйдің ішкі құрылымы мен жиһазында көрініс тапқан 

функционалдық өзгеріске ұшырап, төрге айналған деген пікір айтады [6]. 

Қазақ социумында төрге байланысты белгілі бір этикеттік нормалар қалыптасқан. Оның еуропалық 

мәдениетке қарағанда ерекше екендігі де белгілі. Жалпы «төр» мен «босағаны» қарама-қайшылықта 

қарастыру жоғары-төмен моделі бойынша динамикалық дамуы – жас мөлшерлеріне байланысты өмір 

жолы: балалар – төменде, ал үлкендер – төрде орналасу моделін көрсетеді. Қысқаша айтқанда, төр – 

құрмет символы болып табылады. Ал «босаға» қазақ дүниетанымында сыртқы әлемнен қорғаныш, 

ішкі берекелік пен тыныштықты сақтаушы ретінде танылады. Түркі халықтарында «босаға» жын-

шайтаннан, ішкі әлемді сыртқы әлемнен, өзінікін өзгеден сақтар қорғаныш қызметін атқарар босағаға 

байланысты түрлі тыйымдар бар екендігі белгілі. Мәселен, егер адам оны басып кетсе, қорғаушыны 

ренжітіп  немесе  мазалайды  деген  түсінік  болған.  Босағаны  үйге  бейімдеу  және  онымен  қоштасу, 

оған  сәйкес  туған  күнге  және  жерлеуге  байланысты:  босағада  тұрып,  тамақ  ішіп-жеуге  болмайды, 

бұл әке-шешелері қайтқан жетім балалардың істейтін ритуалымен байланысты. Ендеше, халықтың 

тұрмысымен біте қайнасқан этнотілдік деректер халықтың рухани өміріне сай өрбіп, жалпы адамзаттық 

мұралардың тууына зор себепші болады.  

Қазақ халқы даналығын, дүниетаным көзқарасын тілінде түйіндеген. Тоқсан ауыз сөзді тобықтай 

түйінге сыйғызып, сөзді үнеммен, қысқа да нұсқа қолдануды дағды еткен, оны өзінен кейінгілерге 

мұра етіп қалдырып отырған. Бүкіл рухани қазынасын жинақтап сақтайтын ұлттық тілді халықтың 

тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте ұстайтын лексикалық бірліктердің 

қатарында  –  мақал-мәтелдер,  нақыл  сөздер  жатады.  Тілдегі  мақал-мәтелдер  мен  нақыл  сөздер  – 

халқымыздың  рухани  көрсеткіші,  бейнелі  айшығы.  Олар  халық  өмірін,  философиялық  түсінігін, 

тіршілік  тынысын,  ерлік  рухын,  әдет-ғұрпын  кеңінен  қамтыған.  Академик  Ә.Қайдардың:  «Мақал-

мәтелдер де этнолингвистика арналарының ең құнарлы бұлақтарына жатады. Әрбір мақал-мәтелдің 

бойына этнос болмысына, оның рухани заттық мәдениетіне, дүниетанымына, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, 

Split by PDF Splitter



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

84

наным-сеніміне  т.б.  қатысты  бай  информация  жинақталғанын  ескерсек,  олардың  этнос  болмысын 



танып-білуге қосар үлесі зор» [7, 25] деген тұжырымы роман тіліндегі лексикалық бірліктер арқылы 

дәлелденіп отыр. Мәселен, «Ас – адамның арқауы, ас алыңыз!» деймін-ау» [5, 163], «Солар еді ғой «у 

ішсең – руыңмен» деген» [5, 97], «Алыстағы алты жасар бала келсе, алпыстағы шал арнайы барып 

сәлем береді» деген бұрыңғы қазақ» [5, 185], «Иә, Жәдігержан, баласы жоқтың қайғысы – біреу, баласы 

барда – мың қайғы» [5, 184], «Тура биде туған жоқ» [5, 242], «Айтқаның келсін, шырағым, «жақсы 

сөз – жарым ырыс» деп...» [5, 236], «Бұрынғылар «боқ болсаң да, көп бол» демеп пе еді?» [5, 237], 

«Ақырзаман боларда су тартылар, қарап тұрған жігітке қыз артылар» деген сандырағы рас болғаны 

ма?» [5, 131] т.б. - тәрізді мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді ұлттық ерекшеліктерді танытатын тілдік 

бірліктер қатарына жатқызуға болады. Бұл тілдік бірліктер – халықтың өмірден алған тәжірибесінің 

жиынтығы, ой-тұжырымының қорытындысы. Яғни халық танымымен тікелей байланысы бар мақал-

мәтелдер мен нақыл сөздер ұлттық менталитетті танытатын тілдік көрсеткіш болып табылады. 

Ұлттың  айнасы  –  тіл  десек,  сол  ұлт  тілі  көркем  әдеби  шығармаларда  ұлттық  дүниетанымның 

көрінісін береді. Сол ұлттық дүниетаным, автор қолданған сөздердің табиғи сыры, мағыналық дамуы 

мен тілдік қолданыс аясы романында көрініс беретіні анықталып отыр. Ә.Нұрпейісов шығармасында 

ұлттық символика молынан берілген. Символ – қашанда бір нәрсе арқылы екінші нәрсені бейнелеу. 

Символ – этномәдениетке тұрақты, сондықтан оның өкілдерінің бәрі дәстүрлі символизм деп түсінуге 

тиісті. 

Адам  санасының  дамуымен  байланысты,  дүниетанымының  тереңдеуінің  нәтижесі  болып 

табылатын ерекше танымдық белгі, таңба – символ екендігі белгілі. Символдың қалыптасу тарихы 

тым  арыда  жатса  да,  бүгінгі  күні  «символ»  ұғымының  ауқымы  кеңейіп,  лингвистика,  философия, 

семиотика,  психология,  әдебиеттану,  мифопоэтика,  фольклористика,  мәдениеттану  т.б.  ғылым 

салаларының негізгі нысанына айналған. Символды зерттеушілер әр ғылым саласына байланысты 

мақсатпен қарастырғанмен, барлығы дерлік символды адам танымынан тыс дүниені бейнелеу, идеяны 

көрнекті тілдік модель арқылы көрсету деп біледі. Осыған орай,  А.А.Потебняның: «жеке тұлғаның 

еркіне  қарай  емес,  символды  халықтық  көзқараспен,  таныммен  бірлікте  қарайтын  тілге  қатысы 

жағынан  символдарды  тәртіпке  келтіруге  болады»  -  деген  пікірін  және  В.Гумбольдтың  «Символ 

ұғымы тілде, сөз жоқ кең» ой-тұжырымын келтіруге болады. Мәселен, романдағы халықтың өзіне тән 

белгі – ұлттық символизмдерге тоқталсақ. 

«...Сары Шая бағана жүріп кеп шүйінші сұрағандай айтып кетті» [5, 230], «Ақ сары әйелдің көмейінен 

түйдек-түйдек шығып жатқан сөздердің жоқтау екені де, зар екені де белгісіз» [5, 84], «Құдды тай 

жарысын қызықтап, дауылдасып жатқан думандай» [5, 182], «Бұл ауылдың балалары кеше аяғы бірге 

шығып, тұсауын бір күнде кескен құрбыларын іздесе кейін іздейді» [5, 81], «Сонан көктем шығып жер 

аяғы кеңігесін, кәделі айт-тойларда осы өңірдің халқы бір-біріне қайықпен су арқылы да...» [5, 25], 

«Сыбағалы малыңды жеп кет» [5, 218], «Жорыққа аттанған жігіттер әлдеқашан сүйегі қурап қалған 

қабырдың басына түнеп бата тіледі» [5, 119] – бұл мысалдардағы сүйінші (шүйінші)  тілдік бірліктер 

– қуанышты жеткізетін адамға берілетін сый-сияпат, жоралғы. Сүйінші сұрау, сүйінші беру негізінде 

биік парасат, терең адамгершілік арқауы жатыр. Өзгенің қуанышына ортақтасып, өз қуанышындай 

қабылдауға тәрбиеленген халқымыздың сұлу рухы танылады. Ал тұсау кесу – бала өміріндегі үлкен 

мәнге ие болатын ырым. Тұсау – аяқты еркін бастырмайтын кедергі, байлау. Жұрт алдында соны тастау 

керек. Бұл ырым – баланы тосқауылдан құтқарудың нышаны. Тұсау кесер ел ішінде ежелден тараған 

көне дәстүр. Мұнда ала жіпті пайдаланудың өзіндік символикалық мәні бар. Біріншіден, біреудің ала 

жібін аттамау ұғымын білдірсе, екіншіден, ғаламның құбылып, алмасып, күн мен түннің ауысуын, 

тіршіліктің  ағы  мен  қарасы,  жақсылық  пен  жамандықтың  алма-кезектігін  білдірген,  соны  сәбидің 

болашақ өмірінде жеңе білсін деп тілейді. Не болмаса, жоқтау сөзінің мағынасы тура мағынасының 

негізінде қалыптасқан туынды, образды мағына. Мұның астарында бардың жоғалуы, болған нәрсенің 

ғайып болуы, өткен адамның қадір-қасиеті, орнының толмастығы, жеткіліксіздігі, өксікті зар айқын 

аңғарылады. Жоқтаудың негізгі мәні осында деп айтуға болады. Ал жоқтау айтылмаса, жанашыры, 

жоқтаушысы жоқ деп кінә артқан, кешірілмес айып деп қабылдаған, жеріне жеткізе сөккен. Сөздің 

құдырет күшіне деген сенімді қазақ танымындағы батадан байқаймыз. «Батамен ел көгерер, жауынмен 

жер көгерер» дейді халық. Бата – ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, талапты жастарға, көптің 

жүгін көтерген адамдарға немесе үлкендер жақсы ісіне разы болған жағдайда берілетін ұлы адамдар 

мен ел ақсақалдарының ақ тілегі әрі өмірлік жолдамасы. Батаның оң, теріс түрлері болады. Оң бата 

алғыс алған адамның жолы оңғарылып, ісі сәттілікпен аяқтылып отырады, керісінше, теріс бата алған, 

қарғыс естіген адамның басына қауіп төніп, болашақта көп қиындыққа кездеседі. Бұл мысалдар әрі 

Split by PDF Splitter


№ 3 (88) 2012

85

жазушы  шеберлігінің,  әрі  дүниетанымдық  сөздерді  орынды  қолдану  арқылы  қазақ  дүнитанымына 



сәйкес мәндегі сөздерді көрсетудің дәлелі болып табылады.  

Байқап отырғанымыздай, ұлттық символдарды тіл мен мәдениет сабақтастығында қарау негізінде 

оның  астарынан  халықтық  терең  дүниетаным,  түсінікті,  ұлттық  сана  мен  парасат-пайымды, 

эстетикалық көзқарас пен адамгершілік құндылықтарды ғасырлық тәлім-тәрбиені танимыз. Мұның 

бәрі қысқа да нұсқалы түрде тіл жүйесінде когнитивтік құрылым ретіндегі символда сақталған.

Ұлт  дүниетанымына  қатысты  тілдік  уәждердің  ұлт  тілінің  бойынан  молынан  табылатындығын 

дәлелдеу  үшін  кез  келген  тілдің  негізінде  сол  ұлт  дүниетанымына,  әдет-ғұрпы  мен  салт-дәстүріне 

қатысты  лексикалық  қолданыстардың,  фразеологиялық  бірліктердің  қалыптасатыны  туралы 

тұжырымдар  жеткілікті.  Мұндай  тілдік  деректер,  ұлттық  танымның  қыр-сырын  барынша  толық 

жеткізуге  тырысқан,  өз  шығармасында  ұлттың  тыныс  тіршілігін  суреттеуді  жан-жақты  халық 

тарихымен, мәдениетімен байланыстыра отырып жеткізуге ұмтылған белгілі жазушы Ә. Нұрпейісов 

романында  баршылық.  Оларда  қазақ  елінің  руханияты,  салт-дәстүрі,  материалды  және  рухани 

мәдениеті,  дүниетанымы  жөнінде  жиынтық,  ақпараттар,  құндылықтар  сақталған.  Басқаша  айтсақ, 

лингвомәдениеттанымдық тілдік бірліктерде лингвомәдени кодтар

 

бар, сол кодтар этнолингвистикалық, 



лингвомәдени талдау арқылы ашылады. «Ұлттық нышандардың сақталу тәсілдері «мәдени кодтар» 

деп  аталады.  Бұл  кодтардың  көрінен  тұсы  –  топонимдік  атаулар  мен  тарихи  тұлғалар  аттары  ғана 

емес, сонымен қатар күнделікті тұрмыста қолданылатын ұлттық атаулар» [8, 29].

Әдетте кодтағы мәдени компоненттер міндетті түрде сөздердің мағыналық құрылымында кездесе 

бермейді. Сондықтан лингвомәдени кодтарды ашу үшін экстралингвистикалық (лингвистикадан тыс) 

мағлұматтарды пайдалануға тура келеді. 

Мысалы, «– Апа-ау, марқұм әкем өле-өлгенше өзіңді төбесіне шығарғанда үндемеуші едің ғой?» 

[5, 95]. «– Ой, сорлы-ай! Беттен алғанды батырлық көресің-ау. Пайғамбар жасына келдің...» [5, 33]. 

«Тақа болмаса,  моллалармен бірге пәленшекем – түгеншекемнің жаназасына кіріп, ақ арулап, ақирет 

сапарына шығарып салғандарын айтып, қасындағы кісіге жалтақтап отырғаны» [5, 20-21]. «Құдай 

алмағансын сендермен бірге әзір таң атырып, күн батырып, қара жерді қатар басып жүргені болмаса, 

кәрі анаңда ендігі ұрпақтың көшіне ілесер не қауқар қалды дейсің» [5, 95], «Тарыққан асыл дүние 

талшық  болуға  жарамағанда,  аруағыңнан  айналайын  қайным»  [5,  247]  т.б.  шығармада  кездесетін 

сөздердің  мағынасы  белгілі  болғанымен,  олардың  лингвомәдени  мәнін  ашу  үшін  лексемалардың 

кодтарын мифологиялық санамен байланыстыра, аруақ, о дүние, ата-баба культімен, табынушылық 

сенімдермен, магиямен байланысты ашуға болады. Халықтың өткен өмірінің әлемі және қайталанбас 

суретін танытатын лексемалардағы мәдени кодтардың сақталғанын көріп отырмыз. Қазақ мәдениеті 

өзінің  генезисін  сан  ғасырлық  тереңдіктен  -  өзінің  прототипі  болып  табылатын  қазақ  халқының 

этногенезін құрайтын тайпалар мен халықтар мәдениетінен бастау алады. Архаикалық дүниетаным, 

әлемдік модельде көрініс тапқан қоршаған ортаның жүйелілігінің қозғаушы күші болып табылатын 

мифология – моральды рухани құндылықтардың шынайы қайнар көзі. Мифологияда, фольклордың 

түрлі формаларында, әдет-ғұрып пен мәдениетте көрініс тапқан дүниетаным өзінің тереңде жатқан 

құрылымында әмбебап сипатта болады. Географиялық ерекшеліктер, діни көзқарастар мен ұлттық 

мәдениет әр ұлттың өзіне тән дүниетанымын құрайды. Олар тілде көрініс табады. 

Сол сияқты, «Ақтық дем алқымға таялған үмітсіз науқасқа жиналған бақсы, балгер, құшнаштай 

бал  ашқан  сәуегейлер  көбейді»  [5,  85],  «Сен  тек  сол  арада  аузың  жыбырлап,  әлдебір  құдыретке 

жалбарынып келе жатқаныңды білген жоқсың» [5, 62], «Шүкір. Біздің ендігі тірлігіміз белгілі ғой: 

отырса да – тәубә, тұрса-да тәубә – қабағыңда кірбің бар ма? – қалай?» [5, 100], «Қазіргі түрі көз 

ашқаны ораза, намазды қаза жібермей, Құдай жолын тұтынған пірәдар біреудей» [5, 27], «Сүйтетін 

келген таяқты жанына қойып, өлі аруаққа бағыштаған дұға ма, ....» [5, 159], «Әй, қатын, есітемісің, 

мына бала көріпкелі бар ма, дәл тапты, – деп мәз боп...» [5, 172], «Е, ол қашан етегі ашылмаған періште 

боп тымпиып отырып еді?» [5, 171], «Сосын сүйегі баяғыда қурап қалған ата-бабаның бейіті» [5, 259], 

«Әне бір азаматтың оң жаққа салған бейбақтың бетін құбылаға бұрған» [5, 84] т.б. – мысалдардағы 

лексикалық бірліктерде код түрінде жинақталған, сақталған мәдени компоненттер ұлттық сипатқа, 

нышанға ие. 

Кез келген этностың мәдениеті, рухани құндылықтары әрқашан ұлттық болмысымен ерекшеленеді. 

Қайсыбір ұлттың өзіндік рухани мәдениеті қашанда алдымен тілде таңбаланады. Осыған байланысты 

ұлттық мәдениеттің, халық өмірінің феномені ретінде тілді зерттеудің өзі заңдылық болып табылады. 

Рухани мәдениетпен байланысты көптеген лексемалар тілдік (когнитивті) сананың жемісі іспеттес. 

Сонымен, жазушы шығармасының тіліндегі мұндай тілдік қолданыстар әрі ұлттық мәдениеттің де 

Split by PDF Splitter


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

86

көрінісін көрсетеді. Себебі тілдің мәдениеттану тұрғысынан алып қарағанда да ұлт тарихына қатысты 



шығарма тілінде осындай сипаттағы сөздер ретінде жиі қолданыс табуы және ол сөздер тобының ұлт 

тарихын, мәдениетін, тұтастай болмысын көрсетуге қызмет ететіні анықталған. 

Шын мәнінде, жазушының көркемдік және тілдік шеберлігін танытатын тілдік бірліктер – өзіндік 

дүниетанымы мен көркем сана болмысынан хабардар етуде. Сол арқылы Ә.Нұрпейісов шығармасының 

тілдік  қолданысы,  ондағы  өзіндік  ерекшеліктер  ғана  емес,  жалпы  ана  тілін  қолданушы  ретіндегі 

Ә.Нұрпейісовтің тұлғасы айқындала түспек. Көркем шығармадағы лексикалық бірліктер – танымдық 

деңгейде белгілі бір этномәдени ұжымның, ұлттық дүниетанымдық білімі мен ұғымының көрінісін 

береді.  Сонымен  қатар  ол  ұлттық  мәдени  құндылықтарды,  ұлттық  менталитетті  (ділді),  ұлттық 

психологияны меңгерген және оны келер ұрпаққа бере алар мол мұра екендігі танылып отыр.  

ӘДЕБИЕТТЕР

1.  Ислам  А.  Ұлттық  мәдениет  контексіндегі  дүниенің  тілдік  суреті  (салыстырмалы-салғастырмалы 

лингвомәдени сараптама): Фил. ғ.д. ... автореферат. – Алматы: Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ, 2004. –  54 б. 

2. Фролов Д. Абу Хайан ат Таухиди Диалоги // Восток-Запад, 1988. –  С. 26-30. 

3. Ерғали І. Қазақ дүниетанымының негізі ұғымдары. – Астана:

 

Елорда, 2003. – 283 б.



4. Караулов Ю. Руский язык и языковая личность. – Москва: Прогресс, 1987. – 261 с.

5. Нұрпейісов Ә. Соңғы парыз. – Алматы: Жазушы, 1999. – 472 б.

6.  Махрипов В.У. О происхождении и развитии значений термина «Tor» «почетное место» в тюркских языках 

// Мат-лы Междун.научно-прак. Конференции «Мир языка». – Алматы, 2002, -С. 163-167.

7. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 303 б. 

8. Абакова Р. Фразеологиялық семантика. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 152 б.



Редакцияға 12.12.2012 қабылданды.

Г.Т. ӨТЕЛБАЙ 

НЕМІСТІЛДІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ: ОҚУ ҚҰРАЛЫН ЖАСАУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ

The Articles discusses the experience in writing a textbook for Kazakh for Germans. The Author proposes 

new methods of learning Kazakh and informative materials in Kazakh language.  

Қазақстан  Республикасы  қол  жеткізген  тәуелсіздік  мемлекеттік  тілдің  мәртебесін  өсірді.  Қазақ 

тілінің қолданыс аясы кеңейіп, оны меңгеру күнделікті қажеттілік пен сұранысқа айналды. Мемлекеттік 

тілді  оқыту  тек  білім  орындарында  ғана  емес,  әртүрлі  мемлекеттік  мекемелер  мен  жекеменшік 

ұйымдарда жүзеге асырыла бастады. Тілді оқыту әдістемесін жетілдіру жұмыстары жандандырылып, 

оқу-әдістемелік кешендер, оқу құралдары, оқулықтар мен сөздіктер шығару жұмыстары респулика 

аумағында жүйелі түрде қолға алынды.

Алайда ол еңбектердің дені Қазақстандағы орыстілді ортаға арналып даярланды. Заман ағымына 

сай елімізде шетелдік елшіліктер, ұйымдар, кәсіпорындар ашылып, жұмыс істеуіне байланысты қазақ 

тілі  құралдарын  әзірлеуге  қосымша  сұраныс  пен  талап  пайда  болды.  Французтілді,  ағылшынтілді, 

немістілді,  тағы  басқа  аудиторияларға  арнап  оқу  құралын  әзірлеу  күн  тәртібіне  қойылып,  оларды 

дайындау әзірше бастамашыл мамандардың еңбегімен ғана жүзеге асып келеді.  

Сөзімізге дәлел ретінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» мәдениет және рухани даму институты 

үйлестіруімен  және  «Аджип»  ҚКО  қаржысымен  шығарылған  «Француз  аудиториясына  арналған 

қазақ тілі» (авторы С.Жұматай), «Ағылшын аудиториясына арналған қазақ тілі» (авторы С.Сәтенова), 

«Неміс аудиториясына арналған қазақ тілі» (авторы Г.Өтелбай) құралдарын атауға болады [1].

Біз бұл жолы «неміс тілінде сөйлейтін қауымға қазақ тілін үйрету үшін оқу құралын қалай әзірлеуге 

болады?» деген сұрақ төңірегінде алғашқы тәжірибемізді бөлісуді жөн көрдік.  

Қазақ тілін оқытуға бағытталған біздің оқу құралымыз немістілді тыңдаушылардың, үйренушілердің 

барлық  деңгейіне  арналған.  Бұл  оқу  құралының  көмегімен  қазақша  үйренгісі  келетін  немістілді 

азаматтар өз бетімен де, оқытушының жетекшілігімен де тілдік дағдыларын қалыптастыра алады. 

Оқу  құралының  мақсаты  –  тыңдаушылардың  лексикалық  тақырыптарға  қатысты  сөздік  қорын 

дамыту,  сұхбаттасу  қабілеті  мен  негізгі  сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыру  және  грамматикалық 

нормалар мен заңдылықтар негізінде сауатты жазуға бейімдеу. 

«Неміс  аудиториясына  арналған  қазақ  тілінің»  (Kasachisch  für  Deutschen)  10  сабақты  құрайтын 

бес бөлімнен  (5 Lektionen) және 50 сабаққа арналған оқу материалынан (Lehrstoffe für 50 Stunden), 



Split by PDF Splitter




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал