Қасқыр (Canus Lupus Linnalus, 1758).
Қасқырлардың биоценозда алатын орны ерекше. Көбіне жабайы аңдардың ақсақ-тоқсағын, ауру-сырқауын ұстап, табынды тазалап отырады. Терісінен ішік, жылы аяқ киімдер тігіледі. Қазақстанда қасқыр санын азайту үшін жылына оның 30-35 мыңдайын бағалы терісі үшін аулап отыру қажет. Қасқырлар өзен, көл, арық пен канал бойындағы тоғайлар мен қалың қамыстарды мекендейді. Қасқыр — дала тағысы. Киелі саналатын көкбөрі тұқымына қатысты тағы бір дерек, ол — оның отбасына беріктігі. Қасқыр бір ғана отбасына ие және ол — бөлтірік тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан. Ауыздандыру, бөлтірігін көкжалға айналдыру, бәрі-бәрі — осы ата қасқырдың құзырындағы міндет. Өзге хайуандарда жоқ осы қасиеттер киелі жаратылыс иесін әр кез даралап тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |