6.
Об утверждении Государственного протокола Республики Казахстан. Указ
Президента РК от 12 октября 2006 г. №201
7.
Михалькевич Г.Н. «Протокол и этикет международного общения». Минск РИВШ,
2009
8.
Борунков А.Ф. Дипломатический протокол в России. - М., 2015.
9.
Батыршаұлы С. Дипломатиялық қызмет және халықаралық қатынастар. Астана,
2011.
10.
Шеламова Г. М. Этикет делового общения. Академия - Москва, 2016. - 192 c.
Мультимедиялық материалдар,
электрондық кітаптар
(сілтемесін көрсетіңіз)
11.
http://www.prometeus.nsc.ru/acquisitions/09-07-07/cont09.ssi
12.
https://www.imemo.ru/files/File/ru/publ/2009/09016.pdf
13.
http://vasilievaa.narod.ru/ru/stat_rab/book/Gos_reg_upr_Utkin_Denisov/2-29.aspx.htm
14.
https://www.imemo.ru/files/File/ru/publ/2015/2015_004.pdf
15.
http://interaffairs.ru/read.php?item=8334 – Международная жизнь.
6. Дәрістер кешені
№1 дәрістің тақырыбы:
Кіріспе
Сағат саны:
1
Дәрістің мақсаты:
этикет ережелерінің қалыптасу тарихын қарастыру.
Терминдер мен анықтамалар.
Халықаралық қатынастар. Дипломатия. Мақсат-
міндеттер. Дипломатиялық құжат ұғымы.
Этикет нормалары.
Дәрістің топтама-тәсімі.
Пәннің негізгі мақсаты мен міндеттері. Этикет және хаттама
түсінігі. Дипломатия түсінігі. Дипломатия ғылым және өнер ретінде. Дипломатиялық
хаттама және этикет – ресми қатынас мәдениеті. Хаттама оның дипломатиялық
қатынастардығы маңызы.
Адамзат тарихында қоғам мен жеке адамның әрбір мемлекеттің өмірінде
халықаралық қатынастар ежелден өте маңызды орынға ие болып келеді. Өйткені
ұлттардың шығуы, мемлекетаралық шекаралардың құрылуы,
саяси тәртіптердің
қалыптасуы мен өзгеруі, әртүрлі әлеуметтік құрылымдардың орнығуы, мәдениеттің
артуы, ғылымның, өнердің, техникалық үрдістің, тиімді экономикалық дамуы сауда,
қаржы, мәдени және басқа да байланыстармен, мемлекетаралық одақтармен,
дипломатиялық түйісулермен және де басқа алмасулармен, түйінін айтқанда халықаралық
қатынастармен тікелей байланысты болады.
Қазіргі жаһандану дәуірінде барлық елдердің
өндірістің көлемі мен сипатына,
өнімнің түрлері мен олардың құнына, адамдардың құндылығы мен мұратына әсер ететін
бір - бірімен тығыз шырмалған, көпқырлы өзара әрекеттестіктің тармақтанған торабында
олардың мәні тіптен де өсе түсуде.
Күнделікті мемлекеттік қызметтің ерекше бір түрі ретінде дипломатия XIV-XVII
ғасырдың тоғысында кең етек алғаны белгілі. Сол кезден бастап мемлекет билеушілерінің
сарайларында тұрақты дипломатиялық өкілдіктер пайда болып, мемлекеттік мекеме
жүйесінде - мемлекеттер арасындағы хат алмасумен айналысатын, шетелдік өкілдер мен
елшілерді қабылдайтын, келіссөз жүргізетін және басқадай да мемлекетаралық істерді
орындайтын арнайы қызмет қалыптасты.
Дипломатия сыртқы саясаттың бөлінбес бөлігі ретінде тек қана келіссөздермен ғана
шектеліп қоймайды. Жалпы қабылданған анықтама бойынша мемлекеттің сыртқы
саясатын жүзеге асыратын құрал ретінде дипломатия
- бейбіт шаралардың жиынтығын,
нақтылы бір мәселелерді шешуге арналған қабылдаулар мен әдістерді білдіреді, шетелдегі
мемлекет және үкімет басшыларының, сыртқы істер министрлігінің, сыртқы істер
мекемелерінің, дипломатиялық өкілдіктердің ресми қызметі, мемлекеттің сыртқы саяси
мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырушы өкілдерінің халықаралық мәжілістердегі
қызметі, сонымен бірге мемлекеттің шетелдегі мекемелері мен азаматтарының құқықтары
мен мүдделерін қорғауға арналған қызметі.
«Дипломатия» ұғымын халықаралық қақтығыстардың алдын алу немесе реттеу,
өзара тиімді
шешімдер мен мәмлеге келу, сондай ақ халықаралық ынтымақтастықты
кеңейте және тереңдете түсу мақсатында келіссөз жүргізу өнерімен де байланыстырады.
Яғни, дипломатия ұғымы мемлекет басшыларының, мемлекеттік биліктің жоғарғы
мекемелерінің, сондай-ақ сыртқы қатынастар мекемелерінің жан-жақты сыртқы саяси
қызметінің барлығын қамтиды. Келіссөздер мен басқа да бейбіт құралдарды пайдалана
отырып, халықаралық аренада өз елінің мүддесін қорғайды. Сол негізде дайындалатын
дипломатиялық құжаттарды жан-жақты талқылау барысында әлемдік дипломатиялық
тәжірибеде қолданылатын дипломатиялық құжаттардың рөлі мен мәнін, құрастырылу әдіс
тәсілдерін жан -жақты танып білу мақсатында көптеген дипломатиялық құқықтың негізін
қалаған халықаралық құжаттар мен әлемдік авторлардың
ғылыми еңбектерін қарастыру
өте қажет. Әрине ең алдымен 1961 жылғы 18 сәуірде қабылданған Дипломатиялық
қатынастар
жөніндегі
Вена
Конвенциясы
мен
Қазақстан
Республикасының
Дипломатиялық қызметі туралы заңы және 2002 жылдың 7 наурызында осы заңның
толықтырылған мәтінімен танысу өте маңызды екендігі сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: