Жыртқыштар отряды (Carnivora bowdich, 1821).
Жыртқыштар– сүтқоректілердің бір отряды. Австралия (тек жерсіндірілген түрлері ғана бар) менАнтарктидадан басқа құрлықтардың барлығында кең таралған. 12 тұқымдасы, 235-ке жуық түрі анықталған.Қазақстанда 5 тұқымдасы (ит, аю, жанат, сусар, мысық), 14 түрі бар.
Жыртқыштардың барлық құрлықта кең таралған шаруашылықта маңызы үлкен. Көпшілігі кәсіптік және әуесқойлық жолмен ауланады. Салмағы 250 г-нан (аққұлақ) 250 кг-ға (аю) дейін барады. Әр аяғында 4 – 5 башайы болады. Құйрығының ұзындығы дене тұрқының жартысындай, кейде одан қысқарақ. Жүні ұзын әрі қалың, әр түсті болады. Жыртқыштардың азу тістері жақсы дамыған. Аталығы мен аналығының жыныстық диморфизм айырмашылығы аз, не мүлдем байқалмайды. Иіс және есту мүшелері жақсы жетілген. Қорегін таңертең, көбінесе іңірде немесе түнде аулайды. Жылына 1, кейбір түрлері 2 – 3 рет, кейде 2 жылда 1 рет балалайды. Күшіктері нәзік, қызылшақа болып туады. Жыртқыштардың арасында кәсіптік маңызы бар, терісі пайдалы (Бұлғын, Кәмшат, Ақкіс, Қара Күзен, т.б.) не зиянды кемірушілерді жеп пайдасын тигізетін, сондай-ақ Ауыл шаруашылығына, Аңшылыққа зиян келтіретін, ауру тарататын түрлері де бар. Жыртқыштардың кейбір түрлері (Қызыл қасқыр, Тянь-шань қоңыр аюы, Барыс, Қабылан, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Достарыңызбен бөлісу: |