Дипломатиялық қабылдауларға тек ресми лауазымдағы адамдар ғана шақырылады. Бұл мерекелер қатаң ресми болып табылады. Мұндай банкеттерде артықшылық шақырылған адамның жынысына емес, әлеуметтік жағдайына беріледі.
Шақыру- оны басқаға беруге құқығы жоқ нақты тұлғаларға арналған. Себебі, қонақтардың дастархан басына орналасу реті олардың орындарына қарай белгіленеді. Шақыру қабылдаудың сипатын көрсетеді (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас). Дипломатиялық банкетті ұйымдастыру тапсырыс қабылдаудан, өткізуге дайындықтан және қызмет көрсетуден тұрады. Тапсырысты қабылдау кезінде өтетін орын, күні, басталу және аяқталу уақытынан басқа, залда мемлекеттердің туын ілу керек пе, үстелге микрофон орнату керек пе, оркестрдің орындауы керек пе, микрофон керек пе? Қонақтар кеткенде көліктерді шақыру