1.2 Терісі қымбат аңдардың түрлік құрамы және таралуы
Жануартекті азықты көбірек пайдаланатын сүтқоректілер тобы аңдар деп аталады. Аңды сүтқоректілердің күректістері ұсақ, иттістері әрі үлкен, әрі үшкір болады. олардың көпшілігінің азу тістерінің алдыңғы жағында басқаларынан ерекше үлкен тіс - жыртқыш тісі болады. Аңлылар өздері жәукемдейтін жануардың етін осы жыртқыш тісіне салып жұлмалайды, сондықтан да бұл тіс аңлылар тісі деп аталады.
Аңлылар сүтқоректілер негізінен құрлықта өмір сүреді алайда, қарасусар, кәмшат – тұщы су қоймаларында, ал сукәмшат – теңізде тіршілік етеді. Бұлардың көпшілігі бағалы үлбірі үшін ауланады. Өте сирек кездесетін 36 түрі және 20 түр тармақтары ХТҚО – ның 9 түрі және 15 түр тармақтары бұрыңғы КсРО – ның 13 түрі Қазақстанның қызыл кітабына тіркелді.
Қазіргі уақытта 43 түрі бұрыңғы КсРО – да, 25 түрі біздің республикамызда мекендейді. Аңлы сүтқоректілер классы 5 отрядқа 7 тұқымдасқа бөлінеді. Солардың ішінде жыртқыштар және кеміргіштердің кейбір тұқымдастардың өкілдерімен танысып өтеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |